Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тергеу экспериментінің барысы және оның корытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау




Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен, хаттамалар арқылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау бөлігінде тәжірибені кімнің қашан, қандай мақсатга, қалай жүргізгені, тәжірибені өткізу жағдайы, оған қандай заңдардың пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс.

Тәжірибе фотосуреттермен немесе бейнежазбалармен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнежазбасына түсіргенде де осы тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда мынандай шарттар мұдият сақталуы тиіс:

а) жалпы жағдайды, қалпына келтіру процесі мен оның нәтижесін тәжірибе жасағанға дейін назарға тоқып алу керек;

ә) жалпы әрекеттен оның әр бөлшегіне көшуге дейінгі іс үшін мәні бар әр тәжірибені есте ұстау қажет;

б) бейнежазбаны шығарғаннан кейін оны тергеу эксперименті хаттамасының мазмұнына сәйкес қүрастырған жөн.

Бейнежазбалар, әрине экспериментті хаттамалаумен алмастыра алмайды, тек оны толықтыра түсуге ғана қызмет етеді.

Қажеттілігіне байланысты тергеуші эксперимент өткізілетін жердің схемалық жоспарын жасайды, онда жекелеген заттардың, экспериментке қатысушылардың орналасу жағдайын, олардың қозғалу бағытын, басқа да сәттерді көрсетеді. Міне, осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана тергеу экспериментінің қорытындысын, осы бойынша алынған дәлелдемелер бағаланады. Тергеу экспериментінің нәтижесін бағалағанда, біріншіден, ең маңызды да шебер жүргізілген әрекеттерге, ол әрекеттердің анықтығына; екіншіден, тексерілетін фактілерге қатысты жүргізілген эксперимент, басқа да заттай дәлелдемелер негізінде жасалған тұжырымдарға, тергеушінің болжауына айрықша назар аудару керек.

Эксперименттің жағдайы мен оның қалпына келтірілуі ақиқатқа сәйкес, тәжірибе бірнеше рет қайталанғанда оның нәтижелері бірдей болған, әрекет кезінде ешқандай кездейсоқтыққа жол берілмегеніне көз жеткізілген жағдайда ғана шебер әрекет ақиқат оқиға ретінде бағаланады.

Бірнеше рет қайталағанда нәтижесі бір-біріне сәйкес келмесе, ондай тәжірибені ақиқат оқиға ретінде бағалауға болмайды. Егер тәжірибе қылмыстың калай жасалғанына көз жеткізетіндей нәтиже көрсетсе, оны бұлтартпайтын ақиқат ретінде емес, тек тексерілген фактінің шындығын анықтауға ықпал ететін, ақиқаттығы мүмкін болжау ретінде ғана қабылдау керек. Айталық, қылмыскердің терезеден түсуін айғақтайтын фактілер әлі де бұлтартпайтын ақиқат факт емес, өйткені басқа да ақиқат фактілер болуы әбден мүмкін.

Егер қылмысты ашу эксперимент жүргізу жолымен расталса, ондай тұжырым бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады. Ал, керісінше, қалдырылған ізді анықтау жолы эксперимент кезінде сезік тудырса, тергеуші қылмыстың ізін анықтаудың басқа жолын іздестіреді. Сезік тудырмайтын нәтижелер ғана бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных