ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Г.Қ. Кабылбекова 1 страница
Байқоңыр космодромы Оңтүстік Қазақстан аумағындағы (Қызылорда облысы) Қызылқұм шөліндегі Арал маңындағы бөлікке орналасқан. Ол 1955 жылы негізі қаланған, бірақ өзінің ғарыштық қызметін Жердің алғашқы жасанды серігін – 1957 жылы 4 қазанда жіберуден бастады. 1957 жылы 4 қазан мен 2001 жылғы 10 желтоқсан аралығында ракета тасығыштардың көмегімен орбитаға әр түрлі тағайындалған 1237 ғарыш аппараты ұшырылды. 70 ұшыру апатты болып саналды. Байқоңырды Қазақстан Республикасы 20 жыл жалға беру шартымен Ресей Федерациясына пайдалануға берген. Қазіргі кезде жалға беру шартының мерзімі тағы да 50 жылға ұзартылды. Байқоңыр космодромының қызметі қазіргі заманғы өркениеттің барлық атрибуттары бар мекен ету және өндірістік қызметтің үлкен кешені ретінде көп қырлы болып табылады және ластану объектілерінің үлкен мөлшерін тудырады. Космодром аумағында ракета тасығыштарды дайындау мен іске қосуды қамтамасыз ету үшін техникалық және стартты кешендер, май құю-залалсыздандыру станциялары, тоңазытқыш орталықтары, зарядты-аккумуляторлық станциялар, химия өндірістері мен бірқатар басқа объектілер орналасқан. Ракета-ғарыштық техника қоршаған ортаға космодромның өзінен және құлау ауданынан әсер етумен ғана шектеліп қалмайды. Ол атмосфераның, тропосфераның төменгі қабатына, төменгі стратосфераға, озон қабатына, ионосфераға және Жердің жоғары атмосферасына әсер етеді. Ракета-ғарыштық техниканы пайдалану кезінде атмосфераға, стратосфералы озонға қоса алғанда, сондай-ақ төсем бетіне және экожүйеге – ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктері құлайтын аудандарға әсер етеді. Ракета-ғарыштық қызметтің ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктері құлайтын аудандардағы қоршаған табиғат ортасына келеңсіз әсер етудің негізгі факторлары мыналар болып табылады: - топырақтың жекелеген бөліктерінің, ракета отындары компоненттерінің жер беті және грунт суларының ластануы; - ракета-тасығыштардан бөлінген жекелеген конструкцияларының элементтері құлайтын аудандар аумағының ластануы; - ракета-тасығыштарды енгізу және іске қосу құралдарының сатысы құлаған кезде жарылыстар болуы мүмкін, соның әсерінен жергілікті өрт ошақтары пайда болуы мүмкін; - топырақ пен өсімдіктер дүниесінің механикалық бұзылуы, соның ішінде ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктерін келесі пайдалану кезінде. Мысалы, 1960 ж. 24 қазанда Байқоңыр космодромының 41-алаңқайында әлемдік ракета техникасы саласындағы ең үлкен апат орын алды – Р-16 континент аралық ракетаның екінші сатысында қозғалтқыштың старт үстелінде рұқсат етілмеген түрде іске қосылды. Соның нәтижесінде жарылыс пен өрт кезінде әр түрлі деректер бойынша 92-ден 150 адамға дейін қайтыс болды, соның ішінде РВСН Бас қолбасшысы артиллерия маршалы М.И. Неделин және Басқару жүйесінің бас конструкторы Б.М. Коноплев болды. Бірақ экологиялық шығынды барынша азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар әзірлемесі тек апатпен ғана байланысты емес. Сол американдық «Шаттл» қонуға дайындалған кезде әрбір рет сайын отынның артық қорынан құтылады, ол отынды атмосфераға «құяды». Ал бұл дегеніміз – бірнеше тонна. Ракета-тасығыштардан бөлінген жекелеген бөліктері де жерге өте улы жанар-жағар май қалдықтарын қалдырады. Ракета отыны — СДМГ (симметриялық емес диметилгидразин) және шетелде пайдаланылатын оның аналогтары (гидразин, монометилгидразин және т.б.) — су қоймаларына келіп түседі. Ал оның химиялық төзімділігі және улылығы тым жоғары — шекті мүмкін концентрациясы 0,02 мг/м3 құрайды. Зерттеулер ракета-тасығыштарды ұшыру жоғары атмосфераға маңызды әсер ететінін көрсетті. Бұл ретте оның химиялық құрамы өзгеруі мүмкін және динамикалық, жылу, электрмагниттік әсер ету байқалуы мүмкін. Аталған барлап білу ракета тасығыштарды ұшырғаннан кейін шамамен 1 сағат ішінде 2 мың км -ге дейінгі ара қашықтықта ионосфера құрылымының жартылай қайта құрылуы пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді, ол әр түрлі масштабтағы ионосфераның толқынды ұйытқуларының пайда болуына апарып соқтырады. Ракета-ғарыштық өнеркәсіп кәсіпорындары жер асты атмосферасына ракеталы техниканы іске қосуға келеңсіз әсер етудің азаюымен жұмыс істейді, алайда бұрынғыша жер асты атмосферасына және озондық қабатына ракета -тасығыштардың ұшырудағы әсер ету дәрежесі стратосфералық озонның маңызды азаюымен сипатталады. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында 45 жыл бойы ракеталардың алғашқы сатысының жергілікті құлау орны ретінде пайдаланып келеді, тек 2000 жылы ғана бұл жерге 30 ракета құлады. Тек 2000 жылы ғана 15 «гептил» ракета, он төрт «Протон» және бір «Днепр» құлады. Бірақ 2000 жылы соңғы он жыл ішіндегі табысты жылдардың бірі болды. 2001 жылы Байқоңырдан 18 ракета ұшырылды, олардың 9-ы «гептил» болып табылады: алты «Протон», екі «Стилет» және бір «Циклон». Әрбір бөлінетін алғашқы сатыда, сарапшылардың пікірі бойынша 3 тоннаға дейін жанар-жағар май гептилінің пайдаланылмаған кепілді қоры жерге төгіледі. Бұл ретте егер оның шекті мүмкін концентрациясы 1 км3 ауаға 1 кг болып табылса, онда Ұлытау ауданы улы заттармен қаншалықты уланғанын болжауға болады. Бұл, сөзсіз, ракета техникасының қалдықтары және оның пайдаланылмаған жағар майы аудан тұрғындарының денсаулығына келеңсіз әсер етеді. Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша аудан халықтарының орташа өмір сүру ұзақтығы бар болғаны 55 жасты құрайды. Егер республика бойынша жаңа туған балалар өлімі мың балаға шаққанда 18 баланы құраса, онда Ұлытау ауданында жаңа туған балалар өлімі мың балаға шаққанда 40 баланы құрайды. Ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктері құлайтын аудандардағы ракета-ғарыштық қызметтің келеңсіз экологиялық және әлеуметтік-экономикалық зардаптарын азайту мақсатында осы ауданда тұратын тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жүргізілуде және ракета құлаған ауданды паспорттандыру жүргізілуде. Ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктері құлайтын және ракета отыны төгілетін аудандардағы жергілікті тұрғындарға және өңірдің қоршаған ортасына әсер етуін бағалау бойынша кешенді медициналық және арнайы зерттеулер жүргізілуде.
Дебиеттер тізімі 1. Отчет по человеческому развитию 1995.- Алматы, 1995. 2. Сагыбаев Г. Основы экологии. Алматы, 1995.
Каспий теңізінің экологиялық мәселелері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ӨЭ және Х кафедрасының ассистенті С.А. Сейітбеков Үшінші мыңжылдықтың басында экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше тереңдікке ие болды, оның шешілуі әлемдік қауымдастықпен адамзаттың тірі қалуының маңызды факторы ретінде мойындалады. Экологиялық қауіпсіздік экологиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығы, қоршаған ортаға шамадан тыс стихиялық (табиғи) және антропогендік әсер етуінен қоғамның қорғалуының деңгейімен анықталады. Кейінгі жылдарда шамадан тыс тереңдікке бірден-бір табиғи объект болып табылатын Каспий теңізінің экологиялық денсаулығын сақтау мәселесі ие болды. Каспий теңізі — бірегей су айдыны, оның көмірсутекті ресурстары мен биологиялық байлықтарының дүниежүзінде ұқсастықтары жоқ. Каспий — әлемдегі ең көне мұнай өндіру бассейні. Сонымен, мысалы, Әзербайжанда, Апшерон түбегінде мұнай өндіру 150 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Каспий өңірі аудандарында (кең мағынада) Каспий теңізінің периметрі бойынша орналасқан бел елді белгілейді: бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және Түрікменстан. Оларды «Каспий теңізінің бассейні» мемлекеттері деп атау қабылданған. Дипломатиялық тәжірибеде дәл осы термин аймақтық елдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі күні Каспий мәселесі өте өзекті, бірақ халықаралық-құқықтық статусы және каспий өңірі мемлекеттері арасында мұнай ресустарын бөлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне тәуелділіктен тыс Каспий аймақтың экологиялық объектісі болып қала береді. Оның бөліктерінің біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында бұл әрбір мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді. Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай ластанулары жасыл-көк және диатомды балдырлармен көрсетілген Каспийдің фитобентосының және фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің өнімділігін төмендетеді. Ластанудың көбеюі су беті мен атмосфераның арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді. Үлкен аудандарда мұнай қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы бірнеше рет төмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі организмдердің басым бөлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың әсер етуі суда жүзетін құстарда көрнектірек көрінеді. Осетр балықтарының қоры азайып барады. 2000 жылы Атырау қаласында 70 ш. оңтүстік-шығысқа қарай теңіздің таяз аймағында ең ірі Шығыс-Қашаған мұнай және газ кен орны ашылды. 2001 ж. Батыс Қашаған кен орнының мұнай-газдылығы дәлелденген. Солтүстік Каспий теңізінің қайнары үлкен дәлелденбеген қорлар бар болғандықтан, Қазақстанның мұнай-газ болашағы келесі үш Тегіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарымен тікелей байланысты. Дәл Қашаған, Теңіз бен Қарашығанақтағы өндірістің мүшкіл деңгейіне тоқталмай, 7-9 млрд. баррель қорымен экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы болады. Сонымен қатар, 2015 ж. қарай Қарашығанақтағы газ өндірісін жылына 25 млрд. м3, ал Теңізде - жылына 8-9 млрд. м3 жеткізу жоспарланады. Осы уақытта Қашаған ҚР ең ірі газ шығару көзі болып отыр. Себебі одан алынатын қор 1 триллион м3 құрайды. Қашағанда жолай газ Теңіздегі сияқты күкірттің мөлшерінен жоғары. Кен орнының өзі жоғары температурамен және қысыммен сипатталады. Бұрғылау жасанды құрылған аралдан жүргізіледі. Теңіздің тереңдігі мұнда 3,5 м. Мұнайлық ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде теңіздің ауданынан 27.7 % ауданы, судың 6.2 м орташа тереңдігі кезінде жалпы көлемінен 0.94 % судың өте төмен деңгейінен қауіпті. Яғни, егер теңіздің әр түрлі бөліктерінде су көлемінің бірлігіне мұнайдың бір тоннасын құйса, онда Солтүстік Каспийде шамамен экожүйеге ластағыштар 100 есеге қатты әсер етеді. Волга мен Оралдың қатты ағысының арқасында солтүстік Каспий, Орталық және Оңтүстік Каспийге қарағанда едәуір өнімді, басты азық қоры, балықтардың, итбалықтардың «балалар бақшасы», құстардың ұя салу орны болып табылады. Каспий теңізінің табиғи ортасының негізгі ластану көздері өзен ағындысымен (материктік ағыс) шығару және тазартылмаған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ағындыларының, қалалар мен жағалаудағы ауылдардың коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларының төгінділері; өзен және теңіз кеме қатынасы, каспий кемежайларындағы кемелердің ағынды сулары; құрлық пен теңіз қайраңында мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану; теңіз жолымен мұнай тасымалдау, құбырлардағы апаттар; теңіздің түбін тереңдететін жұмыстар кезіндегі екінші рет ластану, мұнай газ және энергия кешендерінің объектілерін жылытумен және тазартылмаған төгінділеріне байланысты Каспийдің ластануы; жер бетіндегі, су және теңіз экожүйелерінің био әр түрлілігінің және іске қосылған механизмдердің жоқтығынан өнімділігінің азаюы; нормативті-құқықтық құжаттардың жетілмегендігі, халықтың жеткіліксіз экологиялық сауаттылығы; мұнай өндіру аудандарында халықтың ауру-сырқаулығының өсуі болып табылады. Өзен ағысымен Каспийге жыл сайын 40-45 км3 ағынды сулар келеді, олардың 60 % Волга бассейні береді. Ағындардың жаға бойындағы циклондық сипатының болуы себебінен, теңіздің кез келген бөлігінің ластануы шарасыз басқа бөлігінің ластануына әкеледі. Сонымен қатар, теңіздің биологиялық маңызды бөліктері де ластанады. Ерекше қауіпті мұнай көмірсутектерінің, хлор-органикалық қосылыстар-дың, ауыр металдар мен радионуклидтер жоғары мөлшерімен анықталатын химиялық ластану болып табылады. Қазірдің өзінде Каспийде мұнай көмірсутектілердің орташа шоғырлануы 1.5-2 есе балық шаруашылығы су қоймаларының нормасынан жоғары. Каспийде биологиялық жансыз және ең ластанған Баку бухтасының мысалында теңіздегі қарқынды мұнай өндірісінің салдарын көруге болады. Ресей жағалауында мұнай көмірсутектілерінің Теректің сағаларында шоғырлануы, сондай-ақ ықтимал нормадан асты, бұл Шешенстандағы соғыс әрекеттерімен байланысты болды. Жыл сайын 20-30-ға жуық көп төгінділер тіркеледі, үнемі техногенді апаттардың саны көбейіп отырады. Апшеронға ұқсас жолдан жаңа мұнай өндіру орталықтары – Теңіз (Қазақстан) және Челекен (Түрікменстан) өте бастайды. Мұндағы экологиялық жағдай көбінесе Каспийдің батыс жағалауында қалыптасқан жағдайды қайталайды. Бірақ, ол мұндағы мұнай құрамы бойынша жоғары күкіртті, құбыр жүргізу транзитінің алдында арнайы тазартуды талап ететін меркаптандардың көп мөлшерлі болуымен күрделілене түседі. Оның теңізге түсуі үлкен экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Ал мұнай өндірудің пластылық жағдайлары (жоғары температуралар мен қысымдар) апатсыз пайдалануға маңызды қосымша шығындарды ғана емес, сонымен қатар, барлау мен өндіру кезінде өте қатты экологиялық стандарттарды сақтауды талап етеді. Каспий сулары орташа ластанған болып бағаланғанда, аздап, жасанды тұндырғыштардың ролін атқаратын өзеннің су қоймаларына, каспийлік түптік шөгінділерге және теңіздің қыздырылатын жоғары қабаттарында өзін-өзі тазарту процестерінің жоғары жылдамдығына міндетті. 1978 ж. бастап Каспий трансгрессивтік кезеңде тұр. Кейінгі бірнеше жылдарда Каспийдің деңгейі тұрақтандырылды, мұнай өндіру аудандарындағы теңіздің деңгейін артуы кез келген апаттық жағдайларға, қорғау бөгеттерінің және үйінді ғимараттардың бұзылуына, құбыр жолдарының жарылуына, жер асты суларының ластануына және т.б әкелуі мүмкін. Орталық Каспийдің оңтүстік және үлкен бөлігі үлкен геодинамикалық қауіптілікке ұшырайды. Ол жоғары сейсмикалылыққа байланысты. Ал, дәл осы учаскелер бойынша транскаспийлік су асты мұнай құбыр жолдарының жобаларын: жылына 20 млн.т. дейін қазақстандық мұнайды Теңізден және Түрікменстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия транскаспийлік газ құбырынан тасымалдау іске асыру жоспарланды. Ресей сейсмологтарының қорытынды-ларына сәйкес, Каспийдің түбі бойынша мұнай құбырларын салу апаттарға және жер астындағы жер сілкіністерінің салдарынан ауқымды мұнай құйылуына ұшыратады. Қатты жер сілкінісі кезінде 1000-ға жуық атм. миллион қысыммен үстіңгі бет пен атмосфераға құрамында күкірт-сутектілері бар көмірсутектілер тоннасының төгінділері болуы ықтимал, бұл үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Ал Қаспийдің тұйық жүйесіне, теңіз «өлімінің» басын бастау үшін мұнай құйылысымен шағын апат жеткілікті. Теңіз қайраңында мұнайды өндіру, бұрғылау, дайындау және тасымалдау процесі кезінде жағалау мен су мұнаймен ғана емес, сондай-ақ, бұрғы шламымен, ауыр жуу сұйықтарымен және әсіресе, құрамында теңіз флорасы мен фаунасына зиянды әсер ететін әр түрлі химиялық қосылыстары бар ағынды сулармен ластанады. Каспий теңізінің мұнай кен орындарын пайдаланудың ерекшелігі - құрамында мұнай бар жыныстарының нашар тұрақтылығынан ұңғымалардан алынатын сұйықта құмның көп көлемінің болуы. Құрамында қалдықты мұнайдың 5-10 проценті бар құм кейде пайдалану колоннасында және сорғы-компрессорлық құбырларда жиналады және тіпті кептеліс жасауға да қабілетті. Барлық дерлік өндірістік мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері (соның ішінде құбыр жүргізу жолдары) сәйкес жағдайларда қоршаған ортаны әр түрлі экологиялық маңызды көптеген зиянды заттармен ластайды. Әр түрлі зерттеулер бойынша мұнай физиологиялық процестерге кері әсер ететіні, әр түрлі тіндер мен органдарда патологиялық өзгерістерге әкелетіні, ферментативтік аппарат пен нерв жүйесінің жұмысын бұзатындығы қалыптасқан. «Зиянсыз» болып саналатын салыстырмалы шағын мұнаймен ластанулар балықтарда, ұлуларда қан құрамының өзгеруіне әкеледі және зат алмасуын бұзады. Ластану көздерін талдау, теңіздік мұнай және газ кенорындарын Каспийде әзірлеу және барлау кезінде теңіз көбінесе мұнаймен, химиялық өңделген құм ерітіндісімен, ЖММ, химиялық реагенттермен, сондай-ақ, техникалық йодтармен ластанатынын көрсетеді. Кейінгі жылдары Каспий теңізінің ластануы тікелей теңіз жағалауында орналасқан мұнай өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының ағынды суларының төгінділерінің, құрамында әр түрлі жемірлі синтетикалық үстіңгі-белсенді заттары бар өнеркәсіптік және тұрмыстық қала ағындыларымен болды. Бұл ластанулардың негізгі себептері мыналар болды: - гидротехникалық ғимараттардың құрылымдық жетілмегендігі, технологиялық жабдықтың жеткіліксіз сенімділігі; - кенорындарды игерудің технологиялық процестерінің жетілмегендігі; - диагностиканың жеткілікті деңгейі және қауіпті объектілердің жұмысын бақылау; - мұнай газ кенорындарын бұрғылау және әзірлеу кезінде теңіз ортасының ластануын, сонымен қатар, теңіздің бетінен төгілген мұнайды оқшаулау және жинау бойынша құралдарды жоюға арналған арнайы құралдардың жоқтығы және жеткіліксіздігі. Гидрохимиялық зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінің фенолдармен (18 ПДК дейін) бұзылу қауіптілігін дәлелдейді, ал Маңғыстау облысының аудандарында теңіз суының мұнаймен ластану деңгейі 10-13 ПДК құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің солтүстік бөлігінде сынаппен, ауыр металдармен және хлорланған көмірсутектілермен ластанудың жоғары деңгейі байқалды. Қоршаған ортаның сапасына өндірістік кәсіпорындар мен объектілердің кері әсері қатты климаттық жағдайлармен, тұзды шөгінділерден өндірілетін және қайта өңделетін көмірсутекті шикі заттағы күкіртті қосылыстардың көп шоғырлануымен, Каспий деңгейінің жоғарылауымен және жағалаудағы мұнай кенорындарын жылытумен, теңіз кенорындарын игеру процесінің қарқынды өсуімен, континент аралық магистраль құбыр жүргізу жолдарының салынуымен және т.б күшейеді. Каспийдің теңіз кеңістігінде көмірсутектілер қатар ластағыштар ауыр және ауыспалы металдар – жасанды және өзен ағындысымен өнеркәсіптік қалдықтардың (ерітілген және шөгінді) құрамды бөлігі түрінде ұсынылғандар болып табылады. Металдар қоршаған ортаның түрлі әсер ету және қайта құрылу түрлеріне бейім (физикалық, химиялық, биологиялық). Микроэлементтер сияқты металдар балықтар мен басқа да гидробионттардың өмірінде маңызы зор. Олар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың құрамына кіреді, балықтардың организмдерінде өтетін биохимиялық процестерге қатысады. Бірақ, көп көлемде суда бола отырып, өмірлік процестердің пайда болуына антибиотикалық әсер етеді және генетикалық өзгерістер әкеледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су пунктілерін гидрохимиялық зерттеу кезінде, олардың қатарында қорғасынның, кадмийдің, бромның, нитраттардың, хлоридтердің және сульфаттардың ПДК арттыру байқалды. Жағалаудағы мұнай кен орындарын (Шығыс Кокарна, Жағалау, Шөл, Тәжіғали) жылыту және Мартыши, Қорсақ, Прорва, Терең-Өзек кен орындарының бөгеттері арқылы теңіз суын тазарту кезінде Каспийде мұнай өнімдерін шоғырландыру жеке орындарда 100 ШМШ дейін ұлғаяды. Маңғыстау облысында мұнай кен орындарының «тарихи ластануы» проблемасы, соның ішінде, Каспий теңізінің суларымен жайылу және басу зонасында бұрғыланған ұңғымаларды жою проблемасы бар. Каратурун (4 дана) және Комсомольская (10 дана) аудандарында консервацияның өткен мерзімдерімен жағалаудағы ұңғымалардың жағдайы ерекше қауіп төндіреді. Осы ұңғымаларды жою бойынша шұғыл шаралар қолданбау Каспий теңізінің акваториясы үшін үлкен салдарларға әкелуі мүмкін. Каспийге жақын зоналарда, БАҚ деректері бойынша, қазіргі таңда, Каспий теңізінің топырағы мен суын ластайтын 200 қараусыз қалған мұнай ұңғымалары бар. Тек Маңғыстау облысында ғана мұндай ластау объектілері – 23. Каспийге басқа теңіздер мен көлдерден басқа организмдердің енуі басталды. Мысалы, Каспий теңізінің нақты зардабы мнемиопсис гребневигінің көбеюі болды. Оны, мүмкіндігінше, Солтүстік Америка жағаларынан кемелерде балласт суларымен бірге әкелінген болуы керек; Каспийге одан әрі енуі қиындық туғызған жоқ. Гребневик көбінесе зоопланктонмен қоректенеді, тәулік сайын шамамен 40% тұтынады, сонымен, каспий балықтарының азықтық базасын жояды. Нақты жаулардың көбеюі мен жоқ болуы оны планктонның басқа тұтынушыларымен бәсекелестіктен тыс ұстайды және осетр сияқты құнды балықтар үшін қауіп төндіреді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|