Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызанақта кездесетін негізгі ауруларға жалпы сипаттама




Макроспориоз немесе құрғақ дақ залалданған жапырақта құрғақ, дөңгелек, шеңберлі айқын дақтар түзіледі. Олардың көлемі бірнеше миллиметрден 1,5 см дейін болуы мүмкін. Ауруға өсімдіктің басқа да мүшелері – жеміс сағақтары, жемістері және өркендері шалдығады.

Жеміс бетінде түсі қоңыр сәл басылған дөңгелектеу дақтар пайда болып, оның үстінде түсі қара мақпалды өңез түзіледі. Кесел жемістің сағаққа тіркелген бөлігінен басталады.(3 – сурет)

3 – сурет. Макраспориоз (https://www.google.kz/search?q=Heterodera+avenae)

 

Ауру қоздырғышы – Macrosporium solani Ell. et Mart. саңырауқұлағы. Оның жіпшумағы эндофитті, ұлпа бетіне конидия тасушылар мен конидиялар шығады. Конидияларының құрылысы әртүрлі болады. Жас конидиялары бір клеткалы, түссіз жетілгендері – бір-екі перделі, ал толық жетілгендерінің пішіні шоқпар тәрізді, бірнеше көлденең және бойлаған перделері бар. Құрғақ, ыстық ауа райымен жаңбыр немесе мол шық алмасқан жағдайда, ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры өсімдік қалдықтарында жіпше мен конидия түрінде және ауру жемістің қалдықтарында, тұқым арасында сақталады.Аурудан жапырақтың ассимиляциялық көлемі кішірейіп,тұқымның сапасы төмендейді.

Септориоз немесе ақ дақ - өсімдіктің залалданған мүшелерінде ұсақ, түсі ақ-сұр, айналасы қоңыр жиекті дақтар пайда болады. Дақ бетінде қара пикнидалар түзіледі.(4–сурет). Кесел алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында дамып, кейін жоғары орналасқандарына жылжиды. Залалданған жапырақтардың түсі қоңырланып, ширатылып, қурап түседі. Сонымен қатар сағақтар, тостаған жапырақшалар кейде жемістер де ауруға шалдығады.

4 - сурет Септориоз (https://www.google.kz/search)

 

Ауру қоздырғышы - Septoria lycopersici Speg. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың түссіз жіпшумағы клетка аралығымен тарайды.

Пикнидалары шар тәрізді, түсі қара, саңылауы кең, ішіндегі споралары түссіз, цилиндр пішінді, ұшы сәл иілген. Пикноспоралар жіпшеге өніп, кутикула арқылы өсімдікке енеді. Инкубациялық кезеңі 8-14 күн. Саңырауқұлақ 15-270С температура мен 77-94% ылғалдылықта жақсы дамиды. Инфекция қоры – шірімеген ауру өсімдік қалдықтарында сақталатын пикнидалар мен пикноспоралар.

Кеселдің зияндылығы залалдану мерзіміне байланысты. Дамуының ерте кезеңінде ауруға шалдыққан қызанақ жапырақтары мерзімінен бұрын қурап, өсімдік қорының едәуір бөлігі жаңа жапырақтар түзуге жұмсалуға байланысты, өнімнің шығымы мен сапасы кемиді.

 

Бактериялы қара дақ - жас және ересек өсімдіктердің барлық жер үсті бөліктері вегетациялық кезеңдерде ауруға шалдығады. Жас ұлпалар ауруларға төзімсіз келеді. Тұқым жарнақтың бетінде жүйкені бойлаған қара дақтар түзіледі. Жапырақтағы майда, майлы дақтардың түсі алғаш қара-қоңыр болып, кейін қарайып, сарғыш жиекпен шектеледі.(5 – сурет). Сабақ пен сағақтағы қара дақтар, аталған мүшелерді бойлап, созылыңқы орналасады. Ылғалы мол жылдары залалданған сабақ шытынап, жарылады. Жемістегі дақтар алғаш ұсақ, жиекті, сүйел тәрізді болып, кейін олар ұлғайып (диаметрі 6-8 мм) ойық жараларға айналады.

5 сурет Бактериялы қара дақ (https://www.google.kz/search?q=Xanthomonas+visicotoria+Dow)

 

Кең таралған ауру, әсіресе жауын-шашын мол жылдары жиі кездеседі.

Ауру қоздырғышы – Xanthomonas visicotoria Dow. бактериясы. Ол өсімдікке устьица және жарақат арқылы еніп, клетка аралығымен тарайды. Залалданған жапырақта қоздырғыштың инкубациялық кезеңі 3-6, ал жемісте 5-6 күнге созылады. Аурудың дамуына 25-30С температура және жоғары ылғалдылық қолайлы жағдай туғызады. Инфекция қоры – залалданған тұқым мен шірімеген өсімдік қалдықтары.

Бұл қоздырғыш қызанақтан басқа бұрышты залалдайды. Кеселдің себебінен өсімдіктің өсуі саябырлап, өнімнің шығымы мен сапасы төмендейді.

Төбе шірігі - қызанақ егілетін жылыжайларда және егістіктерде кездеседі. Бұл ауруға көк және пісіп жетіле бастаған жемістер шалдығады.

Кесел жас жемістерде, алғашқы бірінші немесе екінші жеміс шоқтарында кездеседі. Жеміс төбесінде алғаш майда, сулы дақ пайда болып, кейін өсе келе қоңырланып, сәл басылады. Залалданған жеміс қатайып қурайды. Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулыға айналады.(6 – сурет)

Өсімдікке су мөлшерінің жетіспеуі, әсіресе алғашқы жеміс байлану кезеңіндегі ылғал тапшылығы, сондай-ақ ыстық, құрғақ ауа райы, азот тыңайтқышының топырақтағы артық мөлшері және кальцийдің жетіспеуі сияқты факторлар төбе шірігінің тууына себебін тигізеді. Фосфор, калий тыңайтқыштарын топыраққа мезгілінде енгізсе, онда өсімдіктің ауруға төзімділігі артады.

6 – сурет. Төбе шірігі

(https://www.google.kz/search?q=төбе+шірігі)

 

Ауру қоздырғышы - Pseudomonas persicum Burg. бактериясы Залалданған жемістің төбесінде үлкен, сұр шеңберлі дақтар пайда болады да ұлпалар тез жұмсарып, шіриді. Бактериялар өсімдік қалдықтарында және алқа тұқымдас арам шөптерде сақталады.

Ауру насекомдар және жаңбыр тамшысы арқылы тарайды. Төбе шірігі аса зиянды кесел, онымен 20-30% жемістер залалданады

Мозаика - з алалданған өсімдіктердің жапырақтары мозаикаланып, қоңыр-жасыл, ашық жасыл және сары бөліктер кезектесіп орналасады. Өсімдіктің жас жапырақтары ауруға көбірек шалдығады. Кесел қарқынды дамығанда жас жапырақтар деформацияланады. Жапырақ алақаны аса тілімденіп (папоротник жапырағы сияқты) немесе жіңішке жіпшелерге бөлініп (жапырақтың жіпшеленуі), пішінін мүлдем өзгертеді.(7–сурет). Бұл жағдайлар өсімдікке жарық жетіспей, ауа ылғалдылығы аса мол болғанда байқалады.

7 – сурет. Мозайка ауруы

(https://www.google.kz/search?q=мозайка)

 

Ауру қоздырғышы - Tabaco mosaic virus (Nicotiana virus 1 Smith.) вирусы Ол жылыжайларда және егістіктерде алқа, бұршақ тұқымдас және басқа да көптеген өсімдіктерді залалдайды. Вирус өсімдіктен өсімдікке жұмыс қолдарымен, қолданылған құралдармен, насекомдармен (біте) таралады. Аурудың қоры тұқым мен шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.

Бұл кесел өте зиянды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің транспирациясы нашарлап, өсуі саябырлап, гүлдену қарқыны бәсеңдеп, гүл түйіні мен гүлдері қурайды. Егер жеміс түзілсе, онда оның құрамында қанттар мен органикалық қышқылдардың мөлшері аз жинақталады, өнімнің шығымы мен сапасы төмендейді.

Стрик - өсімдіктің залалданған мүшелерінде түсі қызыл-қоңыр немесе қоңыр дақтар пайда болады.

Жапырақтарда ұсақ, бұрышты, ал сабақ пен сағақтарда сызықша немесе жолақты дақтар түзіледі. (8-сурет)Заладанған жапырақтар морт сынып қурайды.

Көк жемістердің бетінде қоңыр, жалтыр, сопақша дақтар пайда болады. Ауру қарқынды дамығанды жемістер пішінін өзгертіп, шытынайды. Піскен жемістердегі дақтар басылған, түсі әртүрлі болып келеді. Залалданған жапырақтар қурап, сабақ оңай сынып, кейде өсімдіктің ұшы жансызданады.

 

8 – сурет Стрик

(https://www.google.kz/search?q=стрик)

Ауру қоздырғышы - Nicotiana virus 1 Smith. вирусы Бұл темекі мозаикасының вирусы, ол көбінесе картоптың Х және У вирустарымен аралас кездеседі. Аталған вирустар қызанақты бұталау кезінде механикалық жолмен таралуы мүмкін. Стрик 15-200С температурада қарқынды дамып, 220С – бәсеңдеп, ал 240С және одан жоғарыда – ауру тоқталады. Инкубациялық кезең – 10-14 күн. Вирус инфекциясы өсімдіктің қураған қалдықтарында, топырақта, тұқым сыртында сақталады.

Бұл ауру өте зиянды, оның әсерінен жемістің өнімі мен сапасы едәуір төмендейді.

Столбурға шалдыққан өсімдіктің төбесі мен жас өркендері қызылдау немесе күлгін түсті болады. Жаңа шыққан жапырақтар пішінін өзгертіп (жіңішкеріп немесе папоротник жапырағына ұқсап), жоғары бағытталып, тікірейеді. Өсімдіктің төменгі жапырақтары сарғайып, жүйкелері астыңғы жағынан күлгін түске енеді.

Тостаған жапырақшалары бір-бірімен қосылып, көлемі ұлғайып, пішіні «қоңырау» тәрізді болады. Гүліндегі аталықтары семіп, аналығы қысқарып, кейіпсізденеді. Күлте жапырақшалары ұсақталып, түсі көбінесе жасыл болады. Ауруға шалдыққан гүлде жеміс түзілмейді. Түйін түзілу кезінде залалданған өсімдіктің жемісі піскенде түсі қызыл-сары болып, оның төменгі бөлігі торланып, қабығы жұқарады. Залалданған жемісте түтікті талшықтардың ксилема клетка-лары қарқынды дамып, тұқым ұялары кішірейіп, тұқымдары жетілмей, әлжуазданады, кейде мүлдем түзілмейді. Жемістері қатайып, дәмсіз болады.

 

9 – сурет столбур (https://www.google.kz/search?q=столбур)

 

Ауру қоздырғышы – микоплазмалық организмдер Олардың пішіні сопақша немесе сфера тәрізді, диаметрі – 50-90 нм.

Микоплазмалық организмдер цикадалар арқылы және телу кезінде таралады. Инкубациялық кезең 30 күнге созылады. Жоғарғы температурада ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры арам шөптерде сақталып, цикадалармен тарайды.

Столбур ауруына шалдыққан қызанақтың өнімі төмендеп, жемісінің тауарлық сапасы кеміп, қолдануға жарамсыз болады.

Сонымен қатар мен Қарасай ауданында кездеспейтін, әлемде қызанақтың едәуір бөлігін зақымдайтын Қазақстанда карантинді болып келетін ауру бактериялы рак ауруына тоқталғым келеді.

Бактериялы рак өсімдік кез келген вегетациялық кезеңде ауруға шалдығады. Кеселдің диффузды және жергілікті түрлері болады. Диффузды түрінде көшеттер солып, ал өсіп-өркендеген өсімдіктің жапырақтары мен өркендері солады. Өсімдік кейде бір жақты, яғни жапырақтың бір жағының жеке бөліктері солып, кейін түгел қурап, түтіктері қоңырланады.

Сабақ залалданғанда, осы мүшені бойлаған қоңыр жолақтар түзіліп, кейін олар жарылады. Көлденең кесіндісінде сабақ түтіктерінің қарайғаны байқалады.

Залалданған жемістің пішіні бұзылып, тұқымы қарайып, өнгіштігі жойылады. Сау көрінген ауру жемісті кескенде, оның тұқым ұяшығына қарай таралған түсі сары бактерия массасы көрінеді.

Өсіп-өнген ересек өсімдік қайта залалданғанда кесел жергілікті болып, барлық мүшелері ауруға шалдығады. Жапырақтарда, сағақтарда, сабақта майда, қоңыр, ойық жаралар түзіледі.

Жемістегі дақтар тегіс, ортасы қоңыр, шеті ашық түспен жиектелген. Көк жемістердегі ортасы қара, шытынаған, майда дақтардың шеті ақ түсті болады.

Піскен жемістегі қоңыр дақтар ақ түспен жиектеліп, «көз» пішінін алады, сондықтан ауруды «құс көзі» деп атайды. Мұндай жемістердің тағамдық сапасы жойыл-майды, сондай-ақ инфекция тұқымына енбейді.

Ауру қоздырғышы – Corynebacterium michiganease Jensen бактериясы Өсімдікке қоздырғыш жарақаттар арқылы еніп, түтік жүйесін залалдайды. Бактерияның дамуына қолайлы температура – 25-270С, ал ол жоғары-лағанда (50-530С) – тіршілігі жойылады. Инфекция қоры тұқым мен өсімдік қалдықтарында сақталады. Фегетация кезінде бактерия насекомдар, жаңбыр тамшысы, суарған су, қолданылған құралдармен таралады.

Бұл ауру өте зиянды, оның салдарынан өсімдіктің дамуы саябырлап, диффузды түрінде жеміс пен тұқымның сапасы төмендейді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных