ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Pound;5. Сот сараптама жүргізу әдістемелеріСараптамалық зерттеудің қалыптасқан процесі өзінің міндеттері, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері бар, сабақтастырыла жүргізілетін бірқатар кезеңдерден тұрады. Жалпы алғанда, сараптамалық зерттеуді - дайындалу, объектілерді бөлшектеп жеке-жеке зерттеу, салыстырып зерттеу, зерттеудің нәтижелерін синтездеу мен бағалау, зерттеу нәтижелерін бекіту сияқты кезендерге бөлуге болады. Дайындалу кезеңі - сараптамалық қарау, бастапқы ақпараттармен және материалдармен танысу, міндеттерді айқындау, зерттеу объектілерін қарау, материалдардың жеткіліктілігін анықтау, зерттеу жоспарын жасау кезеңі. Бөлшектеп зерттеу кезеңінде оның мәнін, сапалық және сандық анықтылығын, объектінің құрылымының шығу және өзгеру сипатын ашу мақсатында әр сараптама объектісінің жалпы және жеке белгілері мұқият талдана зерттеледі. Осы кезенде зерттелетін объектілер және салыстыру үлгілері жеке-жеке қаралып зерттеледі, әр объектіге тән идентификациялық белгілер сарапталып алынады. Қажеттілік туған жағдайда әртүрлі сараптамалық экспериментгер жүргізіледі, объектіні механикалық бөлшектеп зертгеу әдісі қолданылады. Салыстырып зерттеу кезінде салыстырмалы объектілер белгілерінің ұқсастыгы мен сәйкессіздігі, яғни заттай айғактар белгілерінің салыстырмалы ұлгілердегі белгілерге сәйкес келетін не сәйкес келмейтіндігі анықталады, белгілердің үксастық жиынтығы бекітіледі. Зерттеудің нәтижелерін синтездеу мен бағалау кезеңінде сарапшының жұмысы, сараптамалық түжырымдар қорытындыланып, бағаланады. Мұнда зерттелетін құбылыстың мәнін ұғынуға, олардың жалпы және ерекше, занды байланыс, табиғатынан бар ерекшеліктерін және басқа белгілерін түсінуге көмектесетін жалпылау, абстракциялау, модельдеу әдістерін қолданудың да маңызы айрықша. Қазіргі таңда сараптамалық зерттеуде бүгінгі заманғы математикалық әдістер және электронды есептеу машиналары кең қодданыла бастады. Зерттеу нәтижелерін бекіту кезінде сараптамалық процесс аяқталып, оған қорытынды түжырым жасалып, ол бекітіледі. Сараптамалық тәжірибеде қабылданған талаптарға сәйкес сараптамалық қорытынды үш бөліктен — кіріспе, зерттеу және қорытынды бөліктерден тұрады. Кіріспеде қорытындының немірі мен басталган күні туралы, сараптаманы тағайындаған адам мен орган туралы, сараптама жүргізудің құқықтық негіздері, істің жағдайы жөнінде шағын баяндау, сараптамаға берілген материалдардың тізімі, сараптама алдына қойылған міндеттер туралы мәліметтер келтіріледі. Зертгеу бөлігінде сараптамалық зерттеуді жүргізу процесі мен оның нәтижелері, яғни объектіні зерттеу деректері, оны зерттеудің әдістемесі, заттай дәлелдемелерге қатысты анықталған ұ.йқастықтар мен сәйкессіздіктер, зерттелген объектінің байқалған белгілері туралы ғылыми түсініктеме, олардың бағасы және басқалары анықталады. Сонымен бірге көрсетілген баяндау зерттеудің мәнін және өткізілген сараптама логикалық дұрыс тұжырым жасау мақсатьнда мейлінше түсінікті болуы тиіс. Қорытынды бөлікте (тұжырымдарда) сараптама алдына қойылған сұрақтарға жауап беріледі. Қайсыбір сұрақтарға жауап берудің мүмкіндігі болмаса сарапшы оның себептерін көрсетуі қажет. Идентификациялық сараптамалар бойынша салыстырып, зерттеп отырған объектілердің тепе-тең екендігі, не олардың әртүрлі, тепе-тендігі жоқ екендігі анықталады. Тепе-тендік бар деп қорытынды жасауға идентификациялық белгілердің қайталанбайтын тобының салыстырып отырған объектілерде бірдей барлыгы негіз бола алады. Кей жағдайда идентификациялық зерттеу үстінде салыстырып отырған объектілердің ұқсастығы гана анықталуы мүмкін. Мұны, әрине екі объект тепе-теңдігі табылды деп санауға болмайды. Сарапшының тұжырымдары анықтылық жағынан сөзсіз шешуші және мүмкіндік деңгейде болуы мүмкін. Зерттелген және белгіленген фактілерге қатысты ол жағымды және жағымсыз сипатта болады. Сонымен бірге сараптамалық тұлсырымдар кейде күрделі болуы да мүмкін. Айталық, баламалық негізінде ажырату ұғымы жататын (және шартты) егер бекітілген түлсырымдар басқа жағдайлардың анық-қаныгына қатысты болса. Сарапшының мүмкіндік деңгейіндегі түжырымы дәлелдемелік емес, болжамдық, яғни тергеу болжамдарын келтіретін, іс бойынша басқа дәлелдемелерді тергеулік іздеудің мүмкін бағыттарын болжайтын сипатта болады. Мү_ндай тұжырымға мән бермеу мүлде дұрыс емес, дегенмен, ондағы ақпараттарды пайдалануға ойланып, сақтықпен қарау қажет оның үстіне тергелетін фактілер бойынша басқа мүмкіндіктердің кездесетінін де естен шығармау керек. Егер сарапшы зерттеу барысында алға қойылмаған мэселелер бойынша қайсыбір фактілерді анықтаса, ол бұл туралы өзінің қорытындысында көрсетуі тиіс. Сарапшының тркырымдары сенімді болу үшін фотосуреттермен, кесте-лермен, сызбалармен, диаграммалармен және басқаларымен қосымша, көрнекгі түрде баяндалуы қажет.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|