ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сот сараптамасын тағайындауСот сараптамасы - тергеушінің қаулысы, соттың ұйғаруымен тағайындалады. Сараптама қажеттігі мен оны тағайындау мерзімін тергеуге немесе сот ісіне байланысты туындаған жағдайларды есептей отырып және тактикалық тұжырымдарға сүйеніп, тергеуші немесе сот анықтайды. Сараптама жұмысына қажетті барлық материалдар жинақталған, сараптамалық объектілерді зерттеуге болатын, ал шешілетін мэселелер сараптама мүмкіндігіне сәйкес келетін жағдайларда ғана тағайындалады. Сараптама дер кезінде жүргізілуі керек. Өйткені оны тағайындау кезіндегі уақыт созу күтпеген жайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ бұл істегі асығыстық та сараптамаға қажетті төл материалдардың жетіспеуі де бұл бағытта ақиқатты анықтауға көмектесетіндей сараптамалық тркырымның сапасына белгілі бір дәрежеде кері әсер етері сөзсіз. Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу жоспарлануы, сараптаманы тағайындап, өткізуге эзірлік шаралары қылмысты тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс. Тиісті сараптамалар тағайындалмас бұрын, сараптамаға жіберілетін объектілер алдын ала зерттеліп, қойылатын белгілі бір сұрақтар мөлшері айқындағзн, сөйтіп сараптамалық зертгеудің қажет, не қажет еместігіне көз жеткізген жөн. Алдын ала зерттеуді тергеушінің өзі немесе ол оны бұл багытга молырақ тәжірибе жинақтаған әріптесінің қатысуымен жүргізеді. Зерттелетін объект міндетті түрде ешқандай өзгеріссіз, кылмыс болған сэттегі қалпынан өзгертілмей зерттелуі тиіс. Сараптаманың толық және айқын да дәл тұжырымы көбіне көп сарапшылық шешімге ұсынылатын объектіге қатысты сұрақтардың дұрыс койылуына, сараптама тағайындау жөніндегі қаулының және басқа да материалдардың айқын әзірленуіне байланысты. Бұл сұрақтар құқықтық деңгейде бола алмайды, сарапшының өкілетгігінен және арнаулы білім қолдану шеңберінен шығып кетпеуі қажет. Сонымен бірге, егер зерттелетін жағдайға қатысушыньщ құкықтық емес, негізінен техникалық сипаттағы әрекеті (әрекетсіздігі) қайсыбір тәртіпке, нұсқауға қатысты болса, сарапшының алдына мүның сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы мәселе қоюға болады. Сараптамаға материал дайындаған кезде кейде сарапшының жауап алуға, оқиға болған жерді қарауға, куәлік ету және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу қажеттігі тууы мүмкін. Мұндайда сарапшы сараптама жүргізілетін объектіге қатысты сұрақ қоя алады немесе тұжырым жасауға қажетті материалдарды іске тігуге ұсыныс жасауына рұқсат етіледі. Сарапшының сараптаманың мақсатына қайсыбір материалды болсын өз еркімен алуына құқығы бар. Сараптамаға жөнелтілген заттай дәлелдемелер және салыстырма үлгілер мейлінше сапалы, дәл белгіленіп, сараптама тағайындау жөніндегі қаулыда айқьш жазылуы тиіс. Салыстырмалы зертгеуге қажетті үлгілер Қылмыстық Іс Жүргізу кодексіне сәйкес жеке тергеу әрекеті ретінде жүргізіледі. Осы орайда, графикалық сараптама тағайындағанда салыстырып зерттеуге үлгі алудың ерекшелігін айтып кету керек. Графикалық сараптамаға жіберілетін үлгілер еркін және эксперименталды болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық іс қозғалмай түрғанда және іске байланысы жоқ құжаттағы қолжазбалар еркін жазылған үлгі деп саналады. Арнайы сараптама үшін алынған графикалык таңбалар эксперименталды деп есептеледі. Басқа үлгілерді алу маманның (айталық, судың, ауанын, қанның, тіс сыныктарының және басқаларының үлгілерін алғанда) қатысуымен жүзеге асырылады. Үлгілер алу процесі хатталып кана қоймайды, сондай-ақ фото-суреттердің, бейнетаспалардың, кинотүсірімдердің көмегімен толықгырылады. Сарапшыға сараптама жасауға жіберген материалдармен танысуға ғана мүмкіндік берілмей, сонымен бірге қажет жағдайларда оның істегі басқа да жәйттермен танысуына қолайлы мүмкіндік тудырылуы тиіс. Мұндай кездің бәрінде де тергеуші (сот) сарапшының істегі қандай жағдайлармен және қандай деректермен таныстырылуы тиістігін мұқият ойластыруы керек.Егер сарапшы материал қорытынды тұжырым жасауға жеткіліксіз деп есептесе, оның қосымша материалдар беруге ұсыныс немесе тергеушіге қорытынды түжырым жасаудың мүмкін еместігі туралы жазбаша түрде хат жолдауына қүкығы бар. Қылмыскерді тергеуші сараптама тағайындағандығы туралы каулымен таныстыруы тиіс. Ал егер адам әлі қылмыскер деп танылмай, тек сезікті ғана болса, онда оны да мүмкіндігінше аталған қаулымен таныстырған жөн. Занда қаралған тәртіп бойынша сараптама тағайындағанда оған айыпкердің қорғаушысы да қатыса алады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|