Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рлықтың криминалистикалық сипаттамасы




Ұрлық дегеніміз - бөтеннің мүлкін жасырын түрде алу болып табылады. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасын келесідей жағдайлар құрайды:

• ұрлық қылмыстардың ең кең тараған түрі;

• ұрлық құпия түрде жасалынады, қылмыскер көп жағдайларда белгісіз болып табылады;

• осы қылмыстың сипатты белгісі болып тікелей қасақаналықтың болуы танылады, ұрлық қасақана кейде алдын ала дайындықтан кейін жасалынады;

• ұрлық жасау тәсілі әртүрлі;

• ұрлықтың заты болып кез-келген мүлік танылады (ақша, заттар, өзге де материалдық құндылықтыр).

Ұрлықтың кең таралуына қарай осы қылмысты тергеудің жеке әдістерінің көптүрлілігін көруге болады. Оларға әртүрлі криминалистикалық сипаттамалар сәйкес келеді. ¥рлықты тергеу әдістемесін салалық белгілер бойынша қарастырған дұрыс. Әдістеменің бірінші тобына - сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде, кәсіпорындарда және мекемелерде, көлік және ауылшаруашылық объектілерінде жасалынатын қылмыстар жатады. Екіншісіне - азаматтардың жеке үйлері мен пәтерлерінен, сондай-ақ калтадан ұрлау қылмыстары жатады. Ұрлықтың қауіптілігі меншік иесінің экономикалық тәуелсіздігіне қол сұғатындығынан көрінеді және оны ашу мен тергеу кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Осы қылмыстық іс-әрекеттердің кепшілігін тәжірибелі қылмыскерлердің материалдық кундылықтарды тауып, оларга кірудің және іздерді жасырудың тиімді тәсілін қолдануларымен жасайтындығын тәжірибе көрсетеді. Шамамен қылмыстардың әрбір бесіншісі рецидивистермен және бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған адамдармен жасалады.

Ұрлықтың жасалу жолдары мен тәсілдерін білу ұрлықты ашуда жетістіктерге әкелуі тиіс. Қылмыскердің ұрлық жасау кезінде қолданған тәсілдерін анықтап, оларды криминалистикалық тіркеуден іздестіріп тексеруге болады. Жеке мүлікті ұрлау көбінесе күндізгі уақытта, куә болмаған кезде, иелері жұмыста болатын кездерде жасалынады. Қарастырылып отырған қылмыстар жаңадан салынған ықшамаудандарда жиі кездеседі. Бұл тұрғындардың алғашқы уақытта подъезд және этаж көршілерінің бір-бірін танымауымен түсіндіріледі. Қылмыскерлер үй тұрғындары ретінде кедергісіз пэтерлерге кіріп. үрлаған заттарын оңай алып шығуына мүмкіндіктері бар.

Пэтерден және материалдық құндылықтарды сақтайтын басқа да жерлерден ұрлау: есік құлыптарын ашқыштардың көмегімен, ригельді қысу, ілмелі құлып имегін кесу арқылы, форточка арқылы кіру, есіктер мен терезелерді сындыру, торларды автогенді аппаратпен кесу, қабырғаны немесе төбені тесу, шатырды көтеру, түтін жүретін құбырларды ашу арқылы, қоймаларды бұрғылау немесе шабу жолымен ашу, сейфтерді және басқа да шағын көлемді бұйымдар сақтай-тын нәрселерді ұрлау, тауарларды сатып алу кезінде ұрлау жолымен жасалынады. Қылмыскерлер ұрлықты ашу мен тергеуді қиындату мақсатында қылмыстьің іздерін жасыруға ұмтылады. Ұрлықтың жасалғандығы туралы жәбірленушіде күмән тугызуға тырысады. Үйге ұрлыққа түсу кезінде бөгетті бұзбай кіріп, көзге түскен заттардың барлығын емес, тек қана ақша мен заттардың бір бөлігін ғана алады.

Қалтадан ұрлықтар жасау үшін қылмыскерлер адамдардың көп жиналған (шоғырланған) жерлерін таңцайды. Бұл қылмыстар, әдетте, ұрлықшылар тобымен олардың релдерді өзара бөлісуі арқылы: біреулері жәбірленушілерді қыспаққа алады, екіншілері ұрлайды, ал үшіншілері ұрланған заттарды тығады. Бұңдай ұрлықтарды азайту әдістемесі осы қылмыстардың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені қылмыскер жасырын және қысқа уақытта әрекет етеді, ал жәбірленуші тіпті ұрлықшыны білмек түгелі кейде қай жерде, қай уақытта ұрланғанын да білмей қалады

Ұрлық жасайтын қылмыскерлердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін қарас-тыратын болсақ, оларды екі негізгі топка бөле аламыз. Бірінші топқа ер адам және әйел адамдар ішінде жұмыс жасағысы келмейтін бұрын сотталган, алдын ала өз әрекеттерін егжей-тегжейлі ойластыратын, қылмыс жасау дағдысы, тәжірбиесі бар адамдарды жатқызамыз. Екінші топтағы адамдар қатарына - жұмыссыз қалғандар, тұрақты мекен-жайлары, жанұялары жоқтар жатады. Олар үшін ұрлық қалыпты жағдайда аяқ астынан пайда болған ниет бойынша жасалынады немесе қылмыс жасау жағдайы алдын ала еш дайындыкты талап етпейді.

Көбінде олар сотталып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу кезінде қылмысқа дағдыланады.Ұрлық қылмыстарымен күресу үшін жедел-іздестіру қызметі мен ішкі істер органдарының тергеу жұмыстарын жетілдіруге байланысты шаралар қабыл-данады. Олардың қатарына, мысалы, республиканың бірқатар қалаларында «Пәтер» атты жедел-іздестіру шараларының жоспарын кұрып, қолдану, сонымен қатар, ұрлықты ашу жөнінде жедел-тергеу топтарын кұру жатқызылуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных