Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары.




v тергеу әрекеттерінің хаттамалары;

v сот отырысының хаттамасы;

v басқа процессуалдық әрекеттердің хаттамалары.

 

Өзге құжаттар. 119-120-баптың негізінде өзге құжаттарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

v жалпы құжаттар;

v компьютерлік мәліметтерді қамтитын материалдар, фото және киносуреттер, дыбыс және бейне жазбалар;

v тергеу жүргізу басталғанға дейінгі тексерудің материалдары.

 

Сипаты мен қалыптасуына қарай дәлелдемелер бірнеше топтарға жіктеледі.

1. Қылмыстың оқиғасына қатыстылығы бойынша дәлелдемелер тікелей және

 

жанама болып бөлінеді.

Тікелей дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын, оның қалай болатындығын және кім жасағандығын көрсететін фактілі деректерді айтамыз. Мәселен, жәбірленушінің зіне қарсы жасалған қылмыстың қалай болғандығы және оны кім жасағаны жөнінде жаубы тікелей дәлелдеме болып табылады. Сол сияқты айыпталушының айыбын мойындап, қылмысты қалай жасағандығы жөнінде жаубы немесе қылмыстың қалай болғандығын өз көзімен көрген куәнің жауабы – бұлар тікелей дәлелдемелерге жатады.

Жанама жәлелдемелер деп қылмыстың оқғасын және қылмысты кім жасағандығын тікелей көрсетпейтін, бірақ іске маңызы бар басқа мән-жайлар жөнінде фактілі деректерді айтамыз. Мәселен, куәнің айыпталушыны қылмыстың оқиғасы болған жерде көргендігі туралы жауабы жанамалы дәлелдемелерге жатады. Немесе, тінту жүргізу кезінде ұрланған жөніндегі қылмыстық іс бойынша жанамалы дәлелдеме болып табылады.

2. Айыптау пәніне байланысты дәлелдемелер айыптау және ақтау дәлелдемелері болып бөлінеді.

 

Айыптау дәлелдемелері дегеніміз қылмыстың оқиғасын, қылмысты кім жасағандығын, сондай-ақ айыпталушының кінәлілігін, оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайларды көрсететін фактілі деректер болып табылады.

Ақтау дәлелдемелеріне қылмыстың болғандығын, қылмыстық жауапқа тартылған адамның айыпты емес екендігін, сондай-ақ оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды көрсететін деректер жатады..

3. Дәлелдемелердің қалыптасуы ретіне қарай, олар алғашқы және туынды болып бөлінеді.

 

Алғашқы дәлелдемелер деп іске маңызы бар мән-жайларды тікелей өздері қабылдаған қайнар көздерден алынған фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің немесе жәбірленушінің өз көздерімен көрген немесе тікелей өздері естіген істің мән-жайлары туралы нақты жауаптары алғашқы дәлелдемелер болып табылады.

 

Туынды длелдемелер деп тікелей өздері қабылдаудың негізінде емес, бірақ алғашқы қайнар көздер арқылы пайда болған фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің басқа адамнан естіп білген істің мән-жайлары туралы жаубы немесе құжаттың көшірмесі, сондай-ақ қылмыстың оқиғасы болған жерде табылған іздердің көшірмелері туынды дәлелдемелерге жатады.

Қылмыстық іс жүргізу кезіндегі дәлелдеу процесіне ҚІЖК-нің 16-тарауы арналған. Бұл тараудың негізінде дәлелдеу процесінің мәні мен мазмұны, оның құрылымын және қандай элементтерден тұратындығын біле аламыз.

Дәлелдеу қылмыстық процесс субъектілерінің істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатымен заңмен белгіленген тәртіпті сақтай отырып атқаратын дәлелдемелерді жинау, зертеужәне бағалап қолдану қызметі болып табылады. Осы ұғымға сай қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі мына элементтерден құрылады деп қаралады: 1) дәлелдемелерді жинау, 2) дәлелдемелерді зерттеу, 3) дәлелдемелерді бағалап қолдану. Дәлелдеу процесінің бұл элементтері оның сатылары деп аталады.

Дәлелдемелерді жинау. ҚІЖК-нің 122-бабында дәлелдемелерді жинаудың амалдары және кімдер оны жүзеге асыра алатындығы көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып дәлелдемелерді жинаудың мынадай амалдары мен жолдары болады:

1. тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу;

2. процессульдық амалдарды қолдану;

3. қорғаушының өз өкілеттілігінің шеңберінде қылмыстық іске маңызы бар мәліметтерді жинауы және дәлелдемелер тапсыруы;

 

4. сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, жеке айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сондай-ақ кез-келген азаматтар мен ұйымдардың дәлелдеме ретінде маңызы бар мәліметтерді, заттарды және құжаттарды қылмыстық іс жүргізу органына өз еріктерімен тапсырулары.

Дәлелдемелер жинау ҚРҚІЖК көзделген тергеу және сот iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа дейiнгi iс жүргiзу және сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекiтудi және алуды қамтиды.

Тараптардың өтiнiштерi бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзуiндегi қылмыстық iс бойынша ҚРҚІЖК белгiленген тәртiппен жауап алу үшiн немесе сарапшы ретiнде қорытынды беру үшiн кез келген адамды шақыруға; ҚРҚІЖК көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың iс үшiн маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етудi талап етуге; уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi талап етуге құқылы.

ҚРҚІЖК белгiленген тәртiппен iске қатысуға жiберiлген қорғаушы заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi дәлелдердi ұсынуға және мәлiметтердi жинауға, оның iшiнде олардың келісімімен адамдардан сұрауға, сондай-ақ он күн ішінде ол құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi ұйымдардан анықтамалар, мiнездемелер және өзге де құжаттар сұратып алуға; қорғауындағы адамның келiсiмiмен заң көмегiн көрсетуге байланысты туындаған шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша арнаулы бiлiмi бар адамдардың пiкiрiн сұрауға құқылы. Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дәлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мәлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.

Дәлелдемелерді бекіту мәселесіне ҚІЖК-нің 123-бабы арналған. Дәлелдемелерді бекітудің басты амалы хаттама жазу болып табылады. Мәселен, куәдан жауап алғанда тергеуші хаттама жазып, оны жауап берген адам және тергеушінің өзі қол қойып растайды. Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.

Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiмдер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады. Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.

Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады.

Дәлелдемелерді зерттеу. ҚІЖК-нің 124-бабына сәйкес, тергеуші және анықтаушы, прокурор, сот дәлелдемелерді жан-жақты және объектівті зерттеп қолданулары тиіс. Осыған байланысты, бұл бапта дәлелдемелерді зерттеудің мынадай тәсілдері көрсетілген: 1) дәлелдемелерді талдау; 2) дәлелдемелерді басқа дәлелдемелермен салыстыру; 3) қосымша дәлелдемелер жинау; 4) дәлелдемелердің алу көздерін тексеру.

Дәлелдемелерді бағалау. ҚІЖК-нің 125-бабына сәйкес, әрбір дәлелдеме іске қатыстылығы, қолдануға болатындығы, шындыққа жататындығы, ал жиналған дәлелдемелердің жиынтығы қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс. Дәлелдемелерді бағалап қолдану судьяның, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының міндеті болып табылады.

 

Аға оқытушы Мағзамов Д.А.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных