Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Com сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану




Ерекшеліктері

Сарапшының қорытындысы дәлелдеменің басты негіздерінің бірі болып табылады. Ол алдын ала дәлелдеме есебінде ерекше күшке ие бола алмайды, тергеуші не сот үшін міндетті емес, басқа дәлелдемелерден басымдығы жоқ. Ең алдымен, сараптаманың қорытындысы іс жүргізу заңдарында қаралған тәртіпке сәйкес және оның дәлелдеме ретінде пайдаланылу сапасына орай бағаланады.

Осыған байланысты, тергеуші (сот) үсынбаған материалдарды пайдаланудағы әділдігіне сезік келтірмей ме, сарапшы құқықтық мәселелерді шешуге жөнсіз араласқан жоқ па, міне осылар тексерілуі тиіс.

Сарапшының қорытывдысының шындығын және сарапшының өкілеттілігін ғылыми жағынан бағалаудың маңызы айрықша. Бұл орайда сарапшының төл объектілерді ғана зерттегеніне, яғни оған ұсынылған материалды ғана зерттегеніне, ұсынылған объектінің алмастырылып кетпегендігіне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сарапшы сүйенген бастапқы теориялық қағидалардың, оны қолдану әдісінің дұрыстығы, жүргізілген зерттеудің толықтығы, қылмыстық істің нақты деректермен және сараптамалық зерттеу нәтижелерімен тұжырымдаудың негізділігі тексеріледі.

Сарапшының түжырымдары айқывдыгымен, жауаптарының оның алдына қойылган мәселелермен сәйкес, істегі басқа дәлелдемелерге қайшы келмейтін-дігімен бағалануы шарт. Егер сарапшының тұжырымдары айқын болмай, қайсыбір сезік келтірсе тергеушінің (соттың) бұл туралы сарапшыдан жауап алуына ғана емес, сондай-ақ сарапшыдан бұрынғы жасаған тұжырымдарын толықтыруын талап етуге құқылы (егер қосымша зерттеу жүргізуді талап етпесе). Сарапшының қорытындысын тексерген кезде тек оның тұжырым-дарына ғана емес, сонымен бірге зерттеу бөлігінің мазмүлына да назар аудару қажет, Бұл сарапшының қорытындысының өзінде қайсыбір ішкі қарама-қайшылыктардың жоқтығын тексеру үшін де керек. Қорытынды мен басқа айғақтардың арасындағы аталған іс жөніндегі қарама-қайшылықтарды байқаған жағдайда қолдағы барлық деректерге сүйене отырып, мүлың сарапшының кінәсінен немесе басқа дәлелдемелердің жаңсақтығынан кеткендігін анықтау қажет.

Сонымен катар, сарапшының қорытындысы мен іске қатысты басқа деректердің арасындағы анықталған қарама-қайшылыктың әлі сарапшы трсырымының жартыкештігін куәландыра алмайтындығын ескерген жөн. Қарама-қайшы деректер қаншалықты дұрыс сияқты көрінгенімен, олар нақ осылайша оқиға болған жерді қарауда жіберілген кемшіліктерді, оның жекелеген нәтижелеріндегі, куәлердің жауаптарындағы сезік келтірген сәттерді жаңадан тексеруді қажет етеді. Егер сарапшы өзіне жүктелген міндетті толық атқара алмаса, мысалы: жеке нақты белгілерін аныктаудың орнына, сарапшы салыстырылатын объектілердің туыстық (топтық) ұ.қсастық белгілерін ғана назарға алса, онда мұндай қорытындының сипаты туралы шешім қабылдамас бұрын сараптаманың қорытындысын теріске шығару керек пе, жоқ әлде оны екінші рет тағайындау қажет пе немесе бұл тұжырымды жанама дәлелдеме ретінде пайдалану керек пе (қалыптасқан жағдайдың себебін) сарапшының өкілеттігінің жеткіліксіздігін немесе бұл мәселені ғылыми ақиқат тұрғысынан шешудің мүмкін еместігін анықтау қажет.


Бөлім






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных