Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Стаудың тактикалық әдістері




Тәжірибеде байқалғандай, ұстаудың әрқайсысының езіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның тактикалық әдісі де әр түрлі. Алайда, мұның өмірдегі қолданылуын талдай келе, күдік келтірушілерді жекелеп те, топтап та қолга түсірудің сыннан өткен, үлгі ретінде қолданылатындай ортақ әдістерін бөле айтуға болады.

Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала эзірлік жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқавдай дайындықсыз-ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды.

Алдын ала әзірлік жүргізу арқылы қымыскер ашық жерде, кргамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мэдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимараттарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында, түратын мекен-жайында ұсталуы мүмкін.

Қылмыскерді ашық жерде кенеттен үстаған жеңіл. Өйткені ол қүдық қорғау органдарының қызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай қалады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы қарсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне кауіп төндіруі мүмкіңдігін де ескерген жөн. Сондыктан сезік келтірушінің оқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолға түсіру керек. Ол үшін полицияның кем дегенде үш қызметкері сезіктелушіге жақындап, оған ойда жоқта екеуі тап береді де, оны қарусыздандырады, ал үшіншісі қаруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын дайын тұрады. Өйткені, қылмыскер қарсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы заттай дәлелдемелерді, кркаттарды жоқ қылып жіберуге тырысуы әбден мүмкін. Мұндайда, әрине қылмыстының күш-қайратын алдын ала ескеріп, оған сан жағынан да, аила жағынан да басым күшті жұмылдыру қажет.

Бір топ қылмыстыны ашық жерде үхтау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы қызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сэтті күтіп, сол сэт соққанда кимылға кірісуге бұлрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш эзір тұрады.

Саябақтағы орманды алаңқайда, орман ішінде, далалық жерлерде қылмыстыны ұстаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндай жерлерді сүзіп шығуға тура келеді. Ол үшін аталған аумаққа алдын ала оған кіретін жолдардың бәрі анық көрініп тұратындай етіп бақылаушылар қоршай орналастырылады. Бір жер учаскелерге бөлініп, топ мүшелеріне кесіліп беріледі. Бір-бірімен, әсіресе кешкі және түнгі сағаттарда байланысып тұру үшін топ мүшелері арасында құпия хабарласу белгісі белгіленеді.

Аталған жерді сүзіп шығу алдын ала келісілген белгі және багыт бойынша қатаң тәртіппен басталады. Жедел топтың мүшелері жыра, шү-ңқыр, сондай-ақ қалың шөп, жыңғыл ескен, басқа да жасырынуға ыңғайлы жерлерді сүзіп, қылмыскердің қалдырып кетуі мүмкін іздерін, шындықты ашуға себепші әр түрлі заттарды (темекі тү.қылын, шырпы қорабын, бүктеме қағаздарды, т.б.) іздейді. Із кесетін иттердің қимылындағы өзгерістерді қалт жіберуге болмайды. Сондай-ақ құстардың әдеттен тыс мазасыздануына да назар аударған жөн. Өйткені сол арқылы қылмыскердің қай жерге тығылғанын, қайда бет алғанын болжауға болады. Жерді сүзіп шығатын топтың құрамына сол аймақты жақсы білетін адамдар енгізіледі. Егер тексерілетін учаскелердің бірінен қарсылық байқалса, басқа учаскедегі топтар алдын ала келісілген жоспар бойынша әрекет етуге міндетті.

Қылмыскер көп жағдайда қылмыс жасауға бара жатқан жерінде ұсталады. Мұндайда қылмыс жасау ниетімен бағыт түзеген адамның соңына бақылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін

жерге қоршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қьлмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осывдай әрекеттің алдын алуы тиіс.

Егер ұрланған зат табылып, бірақ оны ұрлаушы белгісіз болса, қылмыскерді ұстау үшін жаңағы жасырылған бағалы заттың маңына күзет қойылуы мүмкін. Мүндай жағдайда мұны білетін адамдардың мейлінше сақ болғаны жақсы. Күзет көбіне ұрланған заттың жасырылған жерін білетін адам анықталғаннан және онымен бұл туралы ешкімге тіс жармауға келіскеннен кейін қойылады. Күзет бұған қажеттілік жойылған кезде алынады.

Парақорлық, мемлекетгің немесе қоғамның мүлкін жымқыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқгы қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан-таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстіңде тұтқындалады. Сезік келтіруші (айыпталушы) тұракты немесе уақытша жұмыс орнында кэсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептері түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кэсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сытылып кетуге тырысуы мүмкін.

Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмыскерді тұрғын үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішіне қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай әрекетке болсын қылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәтте ол ізін жасыруы немесе қажет деп тапса қарулы қарсылыққа эзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана, оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді. Мұндайда, үйге кірместен бұрын жедел топтың мүшелері үйдегі жалпы жағдай, ондағы сезік келтірушілердің жеке басы туралы барлык мәліметпен қайтара толық танысады. Бұл кезде үйде басқа да, оның ішінде қылмысқа қатысты адамдар да болуы мүмкін. Бұған қоса, сезік келтірушінің осы сәтте немен айналысып жатқанын (ұйқыда ма, арақ ішіп отыр ма, жәй демалып отыр ма, т.б.) да білу қажет.

Әдетте, үй маңындағы белгіленген орынға алдын ала із кесетін иттерімен қоса жасырын бақылаушылар қойылып, олар көрінбейтіндей етіп жасырылады. Содан соң жедел топ мүшелері үйге елеусіз жақындайды. Үйге кірерде қылмыскер немесе оның туысқандары сезіктенбеуі үшш көмекке үй басқармасының немесе басқа мекемелердің қызметкерлерін көмекке шақырған жөн. Үйге кіру үшін одан біреудің шығатын немесе кіретін сәтін күту керек. Бұған әрі полиция қызметкері алдын ала жасалған, кейін үйге кірер алдындағы жағдайға байланысты пысықталған жоспар бойынша әрекет етеді. Үйге кірісімен, топ мүшелері ең алдымен қылмыскерді қарусыздандыруға ұмтылады, содан соң ұстайды.

Тергеуден қашып жүрген қылмыскер, егер оны көзімен көргендер немесе жәбірленушілер қылмыс жасаушыны тікелей көрсетсе, қылмысын өтеп отырған жерінен қашып жүргендер назарға ілінсе, сондай-ақ үрлаған заттарын тасып бара жатқан, базарда, сауда кэсіпорындарында, басқа да елді мекендерде сатып жүрген кезінде ол алдын ала эзірліксіз ұсталады.

Аталған жағдайларда, ауыр қылмыс жасағандардың қарулы қарсылык көрсетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қылмыстың басқа түрін жасағандар да белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсетері сөзсіз. Сондықтан қылмыскерді ұстауға әзірленген топ карсылықтың қандай түріне болсын дайын түруы керек. Сонымен бірге соңына элдекімдердің түскенін сезген қылмыскердің ізін жасыруы үшін ешқандай әрекетген тайынбауы мүмкін.

Полиция қызметкері қылмыскердің соңына ол жасырынуы мүмкін бағытпен түседі. Ұстау мақсатында кылмыскердің қылмыс жасаған жерден алған көлік құралдары туралы, басқа да мәліметтер пайдаланылады. Қылмыскер уақыт өткізбей, жедел үсталуы тиіс. Ол үшін ізге түсетін арнайы топ қүрылады. Ол топ жер ыңғайын, қосымша қүрылыстарды зерттейді, жол бойындагылармен, қарсы кездескен автокөліктің жүргізушілерімен, жолаушылармен сөйлеседі және жағдайға орай әрекет етеді. Қауіпті қылмыскерді ұстау мақсатында ішкі істер бөлімдерінің бастықтары қылмыскер шығып кетуі мүмкін басты-басты жолдарды (теміржол бекеттерін, аәропортты, көлік жолдарындағы тоқтайтын жерлерді, т.б.) күзету үшін жедел топ жібереді.

Егер ізге түсу кезінде қылмыскердің бір объектіге кіргені туралы хабар келсе, ол объектінің кіретін және шығатын жерлері бақылауға алынады, қажет болса із кесетін иттер әкелінеді. Содан соң полиция қызметкері жағдайга орай объект ішіне кіріп, қылмыскерді ұстайды. Объектіні сырттай бақылау үшін көмекке аула тазалаушылар, күзетшілер, басқа да тиісті адамдар шақырылуы мүмкін.

Ұсталған адам сол бойда үсталған жерінде тінтіледі. Сонымен бір мезгілде объект ішіне де тінту жүргізіледі. Мүлың бәрі тиісті тәртіппен хатталады.

Сезік келтірушіні ашық жерде ұстауға тапсырма алған полиция қызметкері оның кимылын бақылауға кіріседі, тактикалық қолайлы сәтті күтіп, оны қолға түсіреді. Егер қылмыскерлер бірнеше адам болса полиция қызметкері телефон арқылы немесе басқа жолдармен көмек шақырады, көмек келгенше бақылауды тоқтатпайды. Егер мулдай көмек көрсетілмесе полиция қызметкері қалай әрекет ету керектігін өзі шешіп, қылмыскерді ұстауға кіріседі. Үсталғандар таяу маңдағы полиция бөлімшелеріне жеткізіледі, онда әр ұстау әрекетіне хаттама толтырылады. Онда қылмыскердің ұсталған уақыты, оны ұстауға себеп болған жэйттер, басқа да тиісті деректер көрсетіледі.


IX тарау






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных