Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ліқұлов Зерекбай, Астана: Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2012. 95– бет.




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Білім және ғылым министрлігі

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Табиғаттану ғылымдарының факультеті

Биотехнологиясы және микробиология кафедрасы

 

СІМДІКТЕР БИОХИМИЯСЫ

Пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКС

 

5В070100 Биотехнология мамандығының

екінші курстың студенттері үшін

 

Астана – 2012

 

 

Кафедраның әдістемелік секциясында қарастырылды,

 

Хаттама № 1 «_ 26 _» ____ 08 ______2012г.

Құрастырушы: доцент, б.ғ.к. Әліқұлов Зерекбай

 

 

Оқу-әдістемелік комплексте өсімдіктердегі белсенді және құрылымдық биологиялық молекулалар және өсімдік клеткасында жүретін биохимиялық процестер туралы оқудың бағдарламасы көрсетілген, оның мақсаты және тапсырмалары анықталған, сол процестердің қолданбалы мәселелері қарастырылған.

 

Сімдіктер биохимиясы

 

ліқұлов Зерекбай, Астана: Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2012. 95– бет.

 

© Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

2012 ж

 

 

«Өсімдіктер биохимиясы» пәнінен бакалаврлар үшін силлабус

Мамандық 5В070100 «Биотехнология»

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

1) Курс оқытушысы: ӘліқұловЗерекбай, өсімдіктер биотехнология және микробиология кафедрасыныңдоценті. Телефон: 709500-(33-143) (жұм.) Zer-kaz@mail.ru.

Ғылыми қызығушылығы. Металлоферменттер, тотығу стресі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделудің биохимиялық механизмдері, өсімдіктердің белсенді биологиялық қосылыстары.

Ғылыми мектеп: ССРО ҒА А.Н.Бах атындағы биохимия институтының аспиранты, Магдебург (Германия), Бен-Гурион (Израиль) және Натал (ОАР) университеттерінде шақырылған профессор, Байройт университетінде (Германия) Александер-фон-Гумболдт стипендиаты.

2) Курстың атауы: «Өсімдіктер биохимиясы» пәнінің коды: ОВ 4216кредит саны: 3

3) Уақыты: кесте бойынша Семестр: 5

4) Оқу пәнінің деректемелері: Бұл пәнді тиімді игеру үшін бейорганикалық және органикалық химияның негіздерін, өсімдіктер беретін биологиялық белсенді заттарды, өсімдік жасушасының құрылысын, өсімдік физиологиясын, өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз факторларына бейімделуін білу қажет.

5) Пәннің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің сипаттамасы: Өсімдіктердің жасушаларының ерекшеліктерімен, бейорганикалық және органикалық химияның негіздерімен, қазіргі физикалық әдістердің принциптерімен, өсімдіктерден алынатын биологиялық белсенді қосылыстар және дәрумендермен, биологиялық макромолекулалардың жаңа түрлерін құрастыру жолдары және олардың қолданбалы бағыттарымен таныстыру.

5.2. Курстың мақсаты: Теориялық курсты, зертханалық және практикалық сабақтарды өту нәтижесінде студенттер өсімдіктердің жасушалары мен ұлпаларының құрылысы мен құрамына кіретін биологиялық молекулалармен танысып, биологиялық макромолекулалардың құрамы туралы мәлімет алып. олардың синтезін реттейтін және іске асыратын биомолекулалармен, олардың шикізаттарының, олардан түзілетін биологиялық белсенді қосылыстардың түрлерін, өсімдік ұлпаларында жүретін процестерді физиологиялық жолмен реттеу және басқару жолдарын меңгереді.

5.3. Курстың міндеттері мен мазмұны:

• Күрделі биологиялық молекулалардың құрамына кіретін қарапайым молекулалар және элементтермен танысу.

• Биологиялық катализатор қызметін атқаратын макромолекулалардың алуан түрлілігімен, мөлшерінің көптігімен, олардың белсенділігі мен синтезінің реттелу ерекшелігімен танысу. Оларды биологиялық синтездерге пайдалану жолдарын оқып білу.

• Тұқым қуалаудың негізі болып табылатын молекулалардың құрылысымен, синтезделу ерекшеліктерімен, олардың жаңа түрлерін құрастыру арқылы биологиялық қосылыстардың синтезделу жолдарын терең түсіну.

• Дәрілік, дәрумендік және басқа биологиялық маңызды қасиеттері бар өсімдіктердің екінші қатардағы заттарының синтезделу және оларды бөліп алу жолдарымен танысу.

• Емдік және басқа да юиологиялық қасиеттері бар заттар мен ферменттерді синтездей алатын өсімдіктердің жасушасы мен ұлпаларының жаңа түрлерін алу технологиясымен танысу.

 

5.5. Пәннің оқыту жоспары:

Апта № Сабақтың тақырыбы Сағат саны СӨЖ, МСӨЖ темалары  
        Амин қышқылдары және пептидтер.     Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Азотфиксация – барлық тірі организмдер үшін азотты атмосферадан алып беретін процесс. Нитрат ассимиляциясы - барлық тірі организмдер үшін азотты топрыақтан алып беретін процесс
  Ферменттер және олардың маңызы.   Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Табиғаттағы азот айналымы – нитрификация және денитирификация процестері.
        Нуклеин қышқылдары және олардың биологиялық маңызы.     Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Фотосинтез - барлық тірі организмдер үшін көміртегіні атмосферадан алып беретін процесс. Фотосинтез - барлық тірі организмдер үшін оттегі мен сутегіні судан алып беретін процесс.
    ДНҚ-ның еселенуі немесе репликация.   Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Металлопротеиндер және металлоферменттер, олардың маңызды өкілдері. Темір атомы қатысатын биохимиялық процестер.
  Транскрипция. РНҚ-ның түрлерінің синтезделуі.   Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Микроэлементтер және ауыр металдардың улығының биохимиялық механизмі.
  РНҚ-ның процессингі. Транскрипцияның реттелуі. Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат РНҚ-интерференциясының маңызы
    Белок синтезі немесе трансляция.     Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Белоктың мөлшерін реттйтін процесс. Убихитиндер. Рибосомадан тыс іске асатын полипептид синтездері.
    Көмірсулар және оның өсімдіктердегі маңызы.   Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Қышқыл жаңбырлардың пайда болу жолдары. Күкірттің қос тотығы (SO2) және ауаны одан тазалаудағы молибденді ферменттердің маңызы.
    Липидтер.   Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат   Липосоманы алу жолдары және оны қазіргі биотехнологияның әртүрлі салаларында пайдалану.
  Фитогормондар және олардың өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы маңызы.   Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Жануарлардың және өсімдіктердің гормондарын салыстыру
  Өсімдіктердегі тотығу стресінің пайда болуы. Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Өсімдіктердегі биологиялық тотығу және тотығу стресінің даму жолдары. Антиоксиданттық жүйе
    Антиоксиданттар. Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Азот тотығы (NO) биологиялық полифункционалды ең қарапайым бейорганикалық молекула.
  Витаминдер және биологиялық белсенді заттар. Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Жануарларда синтезделетін витаминдер
  Алкалоидтар. Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Дәрілік алкалоидтарды алу жолдары
  Сапониндер мен фосфатидтер. Дәріс – 2 сағат Зертханалық -2 сағат Фософолипидтерді өндірісте пайлану

 

6. Әдебиеттер:

1.Березов Т.Т. Коровкин Б.Ф. Биологическая химия. Москва «Медицина». 1998. 704 стр.

2.Кнорре Д.Г., Мызина С.Д. Биологическая химия.Москва. Высшая школа.2000.479 стр.

3.Комов В.П., Шведова В.Н. Биохимия. Изд-во «Дрофа». Москва.2004. 638 стр. Мусил Я. 4.Новакова О. Кунц К. Современная биохимия в схемах. 1984. 2-е изд. Москва «Мир». 216 стр.

5.Сеитов З.С. Биохимия. 2000. Изд. Агроуниверситет. Алматы. 897 стр.

6.Березин И.В. Савин Ю.В. Основы биохимии. 1990. М.»Мир». 450 стр.

7.Уайт Дж. Основы биохимии. М.Мир. 1981. Т.1-3.

8.Мецлер Д. Биохимия. 1980. Т. 1-3.

9.Страйер Л. Биохимия. Т.1-3.

10.Анисимов А.А. Основы биохимии. М.Высшая школа. 1986.

11. Мусил Я. Современная биохимия в схемах. М.Мир. 1987.

12.Boyer R. Modern Experimental Biochemistry. 2000. Addison Wesley Longman, Inc.480 pages.

13.Lehninger A. Biochemistry. 2004.1119 pages.

14.Mathews, van Holde, Ahern. Biochemistry.3rd Edition. 2464 pages.

15.Wilson G.N. Biochemistry and Genetics. 2002. The McGraw-Hill Companies.433 pages.

16. Hans Walter Heldt. Plant Biochemistry. Elsevier Acad.Press.2005.

17. Қалекенов Ж.Қ. Өсімдіктер физиологиясы. «Ғылым». 1997.

 

Қосымша әдебиеттер:

18. Попов Е.М. Проблема белка. М. Наука. 1996.

19. Диксон Э, Уэбб А. Ферменты. М.Мир. 1987.

20. Фридрих П. Ферменты: четвертичная структура и надмолекулярные комплексы. М.Мир.

1986.

21.Марри Д., Греннер Д. Биохимия человека. М.Мир. 1993.

22.Әліқұлов З., Берсімбай Р.І.Қазіргі биохимия мен молекулалық биологияның әдістері.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы. 2010. 194 бет.

 

7. Бағалау жүйесі:

Курсқакелесібақылаутүрлеріменәдістерікіреді: ағымдық, аралықжәнеқорытындыбақылау, бұлартақырыптықбақылаужұмыстары, аралықтест. Жекежәнетоптықтаныстыру, зерттеужұмыстары (реферат), қорытындыемтихантүріндежүргізіледі. Студенттерүшіндәрістіксабақүрдісіндегібелсенділігіміндеттіболыптабылады, бұлсөйлегенсөзініңсапасынегізіндебағаланады.

 

• Ағымдықбакылау – 20%

• ОСӨЖжәнеСӨЖбакылау - 20%

• Рубеждіқбакылау:

• коллоквиум - - 20%

• Ағымдыжәнерубеждібакылау 60% дейін

• Қорытындыбакылау 30% дейін

 

8. Оқу пәнінің саясаты:

«Өсімдіктер биохимиясы» міндетті пәндердің бірі болып келеді. Оқулыққа жүктеудің көлемі 2 кредиттен турады, оның ішінде 15 сағат - дәріс, практикалық сабақ -15 сағат.

Пәнға койылған талаптар: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде катысу кажет, сұрақтарды талдаған кезде студенттер белсенді толық катысу, негізгі әдебиеттер мен және оқулық әдістемеліқ құрал мен семинарлық сабақтарға және дәрістерге алдын ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын өз ушурунда және сапалы аткару кажет, әр түрлі бақылау жумустарына катысу (ағымдық бакылау, СӨЖ бакылау, шектік бакылау,корытынды бакылау).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных