ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Pound;2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстарыОбъектілерді тану үшін көрсетер алдында тергеуші біраз дайындык жұмыстарын жүргізу керек. Осы жүмыстардың ұдыпты, мұқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, корытындысының объективтігі тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғандай, объектілерді тану үшін көрсетудің керектігі бран бұрын куәден, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықган бұл тергеу әрекетін еткізу қажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер алдында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оның сол объектіні қандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бүдан соң бұл тергеу әрекетін қашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бұл мәселелерді шешуде тергеушінің объектіні тануға неғұрлым тезірек көрсету керектігін ескертуі тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын куәнің (жәбірленушінің) ойында көрген объектінің бейнесі, белгілері ұмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жұмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындық кезіндегі асығыстық тергеу әрекетінің сапасына керісінше әсер етеді. Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі қажет. Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі - көрсетілетін объектіге үдсас объектілерді табу. Айталық: адамды тану үшін көрсетуде осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні, келбеті жағынан ұқсас дублерлерді, ал заттарды тану үшін көрсету кезінде жалпы белгілері сәйкес келетін ұқсас заттарды табу кажет. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бүған белгілі бір мамандарды қатыстыруга тура келеді. Айталық: мәйітгің кім екенін тану үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы маманды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогты қатыстыру керек. Дайындық үстінде тергеуші керек құрал-саймандарды, ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бейнежазбаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап оны қодцанып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.Тану үшін көрсетілетін объектілерге байланысты тергеу әрекеті бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда: адамның кім екенін тану, заттарды тану үшін көрсету, мәйіттің кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін тануға көрсету. Малдарды тану үшін көрсету, белгілі бір жерді, не бөлмені, тұрғын-үйді тануға көрсету. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету тактикасында да ерекшеліктер бар. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|