Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері




Әр малдың өзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан малдың ұрланғаны туралы қылмыстық іс қозғалғанда оның осы сыртқы белгілерін білетін жәбірленушіге немесе куәге тану үшін мал да көрсетіледі. Көрсету объектісі ретінде малдың өзімен бірге оның мүшелері - басы, сирағы, түлғы, терісі, т.б. пайдаланылады.

Тергеу әрекетінің бұл түрін қолданғанда да жалпы заңдылық қатаң сақталуы тиіс. Айталық, мал тек ұрланған малдың сыртқы белгілерін жақсы білетін адамдарға ғана көрсетілуі тиіс. Тіпті, кейбір қажеттілік туған кезде малдың тұқымын, жасын дэл анықтау үшін бұған арнаулы мамандар, мысалы, мал дәрігерлері де шақырылады. Мұндайда танушы адамдар бұрын жауап алынған куәлер, жәбірленушілер, сезіктілер де болуы мүмкін. Сондықтан ұрланған малдың белгілері туралы бұрын жауап алынбаған адамдардық дәлелдемелері айғақтық мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ, көрсету кезінде малдың көруші адамға байқатқан мейірім райының мәні үлкен болғанмен, ол да айғақ ретінде пайдаланылмайды.

Ұрланған мал соған ұқсас малдармен бірге көрсетілуі тиіс. Әдетте, малдың иесі ұрланған малының ерекше белгілерін, оның мінезін, табиғатын жақсы біледі. Одан күткендегідей жауап ала алуы үшін тергеушінің де мал шаруашылығынан белгілі бір дәрежеде білімі болуы тиіс. Өйткені жауап мал шаруашылығында калыптасқан, малдың дене мүшелерінің орналасуының, дамуының ғылыми жүйесіне негізделіп алынады. Ең алдымен: малдың түлғасы, тұқымы, жасы т.б. басты белгілері сипатгалады. Содан соң жеке белгілері - басы, көзі, қүлағы, тісі, кеудесі, т.б. бейнеленеді. Одан әрі ерекше белгілері -салынған ендері, жарақаттан қалған тыртықтары, т.б. көрсетіледі. Сондай-ақ, ұрланған малдың иесіне кездескен кезде байқататын мінез-қылықтарының да маңызы зор. Тергеуші мұның бәрін де назардан тыс қалдырмауы тиіс.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных