Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылмыс жасау тәсілі. Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бұл элемент өте үлкен маңызға ие




Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бұл элемент өте үлкен маңызға ие. Әрбір жекелеген жағдайларда қылмыс жасау тәсілі нақты болады. Қылмыстық-құқықтық ғылымында қылмыс жасау тәсілі қылмыс құрамының обьективтік жағын сипаттау үшін қажет. Ал қылмыстық іс жүргізу құқығында бр элемент қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың бірі және айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің құрылымындағы міндетті элементердің бірі ретінде карастырылады.

Криминалистикада қылмыс жасау тәсілі - қылмыс іздерін қайдан, кімнен іздеуді, ол іздер қандай құ-ралдармен қалдырылғандығы, т.б. мән-жайларды анықтауға көмектесетін ақпараттың маңызды қайнар көзі болып табылады.

Қылмыс жасау тәсілі - деп қоршаған орта жағдайлары мен қылмыскердің психофизиологиялық қасиеттерімен анықталған, қылмысқа дайындалу, оны орындау мен ізін жасыру жөніндегі әрекеттердің жүйесін түсінеміз. Қылмыс жасау әдісі криминалистикалық сипаттаманың негізгі элементерінің бірі екендігі туралы барлық криминалистердің пікірі бір болып есептеледі. Қылмыс жасау әдісін танып-білу - іс бойынша қажетті мән-жайларды танудың кілті десекте болар.Қылмыс жасау тәсілдері обьективтік және субьективтік факторлар негізделіп қалыптасады. Обьективтік факторларға қылмыскер қол сұққан қоғамдық қатынастардың түрі мен сипатын, қылмыскер әрекет еткен жағдайды, қылмыстық қол сұғушылық пәнінің ерекшеліктерін жатқызуға, ал субьективтік факторлардың катарына қылмыскер мен жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстың ниеті мен мақсатын кіргізуге болады.

Қылмыс жасау тәсілі күрделі, әрі жинақтаушы ұғым. Қасақана жасалған қылмыстарға байланысты қылмыс жасау әдісі бойынша мынандай элементті көрсетуге болады: дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері. Ал абайсызда жасалған қылмыстарда келесідей екі немесе бір элемент орын алуы мүмкін: орындау немесе орындау және жасыру әдістері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных