ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Липидтердің жіктелуіХимиялық құрамы және құрылымы липидтер үш класқа бөлінеді: 1.Қарапайым липидтер. 2.Күрделі липидтер. 3.Стероидтар. Қарапайым липидтерге май қышқылдарының күрделі эфирлері мен спирттері жатады. Бұл класқа триацилглицеролдар және балауыз жатады. Триацилглицеролдар майлар, бейтарап майлар немесе триглицеридтер деген атпен белгілі. Күрделі липидтерге фосфолипидтер, сфингомиелиндер, цереброзидтер, ганглиозидтер және сульфолипидтер жатады. Қарапайым липидтер. Табиғи майлар триацилглицеролдардың қоспасынан тұрады. Триацилглицерол – үшатомды спирт глицерол және үш май қышқылының молекуласынан тұратын күрделі эфир. Глицерол. Глицерол (немесе глицерин) молекуласының құрамында үш (–ОН) гидроксил тобы болады, сондықтан үшатомды спирт деп атайды.
Глицерин (глицерол) Моноглицерид (моноацилглицерол) Диглицерид (диацилглицерол) Триглицерид (триацилглицерол) Глицериннің құрамындағы оттегінің үш атомы өздерімен байланысқан сутегі атомдарына сутегілік байланыс құра алатын қабілет береді. Дәл осы себептен глицерин қоймалжың сұйық секілді. Сутегілік байданыстар арқылы глицерин молекуласы тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар су молекулаларымен де байланысады, сондықтан суда жақсы ериді, аздаған тәтті дәмі болады. Ол косметикада, фармацевтикада және тамақ өндірісінде кеңінен қолданылады. Глицериннің әрбір –ОН тобы карбон қышқылының бір молекуласымен әрекеттесіп, су бөліп шығарады. Осындай реакцияның нәтижесінде күрделі эфирлердің пайда болады, реакцияны – этерификация деп атайды. Липидтердің құрамына кіретін карбон қышқылдары - май қышқылдары деп аталады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|