Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Стауға әзірлік




Ұстауға әзірлік дегеніміз не? Ол ұсталуға тиісті сезіктелушінің жеке басын, оны ұстау көзделген жердің жағдайын зерттеу; ұстаудың жоспарын жасау; жедел топты жасақтау, жабдықтау және оған нұсқау беру.

Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зертгегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекетінің каншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның бойында қаруының бар-жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай-ақ бұған дейін «полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен жоқ па, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе", міне осы мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зертгеледі. Осыған қоса, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-қулқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, эдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді тактикалык әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін қажет.

Сезік тудырушыны ұстау көзделген жерді зерттеу арқылы жедел топ ұстау кезінде төңіректі еркін болжап, батыл қимылдай алады. Топ мүшелеріне накты жағдайға орай міндет жүктеледі, бақылау нүктесі, көлік қоятын жер белгіленеді, қозғалыстың бағыты анықталады. Егер қылмыскерді белгілі бір құрылыс ішінде ұстау көзделсе, оның құтылып кетпеуі үшін осы құрылысқа кіретін не шығатын барлық жерлерді, бөлмелердің қалай орналасқанын, терезелерін, баспалдақтарын, қосалқы құрылыстарын алдын ала тексеру, қүрылыс маңындағы жабынды жерлерді, бүта, ағаштарды, тығылуға болатын басқа да барлық орындарды анықтау керек. Егер қылмыскер ашық жерде ұсталса сол маңдағы көшелерді, жекелеген бұрылыстарды, аула ішіндегі іргелі қуыстарды, қала көлігі жүретін, бұта арасына, жыра-сайларға, тоғандарға апаратын жолдарды алдын ала қарап шығып, есте ұстау қажет.

Қылмыскерді ұстайтын жерді жедел топтың жетекшісі тікелей өзі зерттейді.

Содан соң оның схемалық жоспары жасалады, ол ұстау тактикасын белгілеу және жедел топ мүшелеріне нұсқау берер кезде пайдаланылады.

Әзірлік барысында қажетті мәліметтер жиналған алғашқы материалдардан, қылмыстық істегі деректерден, жедел-іздестіру деректерінен, қылмысты тіркеу жүйесінен, архивтерден және басқаларынан алынуы мүмкін. Жиналған осындай мәліметгердің негізінде қылмыскерді ұстаудың жоспары жасалады. Онда ұстау мерзімі мен ұсталатын жер, кімнің қандай шараларды жүзеге асыратыны, жедел топты кімнің басқаратындығы көрсетіледі. Тобымен ұстау қажет болғанда жоспарда жедел топтың нақты қай мүшесі нақты қай қылмыскерді ұстайтыны дэл белгіленуі тиіс. Кей жағдайда, әсіресе ашық жерде қолға түсіру көзделген кезде, жедел топтың қүрамына із кесетін иттерді де кіргізген жөн. Із кесетін ит қылмыскердің соңына түскенде, оны үй астынан, төбеден, үй маңындағы қосалқы құрылыстардан, ашық жерлерден іздегенде, қылмыскер қарулы қарсылық көрсеткенде қажет.

Кейбір жағдайларда, мысалы: іздеу, соңына түсу, күзетпен айдап жүру, тағы басқа қажеттілікке орай жоспарда кылмыскерді көзбе-көз көргендердің, жэбірле-нушілердің, коғамдық өкілдердің, лауазымды адамдардың көмегі де пайдала-нылады. Мұндайда көмектесушілерге қылмыскердің ешқандай зақым келтірмеуі үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануы керек.

Полиция қызметкерлерінің қылмыскерді ұстайтын жерге қандай көлікпен, қандай жолмен жүріп баратыны да жоспарланады. Және мұны жоспарлағанда кылмыскердің полиция қызметкерлерін жол үстінде басқа жолаушылардан айырып, танып қалмайтынына айрықша назар аударылады. Көлік, байланыс құралдары тиісті жерге дер кезінде жеткізіліп, көзден тасаландырылады. Бұған қоса кылмыскерді ұстағаннан кейін көлік тұрған жерге, одан соң полиция бөлмесіне жеткізетін жол белгіленеді. Өйткені сыбайластарының жолшыбай қылмыскерді туысқандарымен және басқа да таныстарымен кездестірмеуі үшін мұның маңызы зор.

Бір мезгілде әр жердегі бірнеше адамды қатар ұстау қажет болған кезде қылмыскерлердің бір-бірімен кездестірілмеуі көзделеді. Олар тергеу орнына әр түрлі жолмен, әр түрлі көлікпен жеткізіледі және алғашқы тергеу жүргізілетін камераларға жеке-жеке қамалады. Жоспарда сондай-ақ жедел топтың қандай техникалық-криминалистикалық құралдармен жабдықталатыны көрсетіледі. Сонымен бірге, жедел топ мүшелерінің бір-бірімен қалай байланыс жасайтыны анықталуы тиіс. Бұл мақсатта жедел топтың автокөлігіндегі де, мотоциклдеріндегі радиоқондырғылар, жақын мандағы телефондар және басқалары пайдаланылады.

Ұстауға әзірлік жедел топқа нүсқау берумен аяқталады. Өйткені топтың барлық мүшелері өздеріне нақты қандай міндет жүктелгенін, яғни кімді, қашан, қай жерде ұстайтынын дәл білуі керек. Ол үшін оған ұсталатын адамның барлық белгілері, басқа да қажетті деректер толық айтылады. Егер топ мұшесінің қолында қылмыскердің суреті болса сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың әр мүшесінде үсталатын адамның суреті болғаны жөн. Жедел топтың мүшелері кімге, қай жерде бақылау жасайтынын, қылмыскер жасырынған жерге кімнің, қалай кіретінін, қылмыскерді қарусыздандыру үшін қандай қимыл жасайтынын, қылмыскер қарулы қарсылық көрсетсе не істеу керектігін, үсталғаннан кейін қылмыскерді калай алып жүру қажеттігін мүқият еске тоқып алуы тиіс.

Нүсқау кезінде жедел топтың әр мүшесінің атыс қаруын қалай қолданатыны тексеріледі.

Топ мүшелеріне қылмыскермен тілдеспеуді, қылмыскердің ұсталғаны, сондай-ақ ұстау мен тінтудің нәтижесі туралы құпияны жария етпеуі ескертіледі.

Жедел топтың мүшелеріне, сонымен бірге, егер ұстау кезінде бүрынғы белгіленгеннен басқа жағдайларға тап болса, айталық, ұсталатын адам көрсетілген жерде жоқ болып шықса немесе онда бір немесе бірнеше қылмыскер қарсы кездессе қандай шешім қабылдау, қосымша күшті калай шақыру кажетгігі түсіндіріледі. Өмірде мұлдай жэйттер жиі кездеседі. Сондықтан әзірлік кезінде ұстаудың бірнеше әдістері жасалады және ол алдын ала пысықталып, зерделенеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных