ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тергеу экспериментінің дайындық жумыстарыТергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде - эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент I жүргізілетін жерде өткізіледі.; Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі эзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең — мамандармен ақылдасу; кэсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы эдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері. Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тү_рып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал - саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау. а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе еткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру. Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиганы, әрекетті қайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған мұқият дайындалу арқылы қол жеткізуге болады. Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар түрінде -қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен-жай, жылдың кезеңі мен тэуліктері, aya райы; ұдсас заттарды - қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсіріледі. Үқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі таңдайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бұған жеткілікті дәрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нұқсан келтіруі мүмкін. Айталық, эксперимент кезінде нақты оқигаға орай уақыттың (тәуліктің, жылдың), ауа-райы жағдайының, жарықтың, сондай-ақ адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану қабілетінің, бақыланатын объектінің қашықтығының және оның сыртқы ерекшелігінің (көлемінің, нысанының т.б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушының қалпының (тұруының, отыруының, жатуының), бақылаушыға кедергі келтіретін жэйттердің (мысалы, автокөліктің, поездың қозғалысы), қабылдаудың ұзақтығы айрықша мәнге ие бола алады. Үқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталық, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа-райы, жарық сәйкес келетін нақ сондай уақытта кол жеткізуге болады. Мұндайда тергеушіге ұқсас жағдайларды қолдан жасап бас катырудың қажеті жоқ, себебі ол табиғи түрде тергеушінің кез алдында болуы керек, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сэтін дөп баса білу. Мұндай әдіс эксперимент кезінде қайсыбір құбылысты айнытпай санада қабылдап алу мақсатын көздейді. Жағдайды, оқиға болған жерді тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін бұрынғы қалпына келтіру жолымен де ұқсастыруға болады. Тергеу эксперименті кезінде бурыңғы жағдайды қалпына келтіру дегеніміз тәжірибе жүргізілетін қайсыбір объектіні, оқиганы немесе жағдайды бастапқы қалпына келтіріп қайта жасау. Мұндай жағдайда кейде өте күрделі реконструкциялық жү_мыстар жүргізіледі. Бұл жүргізілетін дайындық жұмыстардың күрделігі тергеу эксперимента өткізетін жердің қаншалықты өзгергендігіне және эксперимент үстінде шешілетін сүрақтардың ерекшелігіне байланысты. Тергеу экспериментінің түрі мен мақсатына сәйкес жағдайды байыргы қалпына келтірудің: • жагдайды алғашқы қалпына келтіру (заттарды қылмыс жасалған кезде тұрған күйінде қою); • бұрынғыларының орнына пайдаланылатын заттарды қалпына келтіру (қылмыскердің қаруларының үлгілері, өрт қоятын құраддар т.б.); • жоғалған, жарамсыз болып қалған немесе заттық айғақтардың орнына жүретін заттарды (қаруды) іріктеу сияқты тұрлері бар. Тәжірибеде жағдайды байырғы қалпына келтірудің басқа да түрлері кездеседі. Айталық, участікті алғашқы калпына келтіру үшін кей жағдайда кұрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңқыр жасау, я қазылып қойған шұңқырға топырақ салып бұрынғы деңгейіне жеткізу, алып тасталган қабырғаны кайта көтеру т. б.).Қалпына келтіру барысында кей жағдайда өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ойластырылмаған, кездейсоқ (мысалы, оқиға болған жерде адамдардың байқаусыз қимылдарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ойластырылған, полиция қызметкерлерінің өздері жүргізетін (мысалы, көлік апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек көрсету кезіндегі) өзгерістер түрінде болады. Жағдайды қалпына келтіру кезінде объектінің бұрынғы қалпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керек. Бұл жөніндегі деректер оқига болған жерді және жекелеген заттарды тексеріп, оны хаттамаға бекіту кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқүжаттардан, схемалардан, жерге орналастыру жоспарларынан, ғимараттың әр қатарының жоспарынан және басқа да қркаттардан, қылмыс жасалған кезде бұлінген заттардың байырғы қалыптарын білетіндерден жауап алу барысында анықталып, нақтылануы мүмкін. Қателесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа кркаттарда келтірілген деректерді мұқият салыстырып, ондағы кездескен қарама-қайшылықтардың анық-қанығына мұқият көз жеткізу керек. Шытырман жәйттерге кездескен кезде тергеушінің ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот-дәрігеріне, өрттен сақтандырушыға, құрылыс инже-неріне, т.б.) жүгінгені жөн. Ал егер қалпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, қайсыбір қү.рал-жабдыктарды пайдалану қажет болса, тергеуші мұндай қажеттілікті дәлелдеп қағазға түсіріп, арнайы қаулы шығаруы тиіс. э) Тергеу экспериментіне қатысушылар. Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алуы керек. Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тергеу экспериментіне қатысушылардың екі түрі қарастырылған - міндеттелетін және міндетгелмейтін каты-сушылар. Тергеу экспериментіне міндетті түрде қатысушылар - тергеушілер. Тергеуші экспериментті эзірлейді, тәжірибелі іс-кимылымен оған басшылық жасайды, оны өткізу, қайтадан өткізу қажеттігін анықтайды, эксперимента өткізуге қатысты барлық ұйымдық және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке басқа тергеуші немесе полицияның жедел қызметінің қызметкері бөлінуі мүмкін. Экспериментке айыпталушы, сезікті, куәлар, жәбірленуші, маман, сондай-ақ қорғаушы міндеттелмей-ақ қатыса алады. Эксперимента жүргізу кезінде оған прокурордың да қатысуына болады. Айыпталушы (сезікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағдыны игерген бе, жоқ па, соны анықтау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-қимылды өзгерту немесе басқалай эзірлік әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырылады. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде қатыстырылуы тиіс. Оны жауапты істерге күштеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәлар мен жәбірленушілерге қатысты мэселе де ссылай шешіледі. Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеушінің жағдай езгерген кезде тиімді шешім қабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда, іс-қимылды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін қатыстырылады. Ал маман-криминалист фотосуреттерге немесе кинобей-нелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мэселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді. б) Керекті техникалық құрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау. Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші эксперимент өткізуге қандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы керекті техникалық саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындап алуы керек. Мысалы, тергеу экспериментін жүргізуге өлшеу құралдары, фотоаппарат, бейнежазба, кейбір қосалқы құралдар да керек болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала анықтап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін еткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алуы керек. Күрделі жағдайларда тергеуші арнайы жоспар жасауы тиіс. Ол жоспарда тәжірибенің өткізілетін жері мен уақыты, қатысушылардың құрамы, олардың міндеттері мен байланысы нақтыланып керсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келгеннен кейін тергеуші қылмыс жасалған уақыт пен эксперимент жүргізілетін уақыт аралығында жағдайға қайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуреттің көмегімен хаттамада көрсетіледі. Сондай-ақ, тергеуші эксперимент нәтижесінде анықталған жэйттер мен қылмыс жасалған кездегі жэйттердің сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді. Экспериментке қатысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттің болашақ нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардың қай жерде болуы, қандай нәрсеге назар аударуы қажеттігі ғана айтылады, экспериментке қатысушы-лардың өзара үйлесімді қызметінің әдіс-тәсілдері айқындалады. Тәжірибе жүргізуге қажетті заттай дәлелдемелердің немесе олардың орнын алмастыратын заттардың жеткіліктілігі, сакталуы мен тәжірибеге жарамды-лығы тексеріледі. Экспериментке қатысушылардың барлығына да бұл тергеу әрекетінің мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге жария болмауы мұқият ескертіледі . Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|