ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекітуТану үшін көрсетудін барысы және нәтижелері туралы хаттамада жазылады. Хаттама үш бөліктен - кіріспеден, баяндау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде объектіні тану үшін көрсетілген жер мен уақыт, бұл әрекетке қатыскан басқа да адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Онда сондай-ақ көрсетуге үсынылған ұқсас адамдар мен заттардың сыртқы белгілері суреттеледі. Хаттаманың бұл бөлігінде қатысушыларға тергеу әрекетінің мәні түсіндірілгені, куә мен жәбірленушінің жауап беруден жалтарғаны немесе жалған жауап бергені үшін жауапты екендігін ескертілгені туралы айтылады. Жауап диктофон жазбасына жазылатын болса, бұл туралы да танушыға ескертілгені баяндалады. Хаттаманың баяндау бөлігінде тану үшін көрсетілген жердегі жағдай, көрсетілген адамдардың (заттардың, малдардың) қалай орналастырылғаны, жарықтың қалай түскені мен күші, уақыты туралы мәліметтер жазылады. Одан әрі танушының дәлелдемелері қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі түсіріледі. Тергеушінің ақиқатты анығырақ аша түсу үшін қойған сұрақтары, әдетте, хаттамада көрсетілмейді, ол жалпы эңгіме түрінде беріледі. Егер объект танылмаса хаттамада мүны танушының баяндағаны айтылады. Айталық: ол мұдда ізделген объектінің жоқтығынан әрекетке қатысушылардың бірде-бірі оны танып, көрсете алмады немесе ешкім объектіні есіне түсіре алмады десе мұның бәрі танушының айтуымен, бірінші жақта беріледі. Хаттаманың қорытынды бөлігінде колданылған ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар туралы көрсетіледі. Бұл бөлікте қатысушылардың тану үшін көрсету кезіндегі тергеушінің әрекетіне және басқа да жекелеген жағдайларға байланысты ескертулері айтылады. Мысалы, танушы хаттамада танудың дұрыс-бұрыстығы туралы жазылғанын каласа, ол қысқаша түрде көрсетілуі тиіс, хаттамаға тергеу әрекетіне қатысушылар қолдарын қояды. Хаттамаға тіркелген фотосуреттер кестеленіп, оны тергеуші куәландырады. Әртүрлі объектілерді тану үшін көрсетудің нәтижелері бойынша сезік келтіруші мен айыпталушының айыбын ашатын немесе ақтайтын дэлел де, жанама да дәлелдемелер алынуы мүмкін. Алайда, мұлы негізге алу үшін тергеушінің бұл нәтижелерді қайтара өте мұқият тексеріп алғаны жөн. Ол оның алдында басқа да тергеу әрекеттері кезінде алынған немесе жаңа дәлелдемелермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндайда сараптама, тергеу эксперименті, окиға болған жерді қарау тағы басқа да тергеу әрекеттері қолданылады.
VII тарау Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|