ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Функционалды топ қызметін атқарады
Көптеген ферменттердің аттары өзі әсер ететін субстратқа, немесе оның активтігін сипаттайтын сөзге «аза»-жұрнағын жалғау арқылы аталады. Мысалы, уреаза мочевинаны ыдыратады («уреа» мочевина деп аударылады), ДНК-полимераза нуклеотидтерді полимеризациялап, ДНҚ-ны түзеді. Бұрынырақта бірқатар ферменттерге олардың катализдік реакция нақты анықталмағандықтан жалпылама ат берілген. Мысалы, тағамды ыдырататанын ферментті «пепсин» (гректің «пепсис» деген сөзі «қорыту» деген мағынаны білдіреді), «лизоцим» ферменті бактериялардың клетка қабығын ыдырататын («лизис» - «ыдырату» деген сөз) болғандықтан солай аталған. Кейде бір ферменттің бірнеше аттары да болған. Осындай шатасудың салдарынан және жаңа ашылған ферменттрдің саны тоқтаусыз көбейе бергендіктен, биохимиктердің өзара келісімімен ферменттерді атаудың және жіктеудің жаңа жүйесі ендірілді. Ол жүйе бойынша ферменттер 6 класқа, ал жүргізетін реакциясының түріне байланысты олар субкластарға бөлінеді. Мысалы, нитратты нитритке айналдыратын ферментті НАДН-нитратредуктаза (EC 1.6.6.1) деп толық атайды. «EC» - фермент бойынша комиссия (Enzyme Comission) дегенді, «1» цифры - ферменттің бірінші оксидоредуктазалар класына жататынын, «6» цифры - ферменттердің редуктазалар субкласын, екінші «6» цифры – НАДН-ты тотықсыздыратын ферменттерге және келесі «1» цифры электрондарды нитратқа таситын редуктазаларды білдіреді. Мыңдаған белгілі ферменттердің толық тізімі Биохимиктер мен Молекулярлық Биологтардың Халықаралық Одағының Номенклатура Комитеті арқылы тұрақтандырылып отырады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|