Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






L. Қылмыскердің тулғасы




Қылмыскер тұлғасы - криминологиялық ғылымның негізгі зерттеу обьектісі. Криминалистика ғылым ретінде қалыптасқан сәттен бастап, қылмыскердің тұлғасын зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Н.П. Яблоков қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттеуде екі бағытты бөліп көрсетеді. Бірінші бағыт - әрекеттің түрі, орны мен уақытын, қылмыстық қол сұғушылықтың пәнін ескере отырып белгісіз қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алуды қарастырады. Екіншісі - субьект тұлғасының кримина-листикалық тұрғыдан бағалау мақсатында сезіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттеу. Аталған екінші бағыттың жалпыланған ғылыми нәтижелері қылмыскер тұлғасының типологиялық ерекшеліктері туралы ақпаратты қалыптастыруда маңызы ерекше. Қылмысты тергеу процесінде белгісіз қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттегенде оқиға болған жерден табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлардың көмегімен қылмыс жасаған тұлғаның биологиялық, физиологиялық, кэсіби белгілері есепке алынады. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы үшін қылмыскердің элеуметтік, демографиялық, психологиялық қасиеттері де үлкен маңызға ие. Атап айтсақ:

өмірбаян сипатындағы мәліметтер (жасы, жынысы, ұлты, білімі, отбасы жағдайы);

қоғам өмірінің негізгі салаларында тұлғаның қатысуын сипаттайтын мәліметтер;

тұлғаның элеуметтік-психологиялық қасиеттері (темперамент, ерік-сезіктері);

Әр түрлі қылмыстар жасайтын субьектілердің тұлғасы жөніндегі осы мәліметтерді жалпылау - қылмыскер тұлғасын қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементері ретінде нақтылауға көмектеседі.

Жәбірленуші

Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушінің типологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады. Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер криминалисти-калық жоғары маңызға ие. Олар:

жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс механизмінің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтауға;

жәбірленушінің тұлғасын, оның қылмыскермен қарым-қатынасын зерттеуге;

тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға;

жәбірленушінің тұлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыста болатын қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге;

жәбірленушінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тақтикалық әдістерін тандауға көмектеседі;

Жәбірленушінің тұлғасы туралы типологиялық мәліметтер жауап алу және оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных