ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аденозин Гуанозин Уридин ЦитидинАденозин, гуанозин, цитидин, уридин және тимидин нуклеозидтерінің молекулаларының негізі пурин және пиримидин негіздері болып табылады, олардың сәйкес қатар саны N9 және N1 азот атомдарымен β-байланыс арқылы көміртегі жалғанады. Нуклеин қышқылдарының құрамына екі пентоза түрі кіреді. ДНҚ-дағы қайталанып отыратын дезоксирибонуклеотидтік бірліктердің құрамында 2’-дезокси-D-рибоза, РНҚ-ның рибонуклеотидтік бірліктерінде D–рибоза болады. Екі пентоза да нуклеотидтердің құрамында β-фураноздық формада болады. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін бес гетероциклді негіздердің барлығының конформациясы жалпақ болады. Нуклеозидтер мен нуклеотидтерге жасалған теоретикалық анализдер және рентгенструктуралық зерттеулер бұл жерде анықталған конформацияның син- және анти- конформациялар деп аталатын екі аймағы көрсетті (сурет 2.6). Табиғи нуклеотидтердер үшін син -конформацияға қарағанда анти -конформация химиялық тұрғыдан ыңғайлы болып келеді. ДНҚ-ның молекуласының екі тізбегінде пуриндік және пиримидиндік негіздердің бір-бірімен комплементация құруына анти-форма қажетті жағдай болып табылады. Нуклеотидтер дегеніміз – рибоза немесе дезоксирибозаның бір немесе бірнеше гидроксил қалдықтарының фосфорланғандағы нуклеозидтің туындысы. Нуклеотид молекуласындағы фосфат тобының тұрған орны цифрмен көрсетіледі. Мысалы, фосфаттық топ рибозаның немесе дезоксирибозаның 5-ші көміртегі атомымен байланысқан болса – ол нуклеотид 5’-монофосфат деп белгіленуі керек, ал қанттың 3-ші көміртегі атомымен байланысса – 3’-монофосфат болады (сурет 2.7). Рибоза қалдығындағы көміртегі атомдарын белгілейтін цифрлардың желкесіне тырнақша пурин және пиримидиннің құрамындағы көміртегі атомдарынан ажырату үшін қойылады. Егер нуклеозидтің көмірсу компонентіне 2 немесе 3 фосфор қышқылының қалдығы байланысса – дифосфат немесе трифосфат деген қысқартулар (аббревиатуралар) қолданылады. Cонымен, әр нуклеотидтің құрамына үш компонент кіреді: азотты негіз, бескөміртекті қант (пентоза) және фосфат тобы. Барлық пуриндік және пиримидиндік негіздер спектрдің ультракүлгін аймағында толқынның 260-280 нм ұзындығында сәулені белсенді түрде жұтады. Нуклеотидтердің құрамына кіретін азотты негіздердің осы ерекшелігі нуклеин қышқылдарының биологиялық материалдардың құрамында бар-жоғын және олардың сандық мөлшерін анықтау үшін кеңінен қолданылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|