Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Беттестіру тактикасы




Қылмыстық істі тергеу үстінде өте жиі кездесетін жағдай - бұрын жауап алынған адамдардың жауаптарында елеулі қайшылықтардың болуы. Мұндай жағдайда, осы қайшылықтарды анықтап, оны жою үшін оларды беттестіріп, жауап алынады. Яғни, беттестіріп жауап алу дегеніміз бұрын жауап алынган екі адамды бірге отырғызып, бір мезгілде екеуінен қатар, қайтадан жауап алу. Беттестіру тек бұрын жауап алынған адамдардың арасында жүргізіледі. Куә мен куә, сондай-ақ куә мен айыпкер, немесе айыпкер мен айыпкер беттестіріледі. Жауаптагы қайшылықтар әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Бірде бұл жауап берушінің біреуінің жаңылуынан немесе кейде беттесуге қатынасып отырған жақтың біреуінің жалған жауап беруінен болады.

Беттестіру өте күрделі тергеу әрекеті, сондықтан оны сапалы, нәтижелі өткізу үшін тергеуші оған мұқият дайындалып, беттестіру жүргізу үстінде белгілі тактикалық әдістерді қолдануы, заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізу тәртібін қатаң сақгауы керек. Тергеу әрекетінің мұ_ндай түрін өткізуге дайындық кезінде тергеуші мынандай мэселелерді шешіп алуы тиіс:

1. Беттестіру үстінде қандай қайшылықтарды шешу керектігін;

2. Беттестіруге қатынасып отырған адамдарға қандай сұрақтар қою қажетгігін;

3. Беттестіруге қатынасатын адамдардан қандай кезекпен жауап алу қажеттігін.

Тергеу әрекетін бастамас бұрын тергеуші беттестіруге қатынасатын адамдардың өзара қарым-қатынасын, егер олардың бас араздығы болса оның себебін, ал егер екеуі де куә болса олардың айыпкерге, жүргізіп отырган іске қандай қатынасы бар екенін анықтап біліп алуы керек. Беттестіру мезгілінде жауапқа қатынасып отырған адамдарға ұсынылатын заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алдын ала белгілеп, дайындап қоюы тиіс.

Заң бойынша бетгестіру тек бірімен-бірі таныс адамдардың арасында жүргізіледі. Егер беттесуші адамдар куәлер болса, оларға дұрыс жауап беруге міндетті екендіктерін түсіндіріп және жауап беруден бас тартқаны немесе біле тұра өтірік жауап бергені үшін жауапты болатыны ескертіледі. Бұдан кейін тергеуші беттестіруге қатынасып отырған адамның біреуіне істің мән-жайын, атап айтқанда, жауаптың қайшылықты тұстары жөнінде сұрақ қояды.

Тактикалық тұрғыдан бірінші сұрақ тексеріп отырған фактіні дэлелдеп, растап отырған адамға беріледі. Ол өзінің осы факті бойынша бұрын берген жауабын растайтынын айтып, берген жауабын беттестіруге қатынасушы екінші адамның көзінше қайталап, баяндап береді. Беттестіруге қатынасып отырган екінші адам, бұл жауапты толық естігеннен кейін оны растайтынын немесе растамайтынын білдіреді, егер бекітпесе себебін айтып, өзінің бұрынғы берген жауабын қайталайды. Осыдан кейін тергеуші бірінші жауап берген адамға сұрақ қойып, екінші адамның жауабы жөнінде оның пікірін сұрайды. Беттестіру үстінде тергеушінің рұқсатымен беттестіруге қатынасып отырған адамдар бір-біріне сұрақ қоя алады. Бірақ мұндайда тергеуші бұл екі адамның бір-бірімен алдын ала өзара келісіп, істі жүргізуге бөгет болатындай сарында қоймауына мұқият назар аударады, егер қажетсіз, яғни іске тікелей қатынасы жоқ сұрақ қойылса, оны тоқтатып тастауы керек. Беттестіріп отырған адамдардың бір-бірімен сөз таластырып, айтысып кетуіне де жол берілмеуі тиіс. Өйткені беттестіруге қатысып отырған адамдар осы сәтті пайдаланып астарлы сұрақтармен алдағы қимыл-әрекеттерін бағдарлап ымыраласуы мүмкін.

Беттестіру үстінде берген жауаптарды тергеуші хаттамаға жазып бекітеді. Беттесушілердің біреуінің жауабы хаттаманың оң жағына жазылса, екіншісінің жауабы қағаздың сол жағына жазылады. Кей жағдайда хаттаманы екіге бөлмей, жауап беру кезегіне сәйкес әуелі бірінші сұралған адамның жауабы, содан соң екінші адамның жауабы жазылады.Беттестіру үстінде берілген жауаптарды бекіту үшін кейде хаттамамен бірге дыбыс жазу аппараты да қолданылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных