ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жауап алу, оның түсінігімен міндеттеріЖауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтканда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бр тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша негұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңгайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңца көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек. Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мелшері және кылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей кылмысты оқиғага қатысы жоқ, бірақ кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар. Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қаныгып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қьшмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылыгы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жагдайларда қылмыскердің жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып,тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс . Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|