Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты




Адам өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы, қылмысты дер уақытында ашу мен оны жан-жақты тергеуде ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде қылмыскерлердің қылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер қолдануларына байланысты, эсіресе тергеу барысында тергеушінің жіберген кемшіліктерінің, нақты айтқанда: окиға болған жерге дер уақытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе мұқият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдар мен тақтикалық тәсілдерді дұрыс қолданбауының салдарынан. Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарттарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер уақытында жургізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде калдырған іздерін - іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану; іс бойынша құрылған болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін сақтай отырып, қолданылатын тәсілдерді дұрыс таңдап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.

Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе арнайы құрылған жедел тергеу топтарының үздіксіз жұмыс жасауларына байланысты жүзеге асырылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана кісі өлтіру бойынша жасалған қылмысты ашуға байланысты топ құрғанда міндетті түрде әрбір қызметкерлердің мамандандырылу деңгейі, біліктілігі оның тәжірибелік стажы мен ептілігі ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан (кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақсыздығына, топ құрамы мүшелерінің қасақана кісі өлтіру қылмысымен байланысы жоқ басқа шаралармен айналысуына, сонымен катар қажетті техникалық құрал-дармен, жұмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, транспорт құралдарымен қамтамасыз етілмеулеріне байланысты.

Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған жерге шыққан сэттен бастап қылмыскер анықталғанға дейін жұмыс жасаулары тиіс. Қылмыстық әрекеттер анықталғаннан кейін, ары қарай қылмысты ашу жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс қоғамдық органы дүрліктірітіндей ауырлататын жағдайда жасалған кездерде, тергеуді толық көлемде жүргізулері қажет.

Адам өлтіру қылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедел-іздестіру топтары қылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы құрылған кестеге байланысты шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде жиналған мәліметтер мен іздестірудегі тұлғаның жүрген жері бойынша құрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен қылмысқа сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) тұлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бақылау жұмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных