ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңіҰрлық бойынша қылмыстық істерді қозғау үшін тек себептер гана емес, сонымен қатар жеткілікті негіздер болуы қажет. Себептер қатарына жәбірленушілердің және ұйым өкілдерінің ұрлық туралы арыздары жатады. Қылмыстық іс, сонымен қатар, ұрлықтың жасалғандығы туралы жедел-іздестіру сипатындағы мәліметтерді алу арқылы да қозғалуы мүмкін. Ұрлық жөніндегі істерді қозғау негіздеріне - ұрлықтың болғандығын куәландыратын мәліметтер және ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізу керек екендігін сипаттайтын мәліметтер танылады. Осындай мәліметтерді алу үшін жәбірленушіден, ұйым өкілдерінен және басқа да тұскен арыздарды тексеру қажет. Тәжірибелер көрсеткендей, ұрлық туралы арыздар мен хабарларды тексеру - қылмыстық істерді қозғау туралы сүрақтарды дұрыс шешудің, осы қылмыстарды тез арада және толық ашу мен тергеудің міндетті шарты. Ұрлық туралы арыздарды дұрыс тексермеу қылмыстық істі негізсіз қозғауға немесе қозғаудан негізсіз бас тартуға әкеп соғады. ҚІЖК-ң баптарына сәйкес ұрлық туралы арыздарды тексеру үшін: жасалынған ұрлық туралы мән-жайларға қатысты толық түсініктеме алу керек (нақты кандай зат жоғалды, жоғалғандық қандай жағдайларда анықталды, жәбірленушінің ұрлық жасауы мүмкін деген адамдар туралы пікірлері). Қылмысты ашу үшін маңызы бар заттар мен құжаттар (ұрланған сағаттың паспортын, ақша ұрланған кезде төлем карточкалары т.б.) сүралуы керек. Тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде ұрлықтың жасалғандығын куәландыратын мәліметтер алынса, қылмыстық іс қозгалады және тергеу жүргізіледі. Тергеу барысында келесі мән-жайлар анықталады: ұрлық орын алды ма, оны инсценировкалау болған жоқ па; ұрлық қайда және қашан жасалынды; не ұрланды; ұрланған заттың белгілері, бағасы (құны) қандай; қылмыспен келтірілген зиянның мөлшері қандай; ұрлық жасаудың әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары; кім ұрлады (орындаушы мен азғырушылар, олардың мінездемесі); ұрланған заттарды кім өткізді және қайда; келтірілген зиянды өтеу үшін не істеу керек; ұрлықтың жасалуына мүмкіндік туғызган жағдайлар. Тергеу жоспарының негізін мазмұны ұрлықтың сипатымен, оны жасау тәсілдерімен және тергеу жүргізушіде бар мәліметтермен анықталатын болжаулар құрайды. Мәселен, мемлекеттік мүлікті ұрлау кезінде келесідей жалпы болжаулар ұсынылады және тексеріледі: ұрлық шынымен орын алды; ұрлық болған жоқ; арызданушы шатасуда; ұрлықтың жасалғандығы жалған. Оларды тексеру барысында жеке болжаулар да ұсынылуы мүмкін: ұрлық материалды жауапты тұлғаның қатысуынсыз бөтен адамдармен жасалды; ұрлық осы объектінің қызметкерлерімен, бірақ материалды жауапты трғалармен емес; жетіспеушілікті жасыруға тырысатын материалды жауапты трғалардың көмегімен бөтен адамдардың ұрлықты жасауы. Жеке меншікті, азаматтардың жеке мүлкін ұрлауды тергеген кезде ішкі істер органдарына белгілі ұрлықшы келіп-кетушілер, тіркеуде тұрған ұрлықшы-қылмыскерлер, қалтаға гүсушілердің қатыстылығы туралы болжаулар ұсынылады. Ұрлық қылмыстарын тергеу мен ашудың нәтижелігі тергеушінің осы іс бойынша жұмыс істейтін криминалдық полицияның жедел қызметкерінің жұмыс сапасына, тергеу әрекеттерінің жедел-іздестіру шараларымен сәйкес келуіне байланысты. Сондықтан тергеу жоспарында тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру жолымен анықталатын мән-жайлар көрсетіледі. Осы мән-жайларды анықтауға бағытталған нақты әрекеттер тергеу жоспары мен іс бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру шараларының жоспарларында езара келісілініп көрсетіледі. Бұл жоспарды кұру мен жүзеге асыру криминалдық полиция қызметкеріне жүктеледі. Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында төмендегідей ситуациялар байқалынады: 1-ситуация - ұрлық жасауда сезікті адам ұсталған. Ол оқиға болған жерде, немесе тікелей қылмыс жасалғаннан кейін ұсталуы мүмкін; 2-ситуация - қылмыскер ұсталмаған, дегенмен ол туралы мәліметтер бар, мысалы, жэбірленішінің туысы немесе танысы болып табылады; 3-ситуация - қылмыскер жөнінде ешбір мәлімет жоқ. Тергеу ситуациясына байланысты тергеу жоспары келесідей мәселелерді қарастыруы керек: • сезікті болмаған жағдайларда - ұрлық және ұрланған заттардың белгілері туралы мәліметтерді полиция органдарына хабарлау; ұрланған заттарды есепке алу және оларды өткізу жолдарына мүмкіндігінше жол бермеу; жасалынған ұрлық туралы мәліметтерді бІлетін тұлғаларды және ұрлық жасаган адамдарды анықтау; қылмыс жасалынған жерден табылған іздерді анықтау және оларды есеп бойынша тексеру; ұрлықтың мән-жайы мен оны жасаган адамдар туралы (ұрлық объектісіне кім қызығушылық танытты, қылмысты жасау үшін қолданылған құрап-жабдықтарды қолдануға кімнің мүмкіндігі болды және т.б.) қосымша мәліметтер алу; қылмыскерді іздестіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізу, ұрлық жасалынған мекеменің • егер ұрлықты жасаған адам туралы мәліметтер болса – қылмыскердің ерекше белгілері туралы жедел-қызметкерлеріне, базар кызметкерлеріне, темір жол және өзен вокзалдарындагы, аәропорт және медициналық айықтырудагы полиция қызметкерлеріне мәліметтер беру; қылмыскердің портретін жасау; жеке іздестіруді жүргізу; автоматтандырылған ақпаратты-іздестіру жүйесі (АИПС) бойынша кылмыскердің түлгасы туралы • мәліметтерді тексеру және есепке алу. Сезікті белгілі болған жағдайларда жоспарланған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларының негізгі міндеті - сезіктінің орналасқан жері мен оның қылмысқа қатыстылыгы туралы дәлелдемелерді анықтау болып табылады. Осы мақсатта сезіктінің туыстарына, көршілеріне заттарды (оқига болған жерде қалдырылған, жоғалтылған) тану үшін көрсету; сезіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу; тінту кезінде табылған заттарды алу және тану үшін көрсету; қылмыскерді әшкерелеу мақсатында сараптама тағайындау және жүргізу; сезіктіні ұстау мен жауап алу әрекетгері жүргізіледі. Ұрлықтың сипаты мен тергеу жүргізілетін тергеу ситуацияларына байланыссыз жоспарда кейінге қалдырылмайтын - оқиға болған жерді қарау, жәбірленуші және көзбен көрушілерден жауап алу, ал сезікті анықталған және ұсталған жағдайларда оның тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізу сияқты тергеу әрекеттері көрсетілуі керек. Мекемеде жасалынған ұрлық істері бойынша міндетті түрде инвентаризация және аудит жүргізу жоспарланады. Ұрлықты тергеуді жоспарлау көбінесе қалыптасқан тергеу ситуациясына және ең алдымен тергеудің алғашқы кезеңінде сезікті адамдардың бар-жоғына байланысты.Тәжірибелер керсеткендей қылмыстың осы категориясын тергеу кезінде анықтама органдары қылмыскерлерді қылмыс жасау үстінде ұстау жағдайлары (пәтерде, дүкенде, дәріханада, қоймаларда және өзге де материалды құндылықтарды сақтайтын орындарда орнатылған күзет сигнализациясының қосылуы нәтижесінде), "ізі суымаған қылмыстар" бойынша немесе жәбірленушіден, куәдан, көзбен көрушілер немесе көршілерден жауап алу кезінде ұрлық жасауы мүмкін қылмыскерлерді нақты көрсетуі арқылы ұстау жағдайлары кездеседі. Осындай жағдайларда тергеуді жоспарлау ұсталған сезікті адамдардың тергеліп жатқан оқиғаға қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді анықтау мен жинауға және де ұсталған адамдардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруге бағытталады. Бұл істер бойынша жоспарлау болжауларды ұсынуға, тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оларды тексеруге бағытталады. Көп жағдайларда қылмыскер қылмыс жасағаннан кейін жасырынып үлгіріп, тергеудің барысында сезіктінің белгісіз болу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда болжауларды ұсынғанда және тергеу жоспарын жасағанда қажетгі дәлелдемелерді жинауға, сезіктіні анықтау мен ұстауға көңіл бөлінеді. Оснындай жоспар бойынша жұмыс істегенде ең бастысы ұрлық жасауы мүмкін адамдарға қатысты болжауларды ұсыну мен тексеру болып табылады. Ягни, жасалған қылмыстың мән-жайлары ескеріліп, оларға егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және де осындай қылмыстарды бұрын ашып тергеу кезінде жиналған тэжірибе қолданылады. Бұларды есепке ала отырып, жоспарда келесі тұлғалармен ұрлықтың жасалу мүмкіндігін қарастыратын болжаулар ұсынылуы тиіс: • сәйкес қылмыстар үшін сотталғандар, күмәнді өмір сүретін (маскүнемдер, шығу тегі белгісіз заттарды сату арқылы өмір сүретіндер, үйінде қонбайтындар және т.б.) бұрын сотталмағандар; • қылмыс жасау мақсатында қалалар мен облыстар арасында көшіп жүретіндер; • бас бостандығынан айыру орындарынан қашқандар; • көршілес территорияларда осыған ұксас қылмыстар жасағандар (қол сұғушылықтың объектісі мен затын таңдау ерекшелігімен, қылмысты жасау уақыты және қылмыскердің басқа да әрекеттерімен анықталады). Тергеу жоспарында куәлардың көрсетпелерін, табылған іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді қолдану сұрақтары маңызды орын алу керек. Егер өз көзімен көрген куәлар қылмыскердің түрін есінде сақтап қалса, онда криминалист-мамандарға фоторобот жасап көбейтіп, оларды барлық жедел-іздестіру бөлімдеріне, учаскелік инспекторларға, патрульды қызмет қызметкерлеріне тарату тапсырылады. Егер де қылмыскерлер маскіде болып немесе қандай да бір жағдайларға байланысты олардың түрлерін көру мүмкін болмаса, онда өз көзімен көрген куәлардың сипаттауы бойынша ұқсас киімдерді тандап (бас киім, пальто, костюм, жейде), оны манекенге кигізіп суретке тусіру (мүмкіндігінше түрлі-түсті фотосурет қолдану) және барлық белгілерін сипаттау арқылы оны іздестіру кезінде қолдану ұсынылады. Қылмыскерлердің ерекше белгілері туралы куәлардың көрсетпелері табылған іздерді және заттай дәлелдемелерді зерттеу жолымен толықтырылуы мүмкін. Криминалистік бөлімшелерде бар әдістемелер аяк киім іздері бойынша қылмыскердің бойының ұзындығын және жынысын, жүру ерекшелігін, аяқ киім түрін, типін, фасонын, көлемін, оның киілу және жөнделу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қолдардың іздері бойынша олар бойының ұзындығын, жасын, із қалдырған тұлғаның алақанының және саусақтарының ерекшеліктерін анықтай алады. Ұрлық жасау кезінде қалдырылған бұзу іздері арқылы қылмыскердің бойы, дене бітімі, кәсіби дағдылары және физикалық ерекшеліктері анықталады. Қылмыс жасау кезінде көлік құралдары қолданылса, сарапшы-криминалист олардың іздері бойынша көліктің түрін, маркасын, моделін және қозғалыс бағытын анықтайды. Қалталық ұрлықтарды ашу әдістемесі осы қылмыстардың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені қылмыскер жасырын және қысқа уакытта әрекет етеді. Ал жәбірленуші тіпті ұрлықшыны білмек түгелі кейде қай жерде, қай уакытта ұрлағанын да білмейді. Тергеу әрекеттерінің кезектілігі ұрлықшы қылмыс үстінде ұсталған ба, әлде оның жеке басы тергеу барысында анықталатындығына байланысты. Егер қылмыскер ұрлық жасау үстінде ұсталынса, ең алдымен жеке тінту жүргізіледі, ұстау орнына қарау жүргізіледі, жәбірленушілер мен куәлар анықталады, қылмыскердің жеке басы мен тұрғылықты жері анықталады. Қылмыскерден жауап алынады, іс үшін маңызы бар заттар алынуға жатады және оларға қарау жургізіледі, олар іске айғақты заттар ретінде тіркелуі тиіс. Одан кейін қылмыскердің тұрғылықты жері мен ұрланған заттар жасыруы мүмкін жерлер тінтіледі. Ұрлықшы ұсталған кезде жеке тінту яғни қылмыс жасау кезінде қолданған құрал-саймандарды ұстара, ашкыштар, фомкалар, үшкірленген тиын ақшаларды, табу мақсатында жүргізіледі. Ұстау кезінде ұрланғандығы өзіне мәлім емес жәбірленушілер де болуы мүмкін, сондықтан оларға өздерінің заттарын тексеру ұсынылуы керек.Қылмыскер ұрлық үстінде ұсталынбаса, белгісіз болса, ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады, куәлар мен өз көзімен көрушілер анықталынып олардан жауап алынады, ұрланған заттар жатқан жерлер қаралады, қажетті жағдайларда оқиға болған жерге қарау жүргізіледі. Ұрлықты тергеу тәжірибесі осы қылмысты инсценировкалау жағдайларының кездесуін көрсетеді. Ұрлықты инсценировкалау мүмкіндігіне байланысты болжаулар оқиға болған жерді қарау барысында негати вті жағдайларды анықтаған кезде-ақ пайда болады: қажетсіз есікті бұзу белгілерінің болуы, үй-жайдың сыртқы жағында сынған әйнек бөлшектерінің болуы, кесілген ілмелі құлып табылған жағдайларда металл ұнтақтарының болмауы және сол сияқты. Мұндай болжаулар арызданушыдан жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін. Арызданушы ұрланған заттың көлемі, сақтау орны туралы, ұрланған заттың белгілері туралы көрсетпелер беру кезінде шатасып, қандай да бір мән-жайларды көңілге қонымсыз түсіндіруінен көрінеді. Айтылған инсценировкаланған қылмыс туралы жорамал отбасы мүшелерінен, көршілерінен, қызметтестерінен жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін, егер олар арызданушының отбасындағы нашар жағдайы туралы, оның спирттік ішімдіктерді ішетіндігі туралы хабарласа, сонымен қатар, ұрланған құндылықтардың оның иелігінде тіптен болмағандығы туралы көрсетпелер берсе. Инсценировка туралы ақпарат жедел қайнар көздерден, азаматтардың хаттарынан арызданушы жасалынған ұрлық туралы хабарламаға дейін біреумен жалған арыз беру туралы, осының алдында мүлікті сақтандыру туралы шарт жасағандығы туралы, ұрланған сымақ заттарды сату жолдары туралы сөйлескендігін көрсететін мәліметтер алынуы мүмкін. Тергеу жоспарында инсценировкаланған ұрлық туралы болжауды тексеру мақсатында куәлардан жауап алу әрекеттері қарастырылады. Жауап алу кезінде арызданушы ұрланды деген заттарды немесе құндылықтарды сатқандығы, ол затты біреуге сыйға тартпақшы болғандығы туралы, қылмыс жасалған кезде қайда болғандығы, арызданушының өмір салты, оның байланыстары, отбасындағы қарым-қатынасы және басқа да сұрақтар анықталуы керек. Инсценировкаланған ұрлықты тексеру мақсатында трасологиялық сараптама - бекітуші кұрылғыларды бұзу механизмін анықтау үшін тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, тергеу экспериментін жүргізуді жоспарлау керек, оның көмегімен қылмыскер пәтерге есіктегі, қабырғадағы, төбедегі тесіктер аркылы кіре алды ма және форточка, терезедегі торлар арқылы «ұрланғаи» заттарга ұқсас заттарды алып шығара ала ма деген мәселелерді шешуге болады. Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында қылмыскерлерді және ұрланған заттарды анықтау үшін жедел-анықтамалық және криминалистикалық тіркеулердің қолданылу мүмкінділігін қарастыру керек. Мысалы, егер қолдың іздері табылса, оларды тіркеудегі қолдың іздері бойынша тексеру (ішкі істер органдарының криминалистикалық бөлімшелерінде) жоспарлануы қажет. Бұл сонымен қатар, осы қылмыскерлердің бұрын жасаған қылмыстарын ашуға мүмкіндік береді. Бір тұлғамен жасалынған қылмыстар бойынша қылмыстык істерді бір өндіріске біріктіру олардың тезірек ашылуына және толық ақпарат алуға мүмкіндік туғызады. Егер «нөмерлі заттар» деп аталатын заттар (сағат, магнитофон, радиоқабылдағыш, автокөлік құралдары), бейнелену енерінің заттары, әртүрлі қоллекция заттары ұрланса, оларды сәйкесінше есепке алуды қарастыру керек. Бұл ұрлықты ашуды едэуір жеңілдетеді.Ұрланған заттарды өткізуі мүмкін жерлерді: ломбард, базар, ұсталынған заттар сататын орын, темір жол, автовокзалдар және басқа да объектілер тексеруге қойылуы тиіс. Сезіктілерді қала көліктерінде, парктерде, би аландарында, кинотеатрларда және басқа да қоғамдық орындарда ұстау шараларын жоспарлау кезінде қоғамдық мүмкіндіктерін осы мақсатқа қалай тиімдірек қолдануға болатыны ойластырылуы қажет. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|