Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Балалар футбол клубын ашу




Бизнес-жоспар

 

 

2011 жыл

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме. 5

Кіріспе. 7

1. Жобаның тұжырымдамасы.. 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы.. 9

4. Маркетингтік жоспар. 11

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы.. 11

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер. 12

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер. 13

4.4 Маркетинг стратегиясы.. 13

5. Техникалық жоспарлау. 15

5.1 Техникалық процесс. 15

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар. 15

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 15

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым.. 15

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам.. 16

7. Жобаны іске асыру. 17

7.1 Іске асыру жоспары.. 17

7.2 Жобаны іске асыру шығындары.. 17

8. Пайдалану шығыстары.. 18

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар. 19

10. Қаржыландыру қажеттілігі 21

11. Жобаның тиімділігі 22

11.1 Cash-flow проекциясы.. 22

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 22

11.3 Баланс проекциясы.. 22

11.4 Қаржы индикаторлары.. 22

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер. 24

12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 24

12.2 Қоршаған ортаға әсер. 24

Қосымшалар. 25

 


Кестелер тізімі

1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

2-кесте – Өнімнің жоспарлы бағалары

3-кесте – Оңтүстік Қазақстан облысында балалар жасындағы халықты бөлу, адам

4-кесте – 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының негізгі көрсеткіштері

5-кесте - SWOT-талдау

6-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

7-кесте - 2012 ж. Инвестициялық шығындар, мың теңге

8-кесте – Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

9-кесте – Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг

10-кесте – Жобаның инвестициялары, мың теңге

11-кесте – 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

12-кесте - Кредиттеу шарттары

13-кесте – Кредит бойынша төлемдер, мың теңге

14-кесте – Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

15-кесте – Баланстық есеп коэффициенттері

16-кесте – Жобаның қаржылық көрсеткіштері

17-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг

18-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

 

 


Суреттер тізімі

1-сурет – Оңтүстік Қазақстан облысында демалыс, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру қызметтері, мың теңге

2-сурет – Оңтүстік Қазақстан облысы халқы санының серпіні, адам

3-сурет – Ұйымдастыру құрылымы


Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында футбол клубын ашуды қарастырады.

14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады..

 

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың тг. 2 012
Негізгі капиталға инвестициялар 4 795
Негізгі капитал 1 327
Барлығы 6 122

 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг. Сомасы Кезеңі Үлесі
Өз қаражаты 1 327 03-04.12 22%
Қарыз қаражаты 4 795 03.12 78%
Барлығы 6 122   100%

 

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы теңге
Пайыздық ставка, жылдық 12%
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай  
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай  
Негізгі борышты өтеу түрі тең үлестермен

 

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері:

Жылдық пайда (5 жыл), мың тг. 5 233  
Активтердің рентабельділігі 30%  

 

13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 5 жылда 12 915 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 77%    
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 12 915    
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 2,2    
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 2,5    

 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Шымкент қаласында 5 жаңа жұмыс орнын құру;

- Шымкент қаласының бюджетіне қосымша түсімдер.

Жобаның әлеуметтік әсерлері арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- халықтың, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- халықтың (балалар мен жасөспірімдердің) денсаулығын сақтау, нығайту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын және бос уақыттарын қалыптастыру;

- спорт ғимараттары мен басқа да сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалану;

- спортқа тартылатын балалар санын ұлғайту, нәтижесінде жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықты азайту.


 

Кіріспе

Шағын-футбол соңғы кезде Қазақстанда, қазақстандық бизнесте кеңінен тараған.

Шағын футбол спорттың қызықты түріне айналуының себептері мол.

Біріншіден, футбол – бұл спорттың құмарлы түрі, ол бизнеспен айналысатын көптеген адамдар сияқты тұтастай алған,да ер-азаматтардың бәріне ұнайды.

Екіншіден, спорттың басқа көптеген түрімен айналысуға қарағанда шағын футбол үшін жағдайлар көп. Негізінен онымен көптеген спорт залдарда айналысуға болады.

Бұдан басқа, шағын футбол үшін командаға 11 ойыншы емес ғана қажет болады, 12 футбол құмар адам болса, олардың екі командаға бөлініп, жаттығуларына болады.

Жалпы, футболдың имиджі соңғы кезде қатты өзгерді, егер бұрын оған ұлттық спорт ретінде қараса, енді белгілі ойыншылардың нәтижесінде ол ерекше және беделді ойынға айналды.


 

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында балалар спорт клубын ашуды қарастырады.

14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады.

Клуб мектептің жалға алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы балалар футбол алаңын жалдауға да болады.

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.


 

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері бүгінде сервистік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Адамдарда әлеуметтік маңызды болып табылатын сауықтыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты спорттық қызметтерді ұйымдастыруда ақылы қызметтер маңызды рөл атқарады және сондықтан да ақылы қызметтер өндірісі дене тәрбиесі ұйымдары ұсынатын қызметтер сапасын арттыру болып танылады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтері кеңейту және коммерциялық дене шынықтыру және спорт қызметтерін ұйымдастыру халықтың дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға, денсаулықты сақтауға, нығайтуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, салауатты өмір салты мен бос уақытын қалыптастыруға, сондай-ақ спорт ғимараттары мен сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалануға бағытталған.

Жаңа ақылы спорт қызметтерін құру процесін зерделеу сервистік қызметке перспективті бағыт ұстау болып табылады. Бүгінде ақылы қызмет түрлері өсуде, өйткені олар мынадай санаттар бойынша әр түрлі: қызметтерді ұсыну бағасы, түр-түрі, дене шынықтыру әсері, сондай-ақ ересектер санаттары бойынша.

Топ жастарына қарай бөлінеді. 1-топ – 7 жасқа дейінгі балалар, 2-топ – 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар, 3-топ – 12-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Әрбір жас топтарының саны – 2. Осылайша, барлық топ саны – 6. Жарты топ дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, екінші жартысы - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері дайындалатын болады. Бір сабақтың уақыты – 1 сағат. Сабақ уақыты күндізгі және кешкі деп бөлінеді. Осылайша, әрбір баланың бос уақыты ескерілетін болады.


 

3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

 

1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш 2 012 2 013 2 014 2 015 2 016 2 017 2 018
Топтар саны, бірлік              
Топтардың толықтырылуы 67% 84% 90% 90% 95% 95% 100%
Балалар саны, адам              
1 айға сатылуы, мың теңге         1 026 1 026 1 080

 

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың қаланың әр түрлі аудандарында балалар футбол клубтарына деген қажеттілігін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.

 

2-кесте – Өнімнің жоспарлы бағалары

1 балаға бір айға төленетін ақы мың тг.  

 

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі сонымен қатарлас кәсіпорын қызметі бағасының ұлғаюына әсер ететін болады..


 

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

 

Жаңа технологияларды игерудің дамып отырған серпіні спорт қызметтері саласы инфрақұрылымының белсенді дамуын айқындап берді..

 

1-сурет – Оңтүстік Қазақстан облысында демалыс, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру қызметтері, мың теңге

Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті

Суретте көрсетілгеніндей, ОҚО демалыс, мәдени және спорт іс-шараларын ұйымдастыру қызметі көлемінен түсетін түсімдер жылдан-жылға ұлғаюда. Мәселен, егер 2005 жылы 3 042,6 млн. теңгенің спорт қызметтері көрсетілген болса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2 166,5 млн. теңгеге (немесе 19,5%) ұлғайды және 5 209,1 млн. теңгені құрады.

Бұл жобаның пайдасына тағы бір көрсеткіш – халық санының ұлғаюы.

 

2-сурет – Оңтүстік Қазақстан облысы халқы санының серпіні, адам

Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті

2-сурет ОҚО халқы саны өсуінің оң серпінін көрсетеді. Мәселен, 2010 жылы халықтың саны 2 567 707 адамды құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 56 009 адамға көп.

 

3-кесте – Оңтүстік Қазақстан облысында балалар жасындағы халықты бөлу, адам

Жасы 2000 ж. 2005 ж. 2009 ж. 2010 гж
0 - 4 224 256 256 845 329 860 350 192
5 - 9 255 097 224 507 254 019 262 368
10 - 14 253 822 255 466 242 827 237 423

Источник: Департамент статистики ЮКО

3-суреттегі деректерді ескере отырып, балалар футбол клубы клиенттерінің үлесі (5-14 жастағы балалар) 2010 жылғы ОҚО жалпы халқы санының 19,5% құрайды.

 

4-кесте – 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының негізгі көрсеткіштері

Дене шынықтыру ұжымдарының саны (бірлік)
Барлығы, оның ішінде балалар: 1 453
Жалпы білім берет ін мектептерде 1 137
Балалар жас өспірімдер клубтарында  
БЖДДК-да (балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары)  
Мүдделері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында  
БЖСМ-де, сегізжылдық және т.б.  
Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда  

Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті

 

Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар және шынықтыру ұжымдарының саны 1 223 бірлікті құрайды, бұл жалпы санының 84,2%.

Осы уақытта Шымкент қаласында 9 спорт алаңы бар. Қалада дарынды балалар көп, бірақ алаңдар мен жаттықтырушылар жетіспейді.

 

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорының негізгі бәсекелесі Шымкент қаласындағы дене шынықтыру ұжымдары болып табылады. 3-кестеде көрсетілгеніндей Оңтүстік Қазақстан облысында олар онша көп емес.

Шымкент қаласында сондай бір балалар футбол клубы жоқ, тек мектептерде дене шынықтыру ұжымдары мен спорт алаңдары бар, оларда спорттың әр түрімен айналысады.

Шымкент қаласында кәсіби футбол клубы бар. Ол 2000 жылғы шілдеде «Томирис» және «Жігер» командаларының 2003 – «Ордабасы» командасымен бірігуі нәтижесінде «Достық» деген атпен құрылды.

 

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

«Қазмұнайгаз» компаниясы Қазақстанда көп функционалды спорт алаңдарын салудың екі жылдық бағдарламасын әзірледі және бекітті. Ұлттық компания өзінің еншілес компаниялары арқылы 60 спорт алаңын салуды жоспарлап отыр. Олардың үшеуін «ҚазТрансГаз» АҚ өткен жылы Шымкент қаласында салды, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде тағы да 9 алаң салу жоспарлануда. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ үстіміздегі жылғы мамырда футбол турнирін өткізуді ұйымдастырды, ол Шымкенттегі № 50 мектептің футбол алаңында өтті.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных