ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттерҚылмыс іздерін жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі жасауға бағытталады және жасыру (утаивание), жою (уничтожение), инсценировка және жалғандық (фальсификация) түрінде көрініс табуы мүмкін. Жасыру кезінде қылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім болады. Жою - қылмыс іздері мен ол туралы ақпаратты физикалық күш тұрғысынан жою жөніндегі белсенді әрекеттерден керініс табады. Инсценировка - қылмыскер, қылмыс құралы және қылмыс жасаудың мән-жайлары туралы түсініктерді өзгерту мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы: обьектілердің орнын ауыстыру, қылмыс субьектісінің сыртқы көрінісін өзгерту және т.б. Іздер мен өзге де дәлелдемелік ақпараттың жалғандығы - олар туралы жалған түсінік калыптастыруға бағытталған. Мысалы: жалған көрсетпелер беру, жалған куәларды қою, жалған іздер қалыптастыру және т.б. Тергеушінің қылмысты жасыру тәсілін білуі қылмыскердің айла-тәсілдерін уақытылы анықтауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын әрекеттерді алдын алуға септігін тигізеді. ІП тарау КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БОЛЖАУЛАР ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІ ЖОСПАРЛАУ Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара Байланысы Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергсушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудіқ ı белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай: тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді. Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысга болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бр ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаңың бір түріне - жұмыс гипотезасына жатады. Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқига жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандьны жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан гуындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сэтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау қате болған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады. Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі - тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, Осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|