ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдарыҚылмыстардың әрбір жеке түрлері бойынша анықтауға жататын мән-жайлар шеңбері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес баптарымен анықталады. Заң нормалары мен тергеу тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, криминалистикалық әдістеме тергеушіге қылмыстардың әрбір түрі немесе тобы бойынша анықтауға жататын мән-жайлардың қатарын нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін ұсыныстарды өңдеп жетілдіреді. Анықтауға жататын мән-жайлар Қылмыстық іс жүргізу кодекстің сәйкес баптарының диспозициясы мен қылмыстық процестегі дәлелдеу пәні элементтерінің механикалық үйлесімділігі ғана емес екендігін нақты ескертіп өткеніміз жөн. Аталған санаттар қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық құқық ғылым салаларына жатады, криминалистика ғылымымен толықтырылады, өңделеді, жетілдіріледі және де соның негізінде жаңа сапаға ие болады. Қылмыстардың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесінің құрылымы мен мазмұны. Әртүрлі қылмыстарды тергеу әдістемесіне арналған окулықтар мен монографияларда құрылымның толықтығы мен кезектілігін қамтамасыз ететін материялдар ұйғарылып қабылданған нақты бір схемамен беріледі. Қылмыстардың нақты бір түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің типтік құрылымына сәйкес жеке әдістемеден келесілер көрініс табуы қажет: • нақты қылмыс түрін (тобын) тергеу кезінде анықгауға жататын жағдайлар; • нақты бір қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы; • қылмыстық істі қозғау және берілген санаттағы іс бойынша тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау ерекшеліктері; • тергеудің әрбір кезеңіндегі туындайтын типтік ситуацияларына, сондай-ақ тергеушінің әрекетінің тақтикалық және ұйымдастыру мен басқа да шараларының ерекшеліктеріне байланысты тәртіп ережелері (багдарламасы, алгоритмі); • берілген сипаттағы істер бойынша арнайы білімдерді қолдану ерекшеліктері; • қоғамның көмегін пайдапану ерекшелігі; • қылмыстың берілген түрін тергеу кезінде тергеушінің анықтау аппараттарымен өзара байланысын үйымдастыру; • сәйкес санаттағы істі тергеуге байланысты материалдары бойынша тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке әдістеменің бұл құрылымы криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелерінің құрылымы сияқты типтік болып табылады; бұған осы және басқа да анықтаулар жатады. Жеке әдістеме толық деңгейде өнделіп жетілдірілген деуге болады, ол қазіргі криминалистика тарауларының барлық талаптарына жауап береді және оның ары қарай дамуының базасын құрайды. Тергеу әдістемесінің мазмұнына кіретін негізгі дәрежелерге - қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, типтік тергеу ситуациясы, тергеу кезендері, арнайы білім жатады. Криминалистикалық сипаттама түсінігінің көлемді болуына байланысты оны біз бөлек тарауда қарастырамыз. Ал арнайы білім үшінші бөлімде жеке көрсетілген. Тергеу ситуациясы - тергеудің белгілі бір кезеңінде қолданылатын тергеушінің қолындағы тергеу ісіне маңызды ақпараттар (дәлелдемелер, сондай-ақ процесуалдық емес жолмен алынған мәліметтер). Тергеу ситуациясының мазмұны келесілерден турады: іс бойынша жиналған дәлелдемелерден; тергеу үшін маңызды басқа да ақпараттардан; алынған ақпаратгардың қайнар көзі туралы мәліметтерді алудан. Бұл фактілі мәліметтер жиынтығы өз кезегінде тергеліп отырған оқиғаның нақты кезеңінің бейнесін толық әрі обьективті түрде сипаттайды және тергеуші оны бағалай отырып өзінің кейінгі жүргізетін тергеу әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Тергеу ситуациясын багалау оның мазмұнына кіре ме деген сұрақтардың туындауына байланысты көптеген пікір-таластар болуда. Кейбір авторлардың пікірлері бойынша тергеу ситуациясының түсінігіне міндетті түрде субьективтік жағдайды бағалау кіреді және ол бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады - фактілік және перспективті (тергеудің алдагы болашағы). Бұл авторлардың пікірлерінше перспективті бөлім тергеудің нақты жағдайын тергеушілердің бағалауы мен олардың алдында тұрған мәселелерді анықтаудан және көздеген мақсатына жету үшін белгілі бір әдіс-тәсілдерді тандауларынан тұрады. Тергеу ситуациясының маңызды элементі болып тергеушінің өзі табылады; «тергеушінің санасында қалыптасқан жағдайға байланысты перспективті бөлімнің қалыптасуы, ең алдымен тергеушінің өзінің талпынысына байланысты келесі жағдайдағы фактілік бөлімге өтеді. Барлық жағдайда тергеуші алдымен тергеу барысын талдауы тиіс, іс бойынша жиналған қандай да бір мәліметтерді бағалай отырып, соның негізінде өзінің кейінгі жүргізетін тергеу әрекеттерін жоспарлауы қажет. Тергеушінің алда тұрған мәселелерді шешуі, іс бойынша жиналған дәлелдемелер мен басқа да қолда бар деректерге байланысты болады. Нақты сөзбен айтқанда тергеудің алдағы барысы және алынған мәліметтер өзара үзіліссіз диалектикалық байланыста болады. Дегенімен де ситуация салыстырмалы жеке категория ретінде тергеу ситуациясының мазмұнына кірмейді және оның шеңберінен тыс Тергеу ситуациясының шеңберінен тыс қарастырылады. Тергеу ситуациясының сипатын анықтаған кезде міндетті түрде алдымен обьективтік негізі бар факторларға сүйену қажет. Тергеуші бағалайтын факторлар мен ситуацияларды түл~ас қарастырғанда әртүрлі бағалауы мүмкін (ол жағдайдың шын мәніне сәйкес, дұрыс және толық бағалауы немесе субьективті қателесуі. мүмкін); әртүрлі лауазымды тұлғалар (мысалы: тергеуші мен тергеу бөлімінің бастығы немесе прокурор) тергеу барысы мен нәтижесін әртүрлі бағалаулары мүмкін, бірақ одан тергеу ситуациясы өзгермейді. Іс бойынша анықталған мәліметтер мен тергеу барысында жиналған нақты жағдайлар - тергеушінің немесе басқа да лауазымды тұлғалардың оларды қалай бағалауына қарамастан өзгермейді. Қандай да болмасын бір құбылысты бағалауда, оның сипатын анықтау мен даму көрінісі бұл құбылыс мазмұнына кіре алмайды. Әрине, тергеуші тергеу барысын үздіксіз талдай отырып өз жұмысын бағалайды, соның негізінде жоспарын өзгертіп, көзделген (белгіленген) тергеу әрекеттерінің тақтикасын түзетеді. Барлық жағдайларда жұмыстың сипатына қарамастан, оны жүргізу барысын бағалауда жасаған алдын ала қорытынды және субьектінің (орындаушы) әрекетінің перспективі (алдағы болашағы) осы жұмыстың бір бөлігі немесе оның қорытындысының көрсеткіші бола алмайды. Кез-келген дерек, оқиға, құбылыс материалдық санат ретінде танылады, ал оны қандай да болмасын трғаның бағалауы, соның ішінде бұл деректің немесе оқиғаның пайда болуына тікелей қатысты тұлғалардың бағалауы - ойлау санаты. Сондықтан да деректі субьективтік бағалау бұл деректің мазмұнына кірмейді, принципиалды түрде жол берілмейді. Бұл мәселеге байланысты профессор Р.С. Белкиннің көзқарасына ерекше тоқталып еткеніміз жөн. Оның тергеу ситуациясына: «тергеу ситуациясы» - бұл Нақты тергеу жүргізіліп жатқан кездегі мән-жайлардың жиынтығы, яғни дәлелдеу процесі жүргізіліп жатқан кездегі мән-жай - деп түсінік береді. Сонымен тергеу ситуациясының мағынасы кең - оған тергеу барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық жағдайлар кіреді. Осыған сәйкес тергеу ситуациясының компоненттері анықталады. Олардың қатарына төмендегілер жатады: • психологиялық сипаттағы компоненттер: тергеуші мен оған қарсылас тұлғаның арасындағы даудың нәтижесі, іс бойынша тергеушінің, тұлғалардың психологиялық касиеттерінің көрінісі және т.б.; • ақпараттық сипаттағы компоненттер: тергеушінің (қылмыстың жасалу жағдайы, іздестірудегі обьектінің жасырылған орны және т.б. жөнінде) мәліметтендірілуі; тергеушіге қарсы позициядағы және іске қатысты өзге де трғалардың (мысалы: табылған және табылмаган дәлелдемелер жөнінде тергеушінің және куәлердің хабардар екендігі жөнінде, тергеліп отырған іске байланысты тергеушінің пікірі жөнінде және т.б.) мәліметтендірілуі; • процесуалдық және тақтикалық сипаттағы компоненттер: іс бойынша өндірістің жағдайы, дәлелдемелер және олардың қайнар көздері, бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі, қылмыстық іске қатысты тұлғаларды бір-бірінен беліп, оқшаулау (изоляциялау), нақты бір тергеу әрекеттерін жүргізу және т.о.; • материалды және ұйымдастырылған-техникалық сипаттағы компоненттер: кезекші белім мен жедел-тергеу тобының арасындағы қатынастың болуы; ішкі істер органдарының тіркеу аппараттары аркылы ақпарат жеткізуші құралдардың болуы және т.б. Бұл пайымдау, бір қарағанда өте дәлелді болып көрінеді. Шынында тергеушінің психологиялық жағдайы, оның білімділік дәрежесі, тәжірибесі және т.б. жағдайлар тергеу барысына әсерін тигізетіндіктен олар тергеу ситуациясына кіруі тиіс. Мысалы: егер тергеуші шаршаған немесе тергеу барысында міндетті түрде анықтауға қажетті қойылатын сұрақтарды дұрыс қоюды білмеген жағдайда тергеу әрекетін тиісті деңгейінде жүргізе алмайды, бұл дегеніміз қажетті мәліметті ала алмау деген сөз, нәтижесінде тергеу ісі шиеленісіп тығырыққа тірелуі мүмкін. Тергеу ісін жүргізу барысы мен оның нәтижесі көбіне тергеушінің техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, жедел-іздестіру аппараттарымен өзара байланыс деңгейіне және т.б. байланысты. Дегенімен де тергеушіні және оның жұмысының нәтижесіне тікелей немесе жанама әсер ететін факторларды тергеу ситуациясының элементі ретінде қарастыру дұрыс емес. Тергеу ситуациясы мәселелерін өңдеу келесідей тәжірибелік мақсатты -белгілі бір қылмыстың түрі мен тобын тергеу кезінде жинақталған типтік ситуацияларын анықтауды және соның негізінде жасалған кылмысқа сәйкес тергеу әдістемесі бойынша ұсыныстар жиынтығын өңдеп жетілдіруді көздейді. Тергеу ситуациясының түсінігі мен мазмұны осы мәселелерге жауап беруі шарт. Берілген криминалистикалық категорияның түсінігі мен мазмұнынан тергеу ситуациясын типтендіру мүмкіндігі көрініс табуы тиіс. Егер де барлық компоненттерін қосатын болсақ, ситуацияны типтендіру мүмкін емес. Бір топты - тәуекелге бойұрғыш, шешімді, өзіне нык сенетін тергеушіге ұсынуға болмайды және басқа топты - өте шешімді, бірақ терең пікірлі, ойлампаз және сақ тергеушіге ұсынуға болмайтындыгы айдан анық; бір ұсыныстар - сангвиник-тергеушілерге арналса, ал басқалары меланхолик-тергеушіге арналады; бірі оқиға болған жерге автокөлікпен баруды ұйғарса, екіншісі ол жерге еріксіз жаяу жетуі мүмкін және т.б. Тергеушінің қызметіндегі нақты бір іске байланысты туындайтын сансыз әртүрлі интеллектіні, физикалық және психологиялық ерекшеліктері, тіршіліктегі ситуациялық жағдайды және басқа да жағдайларды ешкандай әдістеме типтендіре алмайды, Криминалистика гылымының ережелері - тергеушінің шығармашылық ізденісін әдеттік «стандартты» пайдалануға, оның кэсіби дайындылығына, жаңа криминалистикалық техника жабдықтарын игеретіндігіне, анықтама органдары мен қажетті мамандардан кеңес, көмек алу мүмкіндігіне, қажет болған жағдайларда қызметтік көліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне және т.б. негізделе отырып қалыптастырылады. Әрине мұнда дерексіздік (абстрақция) орын алады, шынайы өмірде тергеушінің өзі және оның жұмыс жағдайы барлық уақытта стандартқа сәйкес келе бермейді. Бірақ мұндай дерексіздіктер ғылымда қашып құтылуға болмайтын жағдай және заңға сиымды болып табылады. Сонымен, тергеу ситуациясы криминалистикалық категория ретінде көлемі бойынша тәжірибеде жинақталатын ситуациямен сәйкес келуі мүмкін емес. Бр түсініктің мазмұны өте тар көлемде қарастырылып, сонымен қатар тергеушінің жеке басына қатысты факторлар, оның техникалық қамтамасыз етілуі, жұмыс жағдайы және т.б. қарастырылып отырған түсінікке кірмейді. Өйткені бұл тергеу ситуациясын типтендіруге мүмкіндік бермейді. Тергеу ситуациясының мазмұнына тек бір ғана - ақпараттық факторлар тобын кіргізу тиімді болып табылады, тәжірибе көрсеткендей, бұл факторлар тобы қылмыстарды тергеу барысында қолданылатын нақты ұсыныстарды өндеуге жеткілікті. Тергеу ситуациясын әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Барынша тергеуге тиімді топтастыруларға мыналар жатады: типтік және нақты ситуациялар; іс бойынша тергеу барысында жалпы жинақталган және жеке тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі ситуациялар; қайшылықты және кайшылықсыз ситуациялар. Типтік ситуациялар - белгілі бір қылмыс түрі немесе тобын тергеудің нақты бір кезеңіндегі жинақталған ақпараттар көлемі мен мазмұнына тән ситуациялар. Ұрлық және басқа да қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңіне келесідей үш типтік ситуациялар тән: • қылмыскер қылмыс жасау үстшде ұсталды; • қылмыскер ұсталмады, бірақ оған іздестіру әрекетін жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей, ол жайында белгілі бір ақпараттар бар; • қылмыскер ұсталмады және ол жөнінде ешқандай мәліметтер жоқ (мысалы: қалтадан ұрлаған кезде). Ал зорлау қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңіне мынандай 2-типтік ситуациялар тән болуы мүмкін: • жәбірленуші қылмыскерді біледі және оны іздестіруге мүмкіндік беретіндей мәліметтер бере алады; • жәбірленуші қылмыскерді танымайды және ол жөнінде ешқандай деректер бере алмайды (егер жәбірленушіні зорлау тосыннан (кенеттен) болып, ол қылмыскерді дұрыстап көре алмаған жағдайда) және т.б. Нақты ситуаиияларга - белгілі бір қылмыстық істі тергеу кезіндегі жинақталған аьуалдар жатады. Олар типтік ситуацияға сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Қылмыстық істі тергеу кезінде толық жинақталған ситуациялар барлық жағдайда да қайшылықты болып табылады. Ал жеке тергеу әрекетін жүргізу барысында жинақталған ситуациялар қайшылықты немесе қайшылықсыз да болуы мүмкін. Қылмысты тергеу кезендері. Ұзақ жылдық тәжірибе негізіне сүйене отырып криминалистер тергеу кезеңін алғашқы және кейінгі деп екі кезеңге бөліп қарастырады. Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші төмендегідей негізгі мәселелерді шешіп алуы қажет: • қылмыстық істі козғауга байланысты шешім қабылдау кезіндегі мәліметтер негізінде қылмыстық оқиға туралы жасалған жалпы типтік болжауларды тексеру; • зерттеуге жататын деректерді анықтау; • жоғалып немесе жойылып кетуі мүмкін дәлелдемелерді кейінге қалдырмай жинау және бекіту; қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды іздестіру және ұстау үшін қажетті шараларды дер кезінде қолдану; • қылмыспен келтірілген залалдардың орнын толтыруға байланысты жедел шаралар қабылдау; • қылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызған мән-жайларды анықтауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру; Тергеудің кейінгі кезеңінде істің барлық мән-жайларын толық анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты жүргізілетін жұмыс әрі қарай жалғастырылады. Тергеудің алғашқы және кейінгі кезеңдері тергеушінің алдына қоятын міндетгерімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, тергеудің алғашқы кезеңінде тергеушінің уақыты тығыз болғандықтан көп жағдайларда (әдетте) жазбаша жоспар құрмастан жылдам қарқындықпен жұмыс істейді. Тергеудің келесі кезеңінде, тергеушінің жұмыс істеу қарқыны төмендеп, бәсеңдейді. Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші кейінге қалдыруға болмайтын барлық тергеу әрекеттерін орындап, іске дәлелдемелік маңызы бар материалдарды жинап бітіріп, оларды талдап, зерттеп, тексеруге және іс бойынша тергеу жоспарын толық құруға кіріседі. Әрине бұл шекара шартты болып табылады; кейде алғашқы кезең мынандай жағдайларда аяқталуы мүмкін, мысалы: сезіктіні ұстағаннан кейін тергеуді ары қарай жүргізу бағытын анықтайтын іске маңызды қандай да бір дәлелдемелер алынған жағдайларда. Криминалистикада тергеудің алғашқы және кейінгі кезендеріне байланысты жекеленген қылмыстардың әрбір нақты түрлері бойынша - тергеу әрекеттерін, жедел және ұйымдық шараларын жүргізу шенберіне және олардың кезектілігіне қатысты ұсыныстар өнделіп қалыптастырылган. Кейінгі жылдары криминалистер өз еңбектерінде тергеу кезеңдерін әртүрлі және бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырып жүр. Әрине бұлай бөліп қарастырған да өте орынды. Қылмыстық іс қозғау кезеңдері көптеген іс категорияларына тән, тергеу барысында тергеушіге келіп түскен оқига жөніндегі қылмыстың белгілері бар материалдарға тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бөтеннің мүлкін иелену үйымдасқан топ болып жасалған қылмыстар бойынша және басқа да тергеу істерін аяқтау мен айыптау қорытындысын шығарудың өзіндік дербес кезеңдері бар. Қылмыстың басқа түрлерінде жоғарыда аталған екі кезендерге бөліп қарастыру барынша қолайлы болып табылады. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелеріне қатысты негізгі сұрақтарды білу, меңгеру өте қажет. Онсыз тәжірибеде тергеушіге кездесетін әртүрлі қылмыстарды тергеуде, қылмысты тез ашуға және тергеуді нәтижелі жүргізуге көмегін тигізетін жеке әдістемелік ұсыныстарды шығармашылық игеру мен пайдалану мүмкін емес.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|