ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тергеу эксперименті жүргенде қолданылатын тактикалық тәсілдерДайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын өз орындарына орналастырады. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір-бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады. Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша басталады. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылаушы топ зер салып бақылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынақтың дұрыс жургізілуін басқарып отырады. Егер тәжірибе барысында алдын ала қойылған шарт, міндеттер орындалмаса, не басқаша орындалса (мысалы қатынасушы дублерлер тәжірибені дұрыс жасамаса) тергеуші белгі беріп тәжірибені тоқтатады, оны басынан бастап қайта жүргізуді талап етеді. Әр тәжірибенің қорытындысы тұжырымдалып, жазбаша түрде және суретке түсіру арқылы бекітіліп отырады. Әр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалық нұсқау, ұсыныстар да бар. Атап айтсақ: 1) Тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді; тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін: а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уақьлта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі қажет; э) эксперимент егер мүмкікшілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс, ал егер бұл жердің керінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек; 2) Тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперимент) үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Қайталау кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады. Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп тұсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет қайталануы керек. Тәжірибені қайталап өткізу деген түсінікті - экспериментті кайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер эксперимент дұрыс жүргізілмеген немесе іс жүргізу зандылығына қайшы жағдайда ол қайта жүргізіледі. Мұны да тергеу әрекетінің қайта өткізілуі деп түсіну керек. Ал, тәжірибенің кайталануы - ол бір тергеу әрекетінің шеңберінде оның кейбір элементінің қайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезеңге бөлініп өткізілуі тиіс және бірнеше бөлімге бөлініп, әр бөлім жеке-жеке талданып, қабылдануы керек. Бұл тәжірибені толық көруге мүмкіншілік береді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|