ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуҚоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық конвенцияларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Демек, Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды тасымалдау үшін бақылау бойынша Базель конвенциясына қосылды. Осының арқасында қауіпті қалдықтарды декларациялау бойынша жаңа кедендік ережелер белгіленді, ол екінші реттік шикізат және өнімдер түрлері бойынша еліміздің аумағына оларды тасымалдаудың алдын алады. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ) жобаларын сектор аралық үйлестіру бойынша Ведомство аралық жұмыс тобы құрылды. Каспий маңындағы мемлекеттермен өзара қатынастар бойынша маңызды прогреске қол жеткізілді. Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі Рама конвенциясына қол қойылды және ратификацияланды. Төзімді органикалық ластанушылар бойынша Стокгольм конвенциясын ратификациялауға, жекелеген қауіпті химиялық заттар және халықаралық саудадағы пестицидтер қатынасында алдын ала келісілген келісімдер рәсімдерін қолдану бойынша Роттердам конвенциясын ратификациялауға, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Киото Рама конвенциясының хаттамасына дайындық жүргізілуде. Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуалды барлық адамзаттың проблемаларынан бөліп жарып қарастыруға болмайды. Адамзаттың алдында тұрған ғаламдық экологиялық проблемалардың бірі климаттың өзгеруі болып табылады. Климаттың өзгеруіне теріс әсер ететін, парник газының атомосфераға лақтырындысын регламенттейтін жалғыз халықаралық құжат Киото хаттамасы болып табылады. Киото хаттамасын Қазақстанда ратификациялау мәселесі қоршаған орта сапасын тұрақтандыру бойынша ведомство аралық комиссиясында қарастырылған. Осы мәселе бойынша парламенттік тыңдаулар жүргізілді және Киото хаттамасын ратификациялау туралы Заң жобасы мемлекеттік органдардың келісімінде қаралуда. Экология және климатты ғылыми-зерттеу институттары Қазақстан аумағында парник газдарының эмиссиясын жыл сайын түгендеу және осы проблема бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Келесі ғаламдық проблема – Жердің озон қабатының бұзылуы. Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді іске асыру мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды азайту, оларды сатудан алып тастау, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынушы-кәсіпорындар технологияларын айырбастау және қолдау бойынша іс-шараларды енгізетін іс-әрекеттер жоспары мен жобасы әзірленді және іске асырылуда. Сондай-ақ бұл бағытта республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Био әр түрлілікті сақтау проблемаларын шешу шеңберінде ЮНЕСКО Бүкіл әлемдік мұра тізіміне табиғи объектілерді енгізу жұмысы жүруде, олардың арасынан ең бірінші объектілер Алтай аумағы және Қорғалжың және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары болып табылады. Тағы да бір ғаламдық экологиялық проблема сортаң жерге айналу болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасы аумағындағы шөлейтке айналу процесін қалпына келтіру және алдын алу бойынша шараларды қарастыратын «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы күрес жөніндегі бағдарламасы» Үкіметтің Қаулысымен әзірленді және бекітілді. Қазіргі уақытта Ғаламдық экологиялық қор жер ресурстарын басқару бойынша Орталық Азия елдерінің Бастамасын мақұлдады және бес мемлекет үшін 10 жылға шамамен 1 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Қазақстан алдында ғаламдық экологиялық проблемалармен қатар ұлттықэкологиялық проблемалар тұр. Орталық Азия мемлекеттерін қосу жөніндегі Қазақстан бастамасын және шекаралық су ағындарын және халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану бойынша Хельсинки конвенциясын қолдау мәселесі жүргізілуде. Осы мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шеңберінде Орталық Азия елдеріндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне сол елдердегі тиісті органдармен көрсетілген құжатқа олардың қосылуы туралы мәселелерді қарастыру туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігіне су мәселесі бойынша халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар жүргізу бағдарламасына аталған ұсыныстарды енгізу туралы мәселені қайта қарауға жіберілді. «Арнайы экологиялық талаптар және Каспий қорық аймағындағы және Каспий маңындағы өңірлердегі шаруашылық қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар» жобасы әзірленді, алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін Каспий теңізі қорық аймағын аймақтандыру нәтижесі есебінен оны іске жарату туралы шешім қабылданды. Ғылыми бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Атырау және Маңғыстау облыстары шегінде Каспий теңізі жағалауының қазіргі заманғы экологиялық жағдайын мамандандырылған өрістік экологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде әскери-ғарыштық және сынақ полигондарының экологиялық жағдайының мониторинг жүйесін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық қауіпсіздікке жету жағдайы жергілікті экологиялық проблемаларды шешу болып табылады. Осы үшін радиоактивті көздерді түгендеу және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу және көму бойынша мамандандырылған ұйымдастыруды жасау бойынша жұмыстар жүргізілді. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына, Арал теңізіндегі Возрождение аралы аумағын бактериологиялық залалсыздандыру зерттеулерін жүргізуге басты назар аударылуда. Адамзат жаңа ғасыр табалдырығын аттар алдында өткеннен қорытынды шығара отырып, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып, болашаққа көз жүгірте отырып, экологиялық проблемалар ғаламдығын тани алады, тұрақты даму жолындағы оларды шешу мен алға жылжу есебінен өз қызметін жоспарлай алады.
Дебиеттер тізімі 1. Высшая школа Казахстана. 2002. № 1. 2. Высшая школа Казахстана. 2001. № 3. 3. Вестник «Экологическая версия». Алматы, 2000. 4. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. Алматы, 1995. 5. Сагыбаев Г. Основы экологии. Алматы, 1995.
Қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың зардаптары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ӨЭ және Х кафедрасының доценті, техн.ғыл.кан. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|