Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






РНҚ молекуласының процессингі.




Прокариоттада мРНҚ-ның жасалуы әлдеқайда қарапайым прцесс. Прокариоттарда геннің көшірмесі болып, синтезделіп шыққан мРНҚ ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ, бірден белок синтезіне қатысады. Дәлірек айтсақ, жасалып жатқан прокариоттың мРНҚ-ның соңғы ұшы әлі ДНҚ-мен жалғасуда болса да, оның бастапқы бөлігі рибосомамен байланысып, белок синтезіне қоян-қолтық кірісіп жатады. Яғни, прокариоттарда транскрпиция мен трансляция процестері бір уақытта қатар жүре береді.

Эукариоттық мРНҚ мөлшері үлкен, гетерогенді ядролық РНҚ (гяРНҚ) деп аталатын алғашқы түрінен пайда болады. Алғаш синтезделген эукариоттық РНҚ-ның бірінші транскрипті көпшілік жағдайда өз функциясын атқаруға дайын болмайды, ол алдымен қосымша, РНҚ-ның процессингі немесе транскрипциядан кейінгі модификациясы деген терминмен аталатын өзгерістерге ұшырайды. Ол өзгерістердің мәні алғашқы транскрипттің бір ұшынан немесе екі ұшынан бірдей белгілі бір олигонуклеотидтерді алып тастауда және қосымша нуклеотид қалдықтарын жалғастыруда, яғни транскрипттің химиялық модификациясында. Ең алдымен процессинг ядроның өзінде жүреді. Сүтқоректілердің ядролық РНҚ-сының 50 проценттен 75 процентке дейінгі бөлігі кейінгі цитоплазматикалық мРНҚ-ның құрамына кірмейді.

Эукариотикалық организмдердің гендері өзінше бір мозаика түрінде белгілі бір тәртіппен кезектесіп отыратын кодталатын бөлімдер – экзондар және кодталмайтын - ендірілген тізбектер немесе интрондардан құралған. Гендегі интрондардың саны 2-ден ондағанға жетеді. Кейде геннің жалпы ұзындығының 90% интрондарға келеді.

Эукариоттық жасушаларда алғашқы транскрипттің (праймердің) пайда болуы және оның м-РНҚ-ның пісіп-жетілуі кезінде процесске түсуі (процессинг). 5’-қалпақ алғашқы транскрипт толық синтезделіп бітердің алдында жалғанады. Соңғы экзоннан кейін тұрған кодталмайтын тізбек қызылмен көрсетілген. Сплайсинг кесіп алып тастаудың және полиаденилаттың жалғануының алдында немесе артында іске асады. Барлық процесс ядроның ішінде жүреді.

Сплайсинг. «Сплайсинг» деп аталатын процестің барысында интрондар кесіліп алынып тасталады, ал экзондар бір-бірімен жалғасады. Бұл процесс ядрода жүреді, содан кейін жаңа құралған мРНҚ молекулалары трансляция жүретін цитоплазмаға шығады. Олардың шығуы арнайы ферменттердің қатысуымен жүреді, немесе кейбір кездерде интронның құрамында тізбектің белгілі бір нүктелерінде үзілуін катализдейтін ерекше нуклеотид тізбектерінің болуының арқасында олар өздігінше цитоплазмаға шыға алады. Бұл жерде РНҚ молекуласы катализатор ретінде рибонуклеотид тізбегінің үзіліуін іске асырады, яғни ферменттік қасиет көрсетеді. Осындай ферменттік қасиет көрсететін РНҚ-ларды «рибозимдер» деп атайды. Интрондардың кесіліп-алынып тасталуы және көрші экзондардың ұштарының бір-бірімен біртұтас тізбек болып жалғасуы эукариоттық мРНҚ-ның пісіп-жетілуінің маңызды кезеңі болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных