ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
L-треонин L-изолейцинФ1-треониндегидратаза
Изолейцин ферменттің реттеуші орталығымен коваленттік емес және қайтымды болып байланысады. Изолейциннің мөлшері клеткаға қажет деңгейден төмендесе – треониндегидратазының активтігі өседі, яғни фермент изолейциннің концентрациясына өте сезімтал.
Ферменттің қайтымды ковалентті модификациялануы. Реттеуші ферменттердің маңызды басқа тобының активтігі олардың молекуласына басқа қосылыстың ковалентті байланысуының нәтижесінде өзгереді. Ковалентті байланысатын қосылыстарға фосфорил, аденилил, уридилил, метил және аденозинфосфаттың рибозил топтары жатады. Олар белоктарға бір-бірінен өзгеше ферменттер арқылы қайтымды байланысады. Ковалентті реттелуші ферменттердің басым көпшілігінің активтігі фосфат арқылы өзгеріп отырады. Эукариот клеткаларындағы барлық белоктардың үштен-бірден жартысына дейінгі түрлері фосфорлау арқылы ковалентті модификацияланады. Ковалентті модификацияланудың қалған түрлері өте сирек кездеседі. АДФ-ті рибозилдеу атмосфераның инертті азотын аммиакқа айналдыратын динитрогеназа ферментінде болады. Кейбір белоктар тек бір ғана фосфатпен модификацияланса, басқаларында бірнеше жерден болады, ал бірнеше ғана белок түрлерінде көптеген фосфорланатын жерлері болады.
А Б В Г
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|