ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Cash-flow проекциясыCash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр. Есеп 3 бөлімнен тұрады: · операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет; · инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі; · қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады. Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін көрсетіп отыр.
11.2 Пайда мен залалдардың есептері Жоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада айқарма түрінде көрсетілген.
14-кесте – Өнімділік көрсеткіштері, мың тг
Баланс проекциясы 2016 жылғы баланстық есеп коэффициенттері төмендегі кестеде берілген.
15-кесте – Баланстық есеп коэффициенттері
Аржы индикаторлары
13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 75жылда 12 915 мың теңгені құрады.
16-кесте – Жобаның қаржылық көрсеткіштері
17-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг
Кестеде кәсіпорынның залалсыздық шегі жылына сату көлемі 6 917 мың теңге болып табылатыны көрсетілген (1916 жыл). Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 20 % құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш пайыздар бойынша шығыстардың азаюына қарай (48% дейін) өседі. Кәсіпорынның жеке кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бар және шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық салудың жеңілдетілген режимін қолданады. ҚР Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық ставкасы табыс сомасының (жалпы табыс) 3% мөлшерінде белгіленген.
18-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)
Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда 810 мың теңгені құрайды. 12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні Жобаны іске асыру кезінде: · жұмысшылардың тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орнын ашу; · с порт қызметтерін көрсететін жаңа кәсіпорын ашу; · Шымкент қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсу (810 мың теңгеден астам) міндеттерін шешу қарастырылған. Әлеуметтік әсерлер арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады: - халықтың, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; - халықтың (балалар мен жасөспірімдердің) денсаулығын сақтау, нығайту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын және бос уақыттарын қалыптастыру; - спорт ғимараттары мен басқа да сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалану; - спортқа тартылатын балалар санын ұлғайту, нәтижесінде жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықты азайту. Жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жұмыс орны құрылатын болады..
12.2 Қоршаған ортаға әсер Кәсіпорын қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.
Қосымшалар
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|