Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алғашқы тергеу әрекеттері




Оқиға болган жерді тексеру. Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері, қылмыстық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамтамасыз етіледі. Атыс қаруын қолдануға байланысты жасалған адам өлтіру ісі бойынша оқиға болган жерді қараудың уландыру және т.б. жолмен жасалған адам өлтіру қылмысын қараудан айырмашылығы ерекше. Бұған қарамастан, адам өлтіруге байланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің жалпы тақтикалық ұсыныстары бар.

Адам өлтіруге байланысты іс бойынша қараудың негізгі обьектісі - мәйіт және оның табылған жері, себебі көп жагдайларда оның табылган жері қылмыстың жасалған жері болып келеді. Мұндай қарау әрекетін жүргізуді тергеушінің өзі жетекші бола отырып құрған топ жедел-іздестіру қызметкерлері, маман-криминалист, сот-медицина саласының мамандары, яғни жедел-тергеу тобымен жүзеге асырылады.

Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына басқа да мамандар кіргізілуі мүмкін.

Тергеуші оқиға болған жерге келген соң бұрынырақ келген полиция кызметкерлерінің алған мәліметтері негізінде қылмысты көзімен көрген тұлғалардан жауап алады және қоршаған жағдайды өзі қарай отырып - жедел-іздестіру шараларын жүргізуге нұсқаулар береді, қаралатын жердің шекарасы мен қылмыстық іздің негізгі шоғырланған жерін анықтайды, іске қатысушы-лардың өзара атқаратын міндеттерін белгілейді.

Мәйіт қаралады, қылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байланысты ол табылған жер мен оның территориясы қаралады. Мәйіт табылған жерден едэуір ара қашықтықтан іске қатысты іздер мен басқа да обьектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен тұрады). Оқиға болған жерде мәйіт болған кезде қарау әрекеті тәртіп бойынша орталықтан сыртқа қарай бағыттала отырып жүргізіледі. Мәйіттік құбылыстардың өзгеріске ұшырамай тұрғанында оларды бекіту және тергеу ісіне қажетті басқа да мәселелерді анықтау үшін қарау әрекеті мәйіт жатқан жерден нақты айтқанда мәйітті қараудан басталады.

Мәйітті қарау барысында оның: жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын обьектіге қатысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің орналасу жай-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-қолдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдістемесі бойынша хаттамаға толық сипатгамаланып бекітіледі. Содан соң хаттамаға белгілі бір кезектілікпен мәйіттің денесі мен киімдері, олардан табылған заттар және оның жатқан территориясы сипатталып жазылады.Мәйітгің киімдерін қарау барысында, оның киімінің жай-күйіне, оның жыл-мезгіліне сәйкестігіне және жәбірленушінің дәл осы кездегі физикалық жағдайына аса назар аудару қажет. Киімінің қалталары мүкият тексеріледі және табылған заттар, сондай-ақ киімдерінде жыртық, зақымдар, қол дақтарының іздері, басқа да биологиялық іздер, балшық т.б. болса, олардың түрлері, өлшемі, формасы, нақты орналасқан жерлері толық көрсетіле отырып сипатталады.Мәйіттің денесін қарау кезінде одан табылған мәйітгік құбылыстардың көрінісі мен оның дәрежесі, дене жарақаттары (қан болса оның тоқтағандығы), олардың саны, өзара орналасуы, өлшемі, түр-түсі денесіндегі бөгде іздер мен басқа да бөлшектер нақты сипатталып керсетіле отырып хаттамаға бекітіледі.

Қылмыстың жасалу тәсілі көрініс табатын дене жарақатының сипатына байланысты мәйітті қараудың белгілі бір ерекшеліктері бар. Мәселен, мәйіттің денесіндегі шауып-кесуден түскен жарақаттарды, сондай-ақ өтпейтін қатты заттармен келтірілген жарақаттарды қарау кезінде жарақаттың санына, жарақаттың өзара орналасуына, өлшеміне, формасына, киімдерінің жай-күйіне, денесіндегі жарақаттардың киіміңдегі зақымдармен сәйкестігіне, жәбірленушінің денесіндегі арпалысу және қорғаныс іздерінің болуына аса назар аудару қажет.

Атыс қарулары арқылы жарақат келтірілген мәйітті қарау кезіндегі мәйіттің денесі мен оның киімдеріндегі ату іздері зерттелуге және бекітілуге жатады. Хаттамада жарақаттардың саны, олардың өзара орналасу жағдайы, өлшемі, оның жиегінің жай-күйі, штанцмарканың болуы, кескіні, пішіні, ыс шегінділе-рінің, қару майларының іздері мен жанбай қалған порохтың түйірлерінің сипаты және орналасқан жері, аумағы хаттамада көрсетіліп бекітіледі. Ілмектен алынған мәйітті қарау кезінде, олардың мойнындағы странгуля-циялық әжім-қыртыстарға, оның сипатына, бағытына, ені мен ұзындығына, түр-түсіне, оларда ілмек материалының бейне-көрінісі іздерінің қалуына мұқият зер салып тексеру керек; хаттамада мәйіттегі дақтар мен олардың орналасуы, сондай-ақ олардың түр-түсі мен басқа да ерекшеліктерімен еріксіз зәр шығару кемістік іздері бекітіледі.

Мәйіттің уланғандығын көрсететіндей жағдайларда, мәйітті қарау кезінде - оның денесіндегі және киіміндегі химиялық заттардың іздері, сондай-ақ өлімнің белгілі бір уландырғыш заттан болғандығы, ерекше иістердің, мәйіттік құбылыстардың болуы хаттамаға белгіленіп, сипатталады.

Судан шығарылған мәйітті қарау кезінде, оның денесіндегі жарақатгарды бекітуден басқа да, мацерациялардың, сондай-ақ мәйіттің аузы мен мұрнының айналасында көбіктердің болуына көңіл аудару қажет.

Оқиға болған жердегі қан іздерінің сот-медициналық қана емес, сонымен қатар криминалистикалық маңызы бар екендігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Оларды зертеу негізівде тергеу жағдайына маңызды мынандай мән-жайлар: қылмыстың жасалған жері, оның механизмі, жәбірленушіге дене жарақатын салу кезіндегі оның күй-жайы және т.б. анықталады. Табылған қан іздері, олардың саны, мөлшері, көрінісі, олардың сипаты, аққан қаннан қалған із, қанның жиналуы, қанның тамшысы, шашырауы, жағылуы, пішіні және жиектерінің формасы, толық көрсетіле отырып хатгамаға бекітіліп жазылады. Бұл іздерді тасушы көп жағдайларда жәбірленушінің киімі, мәйіттің денесі және қылмыс құралы болады. Мәйітгің киімі мен денесінен қылмыскердің киімінің талшықтары, тырнақтарының арасынан қылмыскердің терісінің ткандары, шаштары, мәйіттің жарақагтарынан - қылмыс құралынан бөлініп қалған шыны, металл, ағаш бөліктері т.о., ал қылмыс құралдарынан - мәйіттің ішкі органдарының іздері табылуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстың жасалған жерін, болмаса мэйііті жасырған жерді, жәбірленушінің мамандығын анықтауға мүмкіндіктер беретін микрообьектілер мәйіттің денесі мен киімдерінен табылуы ықтимал.

Оқиға болған жердегі қылмыстық іздерді табу, бекіту алу және зерттеу үшін криминалистикалық техника құралдарын тергеу әрекетіне пайдалану, жоғары мамандықты талап етеді. Мәселен, ультрақүлгін жарықтандырулары арқылы органикалық және бейорганикалық заттардың іздерін анықтауға болады; электронды-оптикалық құрылғылар көмегімен жәбірленушінің киіміне төгіліп жағылған қаннан жақыннан ату іздерін табуға болады. Қылмыс құралын және жәбірленушіден ұрланған заттарды іздестіру кезінде тралдар, бұрғылар, магниттік және металіздегіштер қолданылады. Қарау кезінде бірқатар техникалық сұрақтарды шешу үшін оқиға болған жерде, сол жердегі және басқа да обьектілер алдын ала зерттеуді қажет етеді. Мұндай зерттеулер тергеуші мен қарау әрекетіне шақырылған мамандарға жүктеледі. Жарылғыш заттарды қолданумен байланысты адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында пиротехника мамандары «жарылғыш заттардың орталығы» - деп тапқан жерді ескере отырып тергеуші қарау шекарасын анықтайды; «ізі суымаған» қылмыстар бойынша қылмыскердің ізіне түсу, өлімнің болу уақытына байланысты сот-медицина мамандарының мәйіттік құбылыстарды зерттеу негізіне сүйене отырып анықталады: қылмыс құралы мен қылмыскердің өзін іздестіру шаралары криминалист мамандардың сәйкес іздерді зерттеу барысында анықталған белгілерді ескере отырып жоспарланады. Тергеу қарауын жүргізу барысында тергеуші негативтік жагдайларға көңіл бөлуі қажет. Оқиға болған жерге инсценировка жасалғандығын куәландыратын жағдайлар: қоршаған орта жағдайына жәбірленушінің өліміне себеп болатын сәйкес белгілердің, іздердің болуы немесе керісінше болған оқиғаға жат бөгде іздердің болуы. Барлық негативтік жағдайлар оқиға болған жерде қарау хаттамасында толық, әрі нақты сипатталып жазылуы қажет, осының негізінде тергеуші тергеу болжауын құрады және сәйкес болжауларды тексереді.

Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауда жүргізілетін әрекеттер. Егер, мәйітті қарау барысында оның жеке басын куәландыратын кркаттар табылмаса және оқиға болған жердегі тұлғалармен танылмаған жағдайларда, тергеуші мәйіттің жеке басын анықтауға байланысты шаралар қолданады.Осындай мақсатпен мәйіт жеке тұлғаларға (пәтер иелерінің кооперативі (КСК) қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторына, жақын аумақтың тұрғындарына) тануға көрсетілуі мүмкін. Егер бұ_л шараларды жүргізу нәтижесінде жәбірленушінің жеке басы туралы мәліметтер алынған жағдайларда, мәйіт оның туыстарына, таныстарына, бірге жұмыс істейтін қызметтес әріптестеріне ҚР-ң ҚІЖК-ң баптарының талаптары мен тәртіптері бойынша тануға көрсетіледі. Берілген тергеу әрекетін жүргізудің біркатар ерекшеліктері бар, Мәселен, мәйітті тануға көрсету әрекеттерін жеке ғимараттарда, яғни мәйітханада жүргізу шаралары ұсынылады. Мәйітті тануға бірнеше адамдар келген жағдайларда, олардың арасынан бұл ауыртпалықты барынша көтере алатын адамға ғана көрсетілуі қажет.

Мәйіттің бетінде дене жарақаттары болған кезде немесе оның бет-элпеті адам танығысыз күйде болса, тануға көрсету алдында мәйітке әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Мәйіт табылған кезден оның үстіне киімі болмаған жағдайда тануға көрсету үшін оның үстіне материал жауып көрсетеді. Оқиға болған жерден табылған (жәбірленушінікі болуы мүмкін) киімдер мен басқа да заттар ҚР-ның ҚІЖК-нің баптарының талаптары бойынша тануға көрсетіледі.Егер жоғарыда көрсетілген әрекеттер ешқандай нәтиже бермесе және мәйітті бран әрі сақтау мүмкін емес жағдайда, оны жерлемес бұрын келесі әрекеттер жәбірленушінің жеке басын идентификациялау мүмкіндігін қамтамасыз етілуге бағытталуы тиіс. Осындай мақсатпен мәйіт дақтилоскопияландырылады, тануға түсіру фототүсірім ереже тәртібі сақталына отырып фотосуретке түсіріледі және оған танылмаған мәйіт бойынша карта құрылады. Сот-медициналық сарапшы көмегімен мәйіттің шашы, денесінің терісі татуировкасымен егер болса бірге алынады және олар сот-медицина мекемелерінде сақталынады. Мәйіттің үстіндегі киімдері мен басқа да заттары сақтау беліміне жіберіледі.

Жәбірленушінің қол саусақтарының іздері алынған дақтилоскопиялық картамен бірге танылмаған мәйіт бойынша құрылған карта қылмыстық тергеу органдарына жіберіледі. Мәйіттің фотосуреті, оның жеке басын анықтау мақсатында жедел-полиция қызметкерлеріне беріледі. Қажет болған жагдайларда мәйіттің жеке басын анықтау үшін жергілікті телеарналар, радио ақпараттары, баспа орындары пайдалынады. Жәбірленушінің жеке басын анықтауға байланысты қосымша мәліметтер алу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалады; мәйіттен табылған жол жүру және басқа да кұжаттарына криминалистикалық сараптама жүргізу арқылы жәбірленушінің қай жерден (елді мекеннен) келгендігін анықтауға болады. Куәлерден жауап алу. Адам өлтіру қылмыстық ісі бойынша куәлер ретінде -қылмысты көзімен көрушілерден, туысқандарынан, таныстарынан, бірге жұмыс істеген (қызметтес) тұлғалардан сондай-ақ, сезіктілерден жауап алынады.

Көзімен көрушілерден жауап алудың негізгі мақсаты - олардан қылмыстың жасалу жағдайы мен қылмыскердің белгілері туралы мәліметтер алу. Мұнда: оқиғаны көзімен көруші оқиға болған жерге қандай жағдайлармен тап болғандығы; оның болған оқиғаға назар аударуына қандай себептер болғандығы; оқиғаның пайда болу механизмі мен кезектілігі; қылмыскердің саны; олардың аты-жөндері және (сол кездегі қылмыскерлердің өзара атаган) лақап аттары; олардың әрқайсысыньің жасаған әрекеттерінде құрал ретінде пайдаланған қарулары мен басқа да заттары; жәбірленушінің мінез-құлқы мен қарсыласу сипаты; айыпкердің қылмыс жасап болғаннан кейінгі әрекеттері анықталады. Егер жауап алу барысында куә жәбірленушінің, болмаса айыпкердің бет-элпеті оған таныс екендігі туралы мәлімдесе, ол бұрын осы тұлғалармен қайда және кандай жағдайларда кездескендігі туралы анықталады.

Мәйітті алдымен тауып алған немесе көрген тұлғалардан жауап алудың мақсаты мәйіт табылған сэттен бастап болған оқиғаларды, сондай-ақ оқиға болған жерді қарауға жедел-тобы келгенге дейінгі ол жердің жағдайын деталіне дейін анықтап білу. Көрсетілген тұлғалардан жауап алу кезінде: олардың мәйітті қандай жағдайларда тауып алғандығы; сол сәтте мәйіттің жанында немесе оқиға болған жердің маңында кімдер болғандығы, олар қай бағытқа қарай кеткендігі және олардың қандай белгілері бар екендігі: мәйіт табылған кезде ол тірі болған, я болмағандығы; мәйіттің жату қалпы мен оны қоршаған ортаның жағдайы туралы сондай-ақ, куә мәйітке жақындады ма, оны өзгерткен жоқ па; оқиға болған жерге полиция қызметкерлері келгенге дейін, ол басқа жаққа (жерге) барып келмеді ме және сол уақытта мәйіттің жанында кім қалғандығы жөніндегі мән-жайлар анықталады.

Жәбірленушінің туыстары мен таныстарынан жауап алудың мақсаты -мәйіттің жеке басын, оның басқа тұлғалармен қарым-қатынасын, соның ішінде сезіктімен (егер олар бұрын таныс болса), сонымен қатар, қылмыстың ниетін анықтау. Бұл тұлғалардан жауап алу барысында жәбірленушінің жүріс-түрыс, мінез-қүлқының сипаты, оның туыстары, достары, таныстары, қызметтестерімен өзара қарым-қатынастары, өмір сүру бейнесі, күн тәртібі, оның өмірінің соңғы күніндегі жағдайы мен өлер алдындағы күн кезендеріндегі жүріс-тұрыс қылықтары анықталады.Егер куәлерден жауап алу барысында олар нақты бір тұлғаларга қатысты қандай да бір сезік келтіретіндігін, болмаса қылмыстың ниеті жөнінде жорамалдарын мәлімдесе, міндетті түрде оның сезік келтіру мен жорамалының неге негізделгендігін анықтау қажет.

Жәбірленуші мен сезіктінің тізімдегі куә ретіндегі таныстары, көршілері мен қызметтестерінен жауап алу, тәртіп бойынша: айыпкер мен оның құрбанының жеке басымен, сондай-ақ қылмыстың жекеленген жағдайларын анықтауға байланысты сұрақтар бойынша жауап алынады.Сезіктінің туыстарынан жауап алу кезінде жоғарыда аталған сұрақтардан басқа да, яғни оның қылмыс жасамай тұрып және қылмыс жасағаннан кейінгі жүріс-тұрысы, қылмыстың ізін жасыруға байланысты әрекеттері туралы мән-жайлар анықталады.

Сот-медициналық сараптама. Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекетте-рінің ішінде адам өлтіру қылмыстары бойынша өлімнің болу себептері мен дене жарақаттарының сипатын анықтауда сот-медициналық сараптаманың ала-тын орны ерекше. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптаманың шешіміне бұл жалпы сұрақтардан басқа да мән-жайларды анықтауға бағытталган сұрақтар жатады, яғни олар іс бойынша тергеу әрекетіндегі курылган болжауларға байланысты келесідей:

Жасалған кылмыс жағдайы бойынша: өлімнің себебі мен болу уақыты; мәйһте дене жарақатының болуы немесе болмауы, олардың саны, пайда болу механизмі мен сипатын; қандай жарақат тірі кезінде, ал қайсысы өлгеннен кейін келтірілгендігін; дене жарақатын салудың кезектілігі, жарақат келтіру кезінде жәбірленуші қандай күйде болды; дене жарақатынан кейін оның қозғалып-жылжуға, қарсы әрекет етуге қабілеті болды ма; дене жарақатының қайсысы өміріне қауіпті болды; соққы қандай күшпен берілді; мәйітте корғану немесе арпалысу белгілері бар ма;

Оқиғадан бұрын болған жағдайларға байланысты: жәбіленушінің қанында ішімдік құрамы бар ма және жиналған ішімдік құрамына оньің мае болу дәрежесі сәйкес келе ме, жәбірленуші өлер алдында тамақ ішкен бе,
тамақтанған уақыты қашан және қандай тамақ түрін ішіп-жеген, жәбірленуші қайтыс болар алдында жыныстык қатынаста болған ба;

Қылмыс құралы бойынша: жәбірленушіге дене жарақаты бір әлде бірнеше қару кұралын қолдану арқылы салынған ба; бұл құралдардың түрі, формасы, өлшемі қандай; дене жарақаты сараптамаға ұсынылған құралдардан болған ба;

Жәбірленушінің жеке басын анықтауға байланысты: бөлшектенген мәйіттің бөлшектері аталып отырған Нақты бір тұлғанікі ме, жәбірленушінің жынысы, шамамен жасы қандай; жәбірленуші тірі кезінде қандай аурулармен ауырған; қанша per операция жасалған; ішкі организімінде қандай да бір патологиялық өзгерістер мен аномалиялық ауытқулықтар бар ма; тіс кұрылысының ерекшеліктері; жәбірленушінің қанының түрі мен тобы қандай;

Сезіктінің жеке басына қатысты: жәбірленушінің жыныстық мүшесінен табылған қан дақтары мен ағза іздері қандай топқа жатады; мәйітті бөлшектеген тулғаның анатомия саласынан және техника бөлімінен тәжірибесі болган ба; мәйітгі бөлшектеген адам солақай емес пе;

Қылмыстың ниеті мен мақсаты бойынша:

• мәйіттің денесінде күш қолданып жыныстық қатынасқа түсуді сипаттайтын іздер бар ма;

• түсік тастау белгілері жок па; келтірілген дене жарақаттары қинау арқылы салынғандығын сипаттайтын
белгілер бар ма;

• олар жәбірленушіні ерекше азаптаумен жасалған жоқ па;

Тергелетін оқиғаны бүркемелеуге байланысты: мәйіт қалпы өзгеріске ұшыраған ба; жәбірленушінің денесіндегі жарақаттар оның өзіне-өзі қол жұмсауы арқылы келтірілмеген бе; жәбірленушідегі дене жарақатгары оның киіміндегі зақымдармен сәйкес келе ме; егер сәйкес келсе оны немен түсіндіруге болады; жәбірленушінің мойнына ілмек, жіп байланған ба; мәйіт табылған жер қылмыстың жасалған жері ме, жоқ па және т.б. сұрақтарды анықтауға бағытталуы тиіс.

Мәйітті сот-медициналық зерттеулер барысында сарапшының алдына қосымша сұрақтарды қоюға байланысты фактілер анықталуы мүмкін, бұл фактілер дереу тексерісті қажет етеді.

Бөлшектенген мәйітті зерттеу, сондай-ақ бірқатар күрделі сұрақтарды шешу кезінде медицина ғылымы саласынан әртүрлі танымды талап ететін жағдайларда комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалады. Мұндай сұрақтарды шешу үшін басқа да ғылым салаларын бір уақытга қолдану қажет болған жағдайларда кешенді зеттеулер жүргізіледі. Мәйіттің денесіндегі оқтың кірген және шыққан саңылаулары бойынша сұрақтарды шешу, сондай-ақ оқтың саны мен ату арақашықтығын анықтау үшін кешенді сот-медициналық және баллистикалық сараптама тағайындалады. Мәйіттің сүйегіндегі іздер бойынша қылмыс құралдарын теңдестірулер кешенді медицина-криминалистикалық (трасологиялық) сараптамамен жүзеге асырылады.

Адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында сот-медициналық сараптама­мен қатар, зерттеудің басқа да түрлері жүргізіледі. Шаш, қан іздерін және организмнен бөлініп шығатын басқа да іздерді зерттеу үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалады. Мәйітгің тырнағының астынан, болмаса қылмыс құралынан оның бөлшектері немесе ішкі орган ткандері табылған кезде, олардың пайда болуы мен тобын анықтау мақсатында цитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Мәйітгің және айыпкердің денесі мен киімдерінен талшық іздері табылған жағдайларда заттар мен материалдарды зерттеу сараптамалары тағайындалады. Оқиға болған жерден табылған қол, аяқ, көлік және бұзу құралдарының іздері бойынша әртүрлі трасологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Адам өлтіру қылмысының жасалу тәсілдері мен тергеліп отырган істің нақты жағдайына байланысты, баллистикалық, жарылыс-техникалық, заттар мен материалдарды зерттеу, токсикологиялық және басқа да сараптамалар тағайындалуы мүмкін.

Сезікті мен айыпкерден жауап алу. Мұндай жауап алуды жоспарлау мен оны жүргізудің тақтикасы тергелетін қылмыс жағдайына, тұлғаның жеке басы туралы жиналған мәліметтер мен дәлелдемелерге қарамастан құрылады және таңдалып алынады.

Қылмысты жасау үстіндегі немесе оны біте салып ұсталған сезіктілер мен айыпкерлерден жауап алу кезінде, олар қылмыстың жасалуына өзінің кінәлі екендігін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайларда жауап алудың мақсаты жасалған қылмыстың ниеті мен басқа да жағдайларын анықтау болып табылады.

Адам өлтіру қылмыстары белгісіз жағдайларда, қылмыс жасалған кездерде сезіктілерден жауап алу барысында, олар көбінде осы қылмысқа қатыстылығы жөнінде тергеушілерде қандай дәлелдемелердің болуы мүмкіндігін анықгауға тырыса отырып, соған байланысты өздерінің кінэсін мойындап, болмаса мойындамай жауап береді. Тергеу кезінде әртүрлі факторлардың ықпал (әсер) етуіне байланысты сезіктілер (айыпкерлер) бұрын өздері берген жауаптарынан бас тартып, болмаса бұрын жоққа шығарған факторларды мойындап немесе өзара сөз байланысқандықтарын мәлімдеп жүріс-тұрыс бағыттырын өзгертулері мүмкін.

Өздерінің кінэлілігін мойындамау (теріске шығару) кезінде сезіктілер (айыпкерлер) жалған алибилер құрады, қылмысты басқа тұлғалар жасады деп мәлімдейді; болмаса өзін-өзі өлтірген немесе бақытсыздық жағдайға душар болған деп жауап береді. Адам өлтіру қылмыстарын тергеу (мәйіт табылмаған) кезінде сезіктілер (айыпкерлер), жоғалған тұлға тірі бірақ қандай да бір себептермен жасырынып жүр деген ойда болады. Сөйтіп олар келесі жауап алу барысында ауырлататын жағдайларда жасаған қылмыстық әрекеттерін жасырып, оларды жеңілдететін жағдайларға бағыттай отырып, қылмысқа кінэлі екендіктерін мойындап жауап беруге мэжбүр болады. Мұндай жағдайларда жауап алудың мақсаты - жауап алу барысында алынған барлық факторлардың нақтылыгын және олар жөніндегі мәліметтердің нағыз көздерін анықтау, осыған байланысты берілген жауаптарды Нақтылау мен іріктеп тексерудің маңыздылық ерекшеліктерін анықтау. Мәселен, алынған жауаптарды талдап тексеру көмегімен жалған алибилер мен кылмыска басқа трғалар қатысқандығы жөнінде жауаптарды эшкерелеуге болады. Жэбірле-нуші мен кінэлі тұлғалардан жауап алу барысында ауырлататын жағдайларды, болмаса жауаптылықты жеңілдететін және т.б. жағдайлардың болуын нақтылау тергеліп отырған іске байланысты негізгі қорытындылар жасауға мүмкіндіктер туғызады.

Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу кезінде барлық уақыттарда шынайы, нақты жауаптар алына бермейді, көбіне дәлелді жауаптар тергеушінің қолында бар мәліметтерді дәлелдеме ретінде ұтымды пайдалану жолымен алынады. Осыған байланысты жауап алудың мынандай ерекше маңызды тақтикалық тәсілдері бар: жауап алынатын тұлғаны логикалық әңгімеге тарту аркылы оның сезімін ояту; оны дәлелдемелерді тексеруге қатыстыру; тергеу арқылы алынған фактілердің мағынасын түсіндіру.

Жауап алынатын тұлгалардың жеке басы мен тергелетін іс бойынша нақты бір жағдайларға байланысты басқа да тақтикалық тәсілдер қолданылады.

§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)

Тергеу барысында айыпкер ретінде қылмыстық іске тартылатын тұлға анықталған жағдайларда тергеудің жаңа кезеңі басталады. Тергеудің бұл кезеңінің міндеті қылмыскерді әшкерлеу және олардың кінэлілігін дәлелдеу.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен Нақтылау. Сезіктінің берген жауаптары мен көрсетпелері дәлелдеменің негізі болып табылады. Жауап алу кезінде дәлелді жауаптар алудың маңызы ерекше. Қылмыстың әрекеті орындаушы тұлғаға ғана мәлім фактілер дәлелдеме болып табылуы мүмкін. Сондықтан да олар мұқият тексерілуі қажет. Тексеру әрекеттері қатарына тергеу эксперименті, көрсетпені оқиға болған жерде тексеру және басқа да әрекеттер жатқызылуы мүмкін. Қылмыскер өзінің кінәлілігін өкінішпен мойындауы, болмаса мойындамауына қарамастан келесі мәселелердің көмегімен оны әшкерелеу қажет.

Қылмыскерді әшкерелеу оқиғаны көзімен көрген-куәлердің берген жауаптары мен көрсетпелерінің көмегімен оларға қылмыскерді тануға көрсету және қажет болған жағдайларда беттестіру әрекетін жүргізу арқылы; сондай-ақ қылмыскердің тұрғын-жайларына, жұмыс орындарына және т.б. жерлерде тінту жүргізу; қылмыскерді куәландыру, олардың киімдеріне және бұл шараларды жүргізу кезінде табылған обьектілерге карау әрекетін жүргізу; бұл обьектілерді тануға көрсету мен заттай дәлелдемелерді идентификациялық зерттеу нәтижелері көмегімен жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған әрекетгерді жүргізбес бүрын қылмыс жасалған сэтте қыл-мыскердің сол жерде болғандығы дәлелденуі қажет, бұл қылмысты жасау үшін уақытының жеткілікті болуы, сондай-ақ физикалық күшінің, белгілі бір тәжіри-бесінің, ептілігінің, қылмыс құрал-жабдықтарының болуы; адам өлтіру қылмысына әкелетіндей әрекеттерді оның нақты өзінің жасағандығы дәлелденуі керек.

Қылмыскердің жеке басын зерттеу - тергеліп отырған бұл кезең тек процесуалдық сипаттағы сұрақтарды шешу, айыпкердің әрекетін қылмыстық-құқықтық саралау және кейінгі соттық жазалауды жекелеумен ғана емес, сонымен қатар, бұл әрекетгер құрылған болжаулардың жылжуына маңызды ықпал етуімен және тергеу әрекеттерінің тақтикалық тәсілдерін тандап алумен де тығыз байланысты.

Кінәнің түрі мен ниетін анықтау - тергеудің бұл кезеңіндегі маңызды бөлімі. Қылмыс жасауда нақты бір кінә түрі мен белгілі бір ниеттің болуын міндетті түрде дәлелдеу қажет. Келесідей мән-жайлар анықталуы тиіс:

Қылмыс жасаған тұлға өзінің жасаған әрекеттерінің зардабы қандай болатынын алдын ала білді ме, әлде жоқ па, қандай мақсатгы көздегені. Бұл жасалған қылмыс жағдайларының ерекшелігі жөніндегі фактілік мәліметтер бойынша обьективті бағалауға болады; кылмыс жасау тәсілі мен құралы, оның зақымдау (зақым келтіру) қасиеті; жәбірленушінің хал-күйі мен жағдайы; айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі жүріс-тұрыс мінез-қулқы (қылмыс жасауға және оның ізін жасыруға дайындалу әрекеттері, болмаса керісінше жедел-жәрдем «шақыруға», жасауға және т.б. әрекеттенуі); айыпкердің психикалық ерекшеліктері және оның қылмыс жасаған сәтгегі психикалық жағдайы, адам өлтіру қылмыстарын жасау кезіндегі оның физикалық хал-күйінің ерекшелігі;

• Айыпкердің жәбірленушімен қарым-қатынасы, жеке бас араздығының болуы немесе болмауы (өштесудің, жанжалдың, қорқытудың және т.б.), жәбірленушінің өліміне байланысты пайдақүнемдік ниеттің немесе басқа да жеке басына қатысты мүдденің болуы;

• Жәбірленушінің өлер алдындағы және қылмыс жасалу кезіндегі журіс-түрысы мен мінез-құлқы (жәбірленуші жағынан балағаттаудың, шантаж жасаудың, арандатудың және т.б. болу, болмауы). Тергеушінің қорытынды кезеңіндегі басты мәселесі қылмыстық істі кейінгі сот-тергеуіне жіберуге байланысты негізді, әрі дұрыс шешім қабылдау болып табылады. Бұл шешімді қабылдау алдын ала дайындық жұмыстарын қажет етеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных