Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау




Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сезiктiнiң, айыпталушының тергелетiн оқиғамен байланысты жерде берген айғақтарын тексеру мен нақтылау:

- айғақтардың растығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау;

- тексерiлетiн iс-әрекет болған бағытты және орынды анықтау;

- жаңа нақтылы деректердi анықтау мақсатында жүргiзiледi.

Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау бұрын жауап алынған адам зерттелiп отырған оқиғаның жай-жапсары мен мән-жайларын оқиға болған жерде жаңғыртуы; iс үшiн маңызы бар заттарды, құжаттарды, iздердi тауып, көрсетуi; белгiлi бiр iс-қимылды бейнелеп көрсетуi; зерттелiп отырған оқиғада қандай заттардың қандай рөл атқарғанын көрсетуi; оқиға болған орынның өзгеруiне назар аудартуы; өзiнiң бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады. Бұл әрекеттерге сырттан қандай да бiр араласуға және жетекшi сұрақтар қоюға жол берiлмейдi. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау куәгерлердiң қатысуымен, қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргiзiледi. Оқиға болған жерде бiрнеше адамның айғақтарын бiр уақытта тексеру мен нақтылауға жол берiлмейдi. Айғақтарды тексеру мен нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерiлетiн бағыт пен орынды ерiктi түрде көрсетудi ұсынудан басталады. Айғақтар айтылғаннан кейiн және iс-қимылдарды бейнелеп көрсеткеннен кейiн айғақтары тексерiлiп отырған адамға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бұл адам, сондай-ақ iске қатысушы өзге адамдар жүргiзiлiп отырған тергеу әрекетiне байланысты өздерiнен қосымша жауап алуды талап етуге құқылы. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау барысында табылған, iс бойынша дәлел ретiнде маңызы болуы мүмкiн заттар мен құжаттар алынып, буып-түйiледi және олар мөрмен бекiтiледi; оларды алу фактiсi хаттамада көрсетiледi.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных