ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және пюсілдеріОкиға болған жерді карау екі кезеңге белінеді және осыған байланысты арнайы әдіс-тәсіл колданылады. Тергеу әрекеті окига болған жерді жалпы шолып караудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезеңді окиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бұл кезеңде тергеуші окиға болған жерді толығымен, жалпы шолып карау арқылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі дәл те санауға болады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті - оқиға болған жерді нактылап аныктау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, карауға күрделі жерлерін алдын ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, заттай дәлелдемелердің неғүрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сұрақтар: қылмыскер бұл жерге (айталық, пэтерге) қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстын ізі қай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау арқылы объектілердің орналасуын, олардың ара қашықтығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, тергеуші оқиғаның болу механизмін болжап, көз алдына елестетіп, болған оқиғаның көрінісін ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алганда оқиға болған жерді қараудың бұл сатысы тергеушінің шығармашылық талдауын кажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және тергеудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді. Қараудың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада қарау, ситуациялық жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар окиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта қарау әдісі де қолданылады. Оқиға болған жердің шетінен бастап, спиральдық әдіспен оның ортасына қарай жүргізілетін қарауды орталыққа шоғырлану концентрлік әдісі дейміз. Айталық, бөлменің ортасында мәйіт жатса, кіре берістен, мысалы есіктен басталып, бөлменің қабырғасын жапсарлай тұрған объектілер спираль тәрізді оңнан солға, не керісінше, солдан оңға қаралып, бірте-бірте бөлменің ортасына, мәйіт жатқан жерге келіп, мәйітті қараумен тергеу әрекеті аяқталады. Қараудық мұндай түрі оқиға болған жердің шегі (шекарасы) нақты белгілі болған жағдайда қолданылады. Егер де оқиғаның шегі қай жермен шектелетіні белгісіз жағдайда, айталық мәйіт ашық аланда жатыр, қарау ортадан басталып, спираль тәрізді бағытпен жүріп, оқиға болған жердің, тек аймақтарын қараумен аяқталады. Мүлдай кезекпен қарауды оқиға болған жерді эксцентрлік әдісі бойынша қарау дейді. Кейде оқиға болған жердің түйінді тұсы белгісіз, тек бір оқиға болған кеңістікті (аланды) толық қарауға тура келеді. Егер осындай ситуациялық жағдай туындаса, қаралатын кеңістіктің басынан бастап, бір шетінен екінші шетіне дейін көлденең және алға бір бағытта жұріп, кеңістік толық сыпырыла сүзіліп қаралады. Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жердегі объектілерді қарау кезегінің үш түрі бар: концентрлік -оқиға болған жердің шетінен ортасына карай шоғырланып қарау; эксцентрлік -ортасынан шетіне қарай қарау, фронтальды - толық сүзіп қарау. Осы айтылған қарау кезегінің қай түрін қолдану керек екендігі қараудың алғашқы кезеңінде шешіледі. Бұл кезеңде тергеуші және қарауға қатынасып жүрген баска да лауазымды адамдар еш объектіні орнынан қозғамайды, оларды сол тұрған күйінде қарап, тексеру керек. Оқиға болған жер бағдарлау және жалпы шолу әдістерімен фотосуретке түсіріледі. Оқиға болған жерді кдраудың бірінші кезеңінде, атап айтқанда, қарайтын жерді жалпы шолып бағдарлау үстінде статикалық тәсіл қолданылады, былайша айтканда, объектілер қозғалмай өз орнында қаралады. Жалпы шолып қарау үстінде окиға болган жерде пайда болуы ешқандай негізсіз жат, бөгде іздер және қылмыстың болу механизміне қайшы келетін жағдайларды байқап аңғаруға болады, мұны криминалистикада негативті жағдайлар деп атайды. Айталық, қылмыстың белгілі бір жағдайда, я белгілі бір әдіспен жасалғанда міндетті түрде пайда болатын іздердің (заттардың) болмауы, не керісінше жалпы жағдайға жат, осы жерге бөгде іздердің (заттардың) оқиға болған жерде болуы. Мысалы, оқиға болған жерде жатқан мәйіттің денесінде пышақ жарасы бар, бірақ мәйіттің астында (оның жанында) қан өте аз. Асылып тұрған мәйттің қолы таза, ал асылуға пайдаланылған жіп кара майға былғанған. Егер жәбірленуші өзі асылған болса, асылуға пайдаланылған жіп кара майға былғанғандықтан асылған адамның қолы да лас, қара май болар еді. Осындай келеңсіз жағдайларды тергеудің кейінгі кезендерінде тексеріп зерттеу арқылы нақтылы қандай қылмыстың жасалғандығын анықтауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалды жалғастыратын болсақ, жәбірленуші асылмаған, оны біреу қылғындырып өлтіріп, содан кейін қылмыстың ізін жасыру үшін осы жерде жатқан қара майға былғанған жіптен ілгек жасап мәйітті асып қойған. Осындай әрекеттермен, әдеттегідей, көбінесе қылмыскерлер қылмыстың ізін жасырып, тергеуді теріс жолға бағыттау үшін басқа бір қылмыстың жасалғандығын бүркемелеп көрсетеді. Осындай, көбінесе асығыс жағдайда қылмыскер қателіктер жіберіп, ол жалпы жағдайға қайшы келіп, теріс көрініс, яғни негативті жағдай ретінде тергеушінің көзіне түседі. Оларды тексеру арқылы нақгылы жасалған қылмысты ашуға болады. Оған дәлелдеме есебінде қарау ұстінде анықталып табылған негативті жағдайлар дэлел болады. Оқиға болған жерді қараудың екінші кезеңінде жердегі эр объект бөлшек-бөлшегімен жеке-жеке қаралып, зерттеледі. Мұндай жағдайда, эр объект орнынан қозғалып, басқа жерге қойылады. Осындай қозғалмалық әдістер қолданғандықтан бұл қарау кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динамикалық) әдістер дейді. Әр объектіні қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәтерді қарағанда бөлмеге кірген есіктен солдан оңға қарай (не керісінше оңнан солға қарай) қабырғада ілініп тұрған жабдықтар қаралады. Қарау үстінде олардың орналасуына, жалпы жағдайына көңіл аудару керек. Қабырға бойындағы нәрселерді қарап біткен соң бірте-бірте спираль тәрізді бағытпен бөлменің ортасында тұрған үй жабдықтары қаралады. Мәйітті қарау үстінде белгілі бір кезекпен мына төменгі мәселелер анықталады; мәйіттің дене тұрысы және жалпы кейпінің белгілері. Мұлдайда мәйіттің мүшелерінің күйі және олардың орналасу қалпы жалпы айтқанда мәйіттің тұрқы анықталып, белгіленеді; • мәйіттің жатқан орны осы жерден тұрақты және көрнекті объект арқылы белгіленеді. Айталық, мәйіт бөлменің ортасында жатқан болса, мәйіттің басы, аяғы бөлменің қабырғаларынан қандай қашықтықта екендігі белгіленеді; • мәйіттің үстіндегі киім, оның қандай қалыпта екендігі. Мұндай жағдайда мәйіт киімінің жыртылған, былғанған жерлері бар ма, қалталарында не бар, тағы да басқа көрінеу белгілері бар ма, міне осылар анықталады; • мәйіт денесінде қандай жарақаттар бар, олардың түрі, өлшемі және орналасқан орны; • мәйіт белгілері, атап айтқанда, мәйіт дағы бар ма, жоқ па? Егер бар болса, дененің қай жерінде екендігі. Мәйіт дағының және мәйіттің дене мүшесінің тырысуының криминалистикалық маңызы зор. Себебі бұл белгілер арқылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер мәйітті қозғаса, бастапқыда ол қалай, қай қалыпта жаткандыгы анықталады. Егер мәйіттің қасында қару (ату қаруы, пышақ) жатса, оның мәйіттен қандай қашыктықта жатқандығы өлшеніп белгіленеді. Болған қылмыстың механизмін ойша болжау арқылы қылмыскердің белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан, майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мұндай іздер көбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан, оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтақтар пайдаланылады. Криминалистикада көзге көрінбейтін іздерді шығаруға қара және ақ түсті ұнтақтар қолданылады (қара түсті ұнтақтар - жез тотығы, қорғасын тотығы, графит, күйе; ақ түсті - мырыш тотығы, алюминий ұнтағы). Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге иодтың буын бағыттау арқылы майлы терден пайда болған іздерді шығарып, көрінетін жағдайға келтіруге болады. Ұнтақты қолданып шығарған, іздердің үлгісі дактилоскопиялық пленкіге көшіріледі де, иодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі силиконды паста қолдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялық реактивтер де колданылады. Осындай әдістермен ізді шығару және алу ipi, рабайсыз үлкен объектілердегі іздерді тауып алуга пайдаланылады (есікте, шифонерде, столдың үстінде). Егер із оқиға болған жерден алуға ыңғайлы кішігірім объектіде болса (мысалы, стаканда, бөтелкеде т.б.) ол объектінің өзін алып, ондағы іздерді лабораториялық жағдайда көрсетілген әдістермен шығарып алу керек. Оқиға болған жерді қарау үстінде табылған бұзу құралдарындағы іздердің үлгісін алуға да силиконды пасталар (паста "К", СКТН, КЛСЕ —305) қолданылады. Мұндай пасталар аяқ киімнің, көлемді іздердің (аяқтың, батпақта қалған етіктің ізі) үлгісін алуға пайдаланылады. Бірақ тергеу тәжірибесінде осындай іздердін үлгісін алуға көбінесе гипстің қоспасы колданылады. Егер механизм! әте күрделі қүлыптар бұзылған болса (мысалы, сейфтің қүлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мұндай жағдайда қүлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялық сараптамаға жіберіледі. Көліктің іздерін қарау үстінде зер салып анықтауға жататын мәселелер: доңғалақтың протекторының түрі; екі доңғалақтың (артқы және алдыңғы) ара қашықтығы, доңғалақтың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т.б.). Осы іздер бойынша оқиғаға қатысы бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның қай бағытта кеткенін анықтап, бұл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойынша жол-көлік оқиғасының болу механизмін анықтауга болады. Мысалы, доңгалақгың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдың жағдайын, қалпын, машинаның маркасын және басқа да жағдайларды ескере келіп, автотехникалық - сараптама оқиғага қатынасы бар машинаның, осы оқиға болар алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтап бере алады. Із қалдырған доңғалақ трасологиялық-сараптама арқылы идентификацияланады. Қылмыс жасауға ату құралы қолданылған болса, оқиға болған жерде оқгыц іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде оқтың кірген және шыкқан жерін анықтау керек. Оқтың іздерін қарау және зерттеу арқылы атылған оқтық бағытын, қашықтығын және қанша оқ атылғандығын анықтап білуге болады. Көзге көрінбейтін микроұлтактар болатын объектілерді ептеп абайлап қарау керек, Микроұнтактың бар, я жоқ екендігі микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады. Қарау үстінде негізгі қасиеттері, табиғаты белгісіз заттар киімде не басқа объектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін көрсету қажет (айталық, қоңыр түсті, қанға үдсас дақ деп атап жазу керек). Оқиға болған жерде қылмыскердің иісі де қалады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер элі күнге дейін жұргізілмейді. Бірақ адамньщ иісін осы иіс қалдырушы қылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осындай жұмысқа дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді "ізін суытпай" соңына тусіп ұстауға болады. Осы тәрізді қылмыскерді ұстауға, жалпы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары қарау үстінде және қарау біткеннен кейін де жүргізіледі. Егер тергеу қарауы түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы тиіс. Мұндай жағдайда оқиға болған жер бірінші карауда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана қаралады. Оқиға болған жерді қараудың соңғы кезеңінде табылған іздерді, айғақ заттарды олардың жағдайын, орналасуын, бәрін есептей келе, оларды талдау жасау арқылы бұл жерде не болды, ол қалай болды, оған қанша адам және кімдер қатынасуы мүмкін, болган оқиғаның зардабы кандай деген сүрақтарға жауап алуға тырысу керек. Осындай шығармашылық талдау үстінде тергеуші қарауға қатысқан мамандардың пікірін, олардан алынған ауызша мәліметтерді де еске алып логикалық талдау және синтездеу, дедукциялық және индукциялық әдістерді білгір колдану арқылы қылмысты ашуға керекті сұрақтардың бәріне жауап алуға тырысуы тиіс. Оқиға болған жерді қарау үстінде анықталған мәселелердің, табылган айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық бекітілуімен тығыз байланысты. Оқиға болған жерді қараудың барысын және нәтижесін бекіту тәсілдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Бекітудін жалпы тәсілі дегеніміз -оқиға болған жердіц жалпы көрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсілі - қарау үстінде табылган іздердің үлгісін алу және заттай дәлелдемелерді бекіту. Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту амалдары жалпы бекітумен қамтылатын болғандықтан, бұл жұмыста оқиға болған жерді бекітудің жалпы турлері қаралады. Оқиға болған жерді бекітудің ең негізгі және занда нақтылап көрсетілген түрі - хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлық жағдайлар, табылған және алынған іздер, айғақ заттар толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс. Хаттама үш бөлімнен түрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандыгы, оқиға болған жердің мекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, оқиға болған жер қандай жағдайда қаралғандығы туралы мәліметтер жазылады. Екінші, сипаттап жазу бөлімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй (пәтер) болса неше бөлмеден түратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабыргаға қондырылғаны, т.б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Қаралған объект сол қаралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша жерде тұрғандығы керсетіледі, Мысалы, "мәйіт жатқан диван оң жақтағы қабырғаның бойында, шығыс қабырғадан 2 м. жерде тұр" деп көрсетілуі керек. Мәйіт белменің ортасында, еденде жатса оның жатқан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық: мәйіттің басы батыс жақтағы қабырғадан 1,5 м., шығыс жақтағы қабырғадан2 м., ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса екі аяғы деп көрсетіледі) солтүстік жақтағы қабырғадан 3 м. де, батыс қабырғадан 1,3 м., деп көрсетілуі тиіс. Қарау үстінде табылған іздер, заттай дәлелдемелердің табылған жері, осы объектілердің нысаны, өлшемі, жағдайы хаттамаға толық сипатталып жазылуы қажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, кұрал-саймандар қолданылған болса, олар да хаттамаға міндетті түрде енгізіледі. Жоғарыда айтылғандай, қар үстіндегі іздерді бекітуге, айталық, олардың үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттамада толық көрсетілуі керек. Үшінші, қорытынды бөлімінде окиға болған жерді қарау үстінде қандай заттай дәлелдемелер алынғаны, осы хаттамаға қандай қосымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық, оқиға болған жердің схемасы сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі. Егер оқиға болған жерден мәйіт табылса, оның қай мәйітханаға кім арқылы жіберілгендігі жазылуы керек. Хаттаманық соңғы жағында қарауға қатынасқан адамдардан наразылық не тілек-өтініштердің түскен-түспегендігі көрсетіледі. Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақтылап көрсету үшін, оқиға болған жердің схемасы сызылады. Схемада оқиға болған жердің жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінің орналасуы, олардың ара қашықтығы кестелі түрде бейнеленеді, схемада оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік бағыты көрсетіледі. Оқиға болған жердің жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердіц орналасуын түсіндіріп, нақтылап көрсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бұл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жалпы шолу әдістерімен оқиға болған жердің көрінісі толық қамтылып түсірілсе, түйінді және болшекті әдістермен жеке объектілер, іздер, заттай дәлелдемелер түсіріледі. Осындай әдістермен алынған фотоқұ-жаттар хаттаманың орнына дәлелдеме есебінде емес, тек хаттамада баяндалып жазылған жағдайды нақтылап түсіндіріп көрсету үшін керекті қосымша дәлелдеме есебінде ғана пайдаланылады. Тергеуші келген сәтте оқиға элі аяқталмаған болса (мысалы өрт әлі толық өшірілмесе) былайша айтқанда, белгілі бір серпінді процестерді, құбылысты бекітуге тура келсе, осының бәрі бейнежазбаға түсірілуі керек. Қарау үстінде қолданылған бекіту тәсілдері мен қолданылған техникалық құралдардың бәрі міндетті түрде хаттамада көрсетілуі тиіс. Куәландыру
Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі - адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу кезінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және карау мезгілінде қолданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Осыған байланысты олар тергеулік және медициналық куәландыру деп аталады. Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қолданылады. Айталық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба. тағы басқа да ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау кезінде жалаңаштан-дыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу кезінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жүмыстардың бәрі моральдык нормаларға сай болуы тиіс. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның кезінде бір ерекше белгілер, дақ және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің сол жақ иығында қал, ал кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды. Тергеудің бастапқы кезеңінде ұсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтканындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені анықталды. Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды. Куәландыру сонымен қатар сот-медициналық сараптаманың ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін қарағанда арнайы медициналық білім қолданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру сараптамалық зерттеудің бір түрі болып саналады. Мұндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады: а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, қандай жарақаттар бар? ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығының дәрежесі? б) куәландырған адамның денесінде бұрын жасалған операцияның белгісі бар ма? Егер де жай қарау арқылы бұл сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот-медициналық сараптама тағайындалады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|