ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарыОқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты. Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең -тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, окиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады: 1. өзі келгенше окиға болған жерді өзгеріссіз сақтап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді; 2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың окиға болган жерге кешікпей келуіне керекті шара колданады; 3. оқиға болған жерді қарағанда колданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды. Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нүсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне кылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді. Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрганда тергеуші қарауга қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала аныктайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт! не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәледцемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін. Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек. Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына темендегі дайындык жұмыстарын жүргізеді: • жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оган жедел медициналық жәрдем көрсетіледі; • оқиға болған жердің шекарасын анықтайды; «полиция кызметкерлерінің және баска да лауазымды адамдардын баяндауынан оқиға болған жерде кандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын аныктайды: • қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады; • керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нүсқау береді; • қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқұқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді; • тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуі талап етеді; • жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану • арқылы қылмыскердің ізіне түсіп. оны ұстауға нұсқау береді. Жоғарыда көрсетілгем және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын баска да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болган жерді қарауға кіріседі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|