ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Стау түсінігі және оның негіздеріҰстау дегеніміз - қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды. оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жұргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті. Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолга түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңагы адамды қылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оның тұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады. Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаган, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рүқсаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде занда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті. Негізсіз ұстау зандылықты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондыктан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді. Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін. Тобымен ұстау көп жағдайда қиынға түседі. Ұстаудың мұндай түрінде сезіктелуші және оның сыбайластары тобымен немесе жалпы қылмыстық іске қатысы жоқ, дегенмен, әр түрлі себептермен қылмыс жасалган жерде бірге болган бірнеше сезік тудырушылар бір мезгілде күзетке алынады. Сондықтан оларды тобымен емес жеке-жеке, яғни олар әр жерде бөлек жүрген кезде ұстау тактикалық жағынан тиімді. Бұл мақсатта алдын ала қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуі мүмкін. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|