Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасының ҚК-нің " " бабымен қарсы қозғалған




Санды қылмыстық іс бойынша жасалған тергеу

Ж О С П А Р Ы

Тергеу Болжаулары Анықталатын сұрақтар,істің мән-жайлары Тергеу әрекеттері: жедел іздестіру және басқа да жұмыстар Орындау Мерзімі Орындау Кімге Жүктеледі Шаралардың орындалу нәтижесі

Кестеде көрсетілген әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады. Кейбір көп көріністі істерде әр көрініске жеке-жеке жоспарлар да жасалады.

Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталган, жиналған айғақ мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, көп көріністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа қатынасы бар әр айыпкерге "жеке eceп" карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған қылмыстық әрекеттер және оның осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапқа тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудың "шахматты ведомость" деген түрі де жиі қолданылады.

Мұндай жағдайда бірінші бағанға әр іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға қылмыстың жеке-жеке көріністері жазылады. Айыпкер қай қылмысты көрінкже қатынасты болса сол бағанға "х" деген белгі койылады. Бұл жоспарлау тәсілін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

Қылмысты 1 көрініс. 2 көрініс. 3 көрініс. 4 көрініс.

жасауға

қатынасқандар.

1.Айыпкердің аты-жөні х х х

2.Айыпкердің аты-жөні х х х

3.Айыпкердің аты-жөні х х х

 

Кейбір өте үлкен істер бойынша күрделі, бірнеше торлы басқару жоспары да жасалады. Мұ-ндай көп торлы кестеде тергеушінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғүрлым маңызды жұмыстарды, қай бағытта және қандай тергеу шараларын орындау үстінде қандай кедергілердің, киындықтардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.

Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекше-ліктері бар. Тергеудің бастапқы кезеңінде кідіртілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстарының жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезендерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыс-тары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталық, сот-сараптамасын тағайындау, тергеу экспериментін жүргізу, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен Нақтылау, тағы басқа да тергеу әрекеттерін өткізу жоспарланады.

Жалпы қылмыстық іс бойынша жасалатын тергеу жоспарымен қатар кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтқанда, жауап алу, тергеу эксперимента жүргізу де жоспарланады. Мұндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тақтикалық тәсілдер, сонымен қатар тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін өткізілетін басқа да ұйымдық жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай тергеу әрекеттерінің жоспары жалпы тергеу жоспарының бір элементі есебінде саналып, осы жоспардағы мәселелерді шешуге бағытталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных