ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігіҚылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді. Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді оқиғаның болған жеріндегі накты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметгер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап көреді. Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру арқылы, оқиғаның болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мүлдайда қандай іздер қалады, олар қай жерде қалуы мумкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін. 1960 жылға дейін процесуалдық занда мұндай тергеу әрекеті жрқ болатын. Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бұл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процесуалдық тергеу әрекеті есебінде заңца көрсетіліп, тергеуде жиі қолданылатын болды. Әрине, 6~үл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қолданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті жауап алумен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп үқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекелеген кейбір әдістері ғана аралас қолданатындықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады. Айталық, оқиға болған жерде тергеудің жауап алудан айырмашылығы мынада: оқиға болған жерде тексеру айғақ адамдардың қатысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер оқиға болган жерде қайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді қимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айгақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшелігі - танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байқаган кейінгі өзгерістерді де баяндайды, өзінің, кейде оқиғага басқа да қатысушылардың жекелеген әрекеттерін кимыл үстінде көрсетеді.Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты анықтай түсу, жаңа дәлелдемелер алу максатында тергеуші оқиға болган жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер қажетгілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер табылса тергеуші оны да іске пайдаланады. Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Тағылган айыпты мойнына алып, қылмыс жасаған жерін көрсетуге ықыласын білдірді. Осыған байланысты оқиға болған жерге келгенде А. есікті қалай бұзғанын, құлыпты қайда лақтырғанын, ондағы затгарды қай жерлерден (шкафтан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының нақты қай жерде тұрғанын көрсетіп берді. Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-ақ апдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жататынын не жатпайтынын анықтауға көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің окиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын алдында берген жауабында айтқан болатын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секіріп тоғай жаққа кеткенін көрсетуге келгенде 4 м ордан секіріп кетуге болмайтындығына көзі жеткен соң шындығын айтуға тура келді
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|