ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Диизопропилфлуорофосфат
Бірнеше модуляторы бар ферменттердің әдетте олардың әрқайсысына сәйкес әртүрлі орталықтары болады. Ферменттің актитві орталығы субстраттың молекуласына туыс немесе сәйкес, ал реттеуші орталықтар өзінің модуляторына туыс. Мынаны еске сақтау керек - конкурент емес немесе аралас ингибиторлар модуляторлардың қызметін өзгерте алмайды. Ативтігі жоғары фермент-субстрат Активтігі төмен àà +M àà Активтігі жоғарылау à à комплексі
- субстрат, - оң модулятор, С – каталитикалық суббірлік, R-реттеуші суббірлік
Көптеген аллостерлік ферменттерде субстратты және модулатор(лар)ды байланыстар бөлімдер әртүрлі (S- және R-) суббірліктерде орналасқан. Оң модулятордың (стимулятор) реттеуші суббірлікпен байланысуы екі суббірліктің конформациялық өзгеруіне алып келеді және оның нәтижесінде субстраттың активті орталыққа туыстығы (сәйкестігі) күшейеді. Модулятордың бөлініп кетуі активтікті төмендетеді немесе тіптен тежейді. Метаболизм ферменттері тағы да басқа екі түрлі жолмен реттеледі. Кейбір ферменттердің активтігі басқа реттеуші жеке белоктармен байланысқанда күшейеді немесе тежеледі. Ал, тағы біреулерінің активтігі олардың құрамындағы белгілі бір пептид бөлігі протеолитикалық жолмен алынып тасталғанда активтенеді. Бірақ, бұл модуляторлармен реттелуден өзгеше – бұл реттелу қайтымды емес. Осындай екі түрлі реттелу жолдары ас қорыту, қан ұюы, гормонның қызметі және көру секілді физиологиялық процестерде орталық роль атқарады. Осындай реттелу жолдары бір реттеуші ферментке тән болуы да мүмкін. Сонымен, аллостерлік ферменттердің модуляторы күшейткіш немесе тежеуші болады. Көбінесе субстраттың өзі модулятор болып табылады. Егер реттеуші фермент үшін субстрат пен модулатор ұқсас болса – онда фермент гомотропты деп аталады. Керісінше, субстрат пен модулятордың молекулалары өзгеше болса, ол фермент – гетеротропты деген сөз. Гетеротропты ферменттерде субстрат та, модулятор да активтік орталықпен байланысады.
Метаболизмнің көптеген бөлімдерінің реттелетін кезеңін аллостерлік фермент катализдейді. Кейбір мультиферменттік жүйеден пайда болатын ең соңғы өнім клеткаға қажет мөлшерден асып кеткенде - ол өнім реттеуші ферменттің активтігін тежейді. Оның нәтижесінде субстраттарының мөлшері төмендегендіктен жүйедегі келесі ферменттердің активтігі баяулайды. Реттеудің осындай түрін кері байланысу арқылы тежелу (ретроингибирование) деп аталады. Бактерияда L-треониндіL-изолейцинге айналдыратын ферменттік жүйе осындай тежелу түріне жақсы мысал бола алады. Бұл жүйедегі 1-ші фермент – треониндегидратазаның активтігін жүйенің ақырғы өнімі – изолейцин тежейді. Жүйедегі аралық өнімдердің ешқайсысы бұл ферментті тежей алмайды. Сол секілді изолейцин 1-ші ферменттен басқаларының активтігін тежей алмайды. Ө1 Ө2 Ө3 Ө4 Ф1 Ф2 Ф3 Ф4 Ф5 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|