Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі ауруларға қарсы күресу шаралары




Қызанақты жылы жайларда аурулардан қорғау әдістері санитарлық және профилактикалық шараларға негізделген:

Өсімдікті, жылыжай құрылыстарын, топырақты, құрал-саймандарды залалсыздандыру және басқа да санитарлық-профилактикалық шаралар қызанақ дақылын аурулардан қорғаумен жүргізіледі.

- Тұқымды бактерия және вирус инфекцияларынан залалсыздандыру үшін 1% марганец қышқыл калий немесе 20% тұз қышқылының ерітінділерінде 30 минут өңдеп, оны сумен жуу қажет.

- Көшеттерді залалсыздандырылған субстратта өсіріп, оларды көшіруден бұрын, отырғызудан 12-14 күн өткен соң және егістікке тұрақты орналастыру алдында, одан 12-14 күннен кейін өсімдіктерді мұқият тексеріп, ауруларын іріктеп, жою.

- Өсімдіктің дамуына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін жылыжайларда ауа ылғалдылығын 60-65%, ауаның температурасын 20-250С деңгейінде сақтау.

Қызанақты қоңыр дақ, ақ шірік (склеротиниоз), ақ ұнтақ және вирус кеселдерінен қорғау, қияр дақылының ауруларына қарсы қолданылатын шараларымен сәйкес келеді.

- Фитофтороз, қоңыр дақ, макроспориоз, септориоз ауруларының белгілері біліне бастағанда бордос сұйығымен (100 г мыс купоросы мен 100 г әктің 10 л судағы ерітіндісі) немесе 30% мыс хлороксиді, с.ұ. – 2,4 кг/га; 34,5% купроксат қойыртпағы – 5 л/га ерітінділерімен бүрку.

Ашық алаңда өсірілетін қызанақты аурулардан қорғау шаралары инфекцияның негізгі қорын жоюға бағытталған:

- Ауруларға төзімді қызанақ сорттарын енгізу.

- Топырақ инфекциясын төмендету үшін, ауыспалы егістікті сақтау

- Қызанақ және басқа да алқа тұқымдас дақылдарын бұрынғы егістіктерден алшақ егу.

- Көшеттерді танапқа отырғызар алдында мұқият іріктеу.

Қызанақты белгілі аймаққа ұсынылған агротехникаға сәйкес өсіру

- Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолайлы мөлшерде енгізу; жеміс беру кезеңінде төбе шірігінен сақтау үшін үстеме суару; өсімдікті мұқият баптау, ауруға шалдыққандарын жою

- Вирус, микоплазма инфекциясын жинақтаушы арам шөптермен (сүттіген, меңдуана, сасық меңдуана, қара алқа, т.б.) және оларды тасымалдаушы зиянкестермен (біте, трипс, цикадалар, т.б.) үнемі күресу.

- Бактериялы қара дақ, септориоз, фитофтороз және макроспориоз ауруларының белгілері біліне бастағанда 1% бардос сұйығы (6-8 кг/га); 90% мыс хлороксиді, с.ұ. – 2,4-3,2 кг/га ерітінділерімен бүрку.

- Соңғы өнімді жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын жойып, терең сүдігер жырту.

Аталған фунгицидтер Қазақстанда қолдануға рұқсат берілген пестицидтердің тізімінде көрсетілген мөлшері мен уақытына сәйкес іске асырылуы тиіс.

 

Орытынды

Қорыта келгенде, ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуда жақсы ұйымдастырылған өсімдік қорғау шараларынсыз болмайтындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Зиянды өсімдік ауруларының салдарынан туатын шығындардың экономикалық мөлшері өте үлкен.

Өсімдік аурулары мен зиянкестерінің келтіретін шығын көлемі біздің елде де аз емес. Зиянкестер мен аурулар өндірілетін өнімнің 25-30% -ын жоюда. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянды ауруларымен көпшілігімен күресу шаралар жүйесі жете зерттеліп, казіргі кезде өндіріске енгізілуде. Реформалық кезеңде кенжелеп қалған өсімдік қорғау саласы қайтадан жақсаруда.

Ауылщаруашылық дақылдары мен жерлерін аса қауіпті аурулардан қорғау мемлекеттік қаржы есебінен атқарылады. Мемлекетіміз карантиндік нысандардың ошақтарын оқшаулау және жою үшін қаражаттар бөлуде.

Сөйтіп Қарасай ауданында кездесетін қызанақ ауруларын 3 топқа бөлдім. Олар:

- Саңырауқұлақ аурулары (септариоз,макроспориоз)

- Бактерия аурулары (бактериялы қара дақ, төбе шірігі)

- Вирус аурулары (столбур, стрик, мозайка)

Сонымен қатар, Қазақстанда карантинді болып табылатын қызанақтың бактериялы рак ауруына тоқталдым. Мен бұл аурулармен жете танысып, олардың бір-бірімен айырмашылығын сонымен қатар таралу заңдылықтарын, қоздырғыштарын, зияндылықтарын, ауру белгілерін және олармен күресу жолдарымен танысып осы семестрлік жұмыста қорытындылап жаздым. Және де болашақта осы аурулар егісте болған жағдайда осы күресу шараларын қолдану керек,,сонымен қатар қазіргі экологиямызға сай, зиянсыз, жаңа әсері күшті препараттар шығаруымыз қажет деп ойлаймын.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных