ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспарЖасау техникасы Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар. Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы. Жоспардың жекелілігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәледдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жріысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен катар тергеушінің жауапкершілігін арттырады. Тергеу жоспарынын Нақтылыгы дегеніміз - ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтардың анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.Жоспардың серпінділігі (динамикалық қағидасы) ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек. Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақгылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді. Анықталуы жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық қағидасы деп атайды. Тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін оларды үлымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет. Бірінші кезекте кідіртпей өткізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары жоспарлануы тиіс. Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді. Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжауларына негізделеді және сол болжауларды тексеруге багытталады. Сондықтан жоспардың бірінші элементі - осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және соған байланысты тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі жоспардың екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрақтар тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан, орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады. Жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен құралады. Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі. Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және қараудың қорытындысынан туындаган тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді талдап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, болжауларды тексеруді жоспарлайды. Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|