Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылмыстардың жекеленген түрлерімен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері




Жекеленген қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі - бір криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнің бірыңғай жүйесін құрайтын қорытынды бөлім болып табылады.

Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі немесе криминалистикалық әдістеме - криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленгеи қылмыс түрлерін ашу, тергеу, оларды алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру зандылықтарын зерттейді.

Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі - әрбір криминал-дық іс-әрекет жеке өзіне гана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді (бір қылмыстың жекеленген бір түріне немесе тобына қатысты белгілер). Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады. Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы - нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.

Қылмыс белгілерінің жалпылығы олардың әрқайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдістемесінде әрбір нақты іс-әрекетті тергеуге қатысты нұсқаулар жоқ және болуы да мүмкін емес, әдістеме -жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып барлық қылмыстық әрекеттерге тән сипаттамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші оларды нақты бір қылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме ұсыныстарын нақты бір қылмыстық істі тергеуге механикалық қолдану - тергеушінің қылмысты ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін қиындатады. Демек, криминалистикалық техника мен криминалистикалық тақтикадағы қылмыстық оқиғалардың жекелен­ген түрлері мен топтарының тергеуге қатысты мәліметтері мен оларды мақсатты пайдалануға бағытталған жөніндегі ұсыныстарды жинақтайды.

Осыған байланысты криминалистиканың төртінші бөлімі - адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлық жасау және т.б. әрекеттерді тергеу әдістемелерінде мазмұндайтын бірқатар тараулардан тұрады. Бір қарағанда бұл бөлім, яғни қылмыстың түріне байланысты тергеу - жинақталған әдістемені құрайтын тарау ретінде көрінуі мүмкін. Мұндай көзқарастар тергеу әдістемесінің ғылыми тұтастығын және ғылыми күндылығын толығымен бейнелеуді, сонымен қатар кез-келген қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді ғылыми түрде ұйымдастыруға негізделген жалпы заңдылықтарды көрсетпейді.

Қылмыстардың жалпы белгілерінің болуына негізделе отырып, бұл бөлім қылмыстық істің кез-келген түрі мен тобына қатысты сұрақтарды дұрыс шешуге байланысты маңызды мәселелерді зерттейді. Олай болса, кримина-листиканың «криминалистикалық әдістеме» деп аталатын бөлімі келесідей екі бөлімнен тұратынын көрсетеді:

- криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері;

- қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері. Жалпы ережелер - бұл криминалистикалық әдістеменің (жүйесі, міндеттері,ғылымның басқа түрлерімен байланысы және т.б.) теориясы.

Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережелерінің құрылымына төмендегідей мәселелер кіреді:

- криминалистикалық әдістеменің ұғымы, пәні; әдістеменің криминалистиканың басқа бөлімдерімен өзара байланысы; криминалистика жүйесінде әдістеменің маңызы мен рөлі;

- анықтауға жататын мән-жайлардың ұғымы мен мазмұны;

- қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ұғымы, мәні және мазмұны;

- тергеу ситуациясының түсінігі мен мәні;

- тергеу кезендерінің түсінігі; әрбір кезеңнің міндеттері мен жалпы сипаттамасы.

Жеке әдістемелер - бұл қылмыстардың нақты түрлері мен топтарын тергеудің ұсыныстары, бағдарламалары болып табылады. Жалпы ережелер мен жеке әдістемелер өзара тығыз байланысты, олар алдын-ала тергеудің сапасын арттыру мәселелерін, сондай-ақ қылмыстылықпен күресті күшейту міндеттерін көздейтін ұсыныстардың ғылыми негізділігін көрсетеді (жалпы негізділігінен тұрады).

Жеке әдістемелер өз кезегінде мынандай 2 топқа бөлінеді:

• типтік;

• ерекше.

Алғашқылары қылмыстық заңда көзделген қылмыстардың жекеленген түрлері бойынша құрылған және қылмыстық жазалайтын әрекет түрлерінің санына сәйкес келеді. Қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы жеке әдістемелердің өңделуін қажет етеді. Декриминализация өз кезегінде әдістемелер санының азайуына әкеп соктырады.

Қазіргі іс жүзіндегі қылмыстық заңга қылмыстық топтың оншақгы түрі мәлім.

Ерекше жеке әдістемелер - бұл бастапқы белгілерден ерекшеленетін басқа белгілердің бөліну негізінде кіретін әдістемелер:

• қылмыстың жасалу орыны бойынша (темір жолда; су транспоттарында және т.б.);

• қылмыскердің жеке басының сипаттамасы бойынша (кәмелетке жасы толмағандардың, рецидивистердің, әйелдердің);

• қылмыстық әрекетті жасау сәтінен бастап еткен уақыт мөлшері бойынша (бұрынғы жасалған қылмыстар);

• тергеуге қатысатын тергеушілердің саны бойынша (тергеу әрекетін бригадалық әдіспен жүргізу әдістемесі).Жеке әдістемелер - бөлшектенуіне байланысты бір сатылы, екі сатылы және т.б. болып келеді. Мысалы: жымқыру жолымен жасалған мүлікті ұрлау қылмысын тергеу әдістемесі - үй-жайларда, ғимаратға жасалған ұрлықты тергеу әдістемесі және қалтаға және т.б. түсу жолымен жасалған ұрлық қылмысын тергеу әдістемесі болып бөлінеді. Тәжірибедегі нақты қылмыспен күрес жүргізуге байланысты бөлшектеу әдістемелерін өндеу қажеттілігі туындайды.

Бұл бөлімнің негізгі міндеті - қылмысты тергеу мен оның алдын алу әдістерін өңдеу және жұмыс барысында криминалистикалық техника мен тақтиканың әдіс-тәсілдерін неғұрлым тиімді пайдалану болып табылады. Оны шешу мәселесі тергеу тәжірибесіндегі ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар мен тәсілдерді (сонымен қатар, қылмыстық әрекеттерді жасау мен оның ізін жасыру тәсілдерін) пайдалану дағдысын ескере отырып, ғылыми талдаулар жасау негізінде жүзеге асырылады. Тергеу әдістемесінің құндылығы тергеу жұмысының әдістері мен формаларын жан-жақты талдаумен, сондай-ац криминалистиканың соңғы жетістіктерінің нәтижесімен анықталады. Ол қылмысты тергеу мен ашу процесі барысында тергеушіге тергеу ісін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, жіберілуі мүмкін кемшіліктердің, сонымен қатар уақытты бос өткізудің алдын алуға көмегін тигізеді.

Криминалистикалық әдістеменін арнайы мәселелеріне (міндеттеріне) келесілерді жаткызуга болады:

• қылмыс пен қылмыстылықтың криминалистикалық бағытын (позициясын) зерттеу;

• қылмыстардың әртүрлі топтары мен түрлерін тергеу жолымен ашу және алдын алудың нәтижелі тәжірибесін зерттеу мен талдап қорыту;

• жасалған қылмыстық жауаптылық әрекеттері бойынша тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы заңдылықтарын анықтау;

• тергеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру, сонымен қатар қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын алдын алудағы ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар құрастыру.

Криминалистикалық әдістеменін қайнар көздеріне:

• қылмыс құрамының белгілерін, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша тергеу барысындағы дәлелдеу пәні мен шектерін анықтайтын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары;

• криминалистиканың, криминалистикалық техниканың, криминалистикалық тақтиканың жалпы теориясының ережелері, криминалистикалық- ұйымдастырушылық ережелері;

• қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу тәжірибесі;

• қылмыстарды тергеу кезівде пайдаланылатын басқа да ғылымдардың (сот-медицинасы, психология, криминология және т.б.) жекеленген ережелері жатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных