Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тергеу экспериментi




Тергеу экспериментi iс үшiн маңызы бар мәлiметтердi зерттелiп отырған оқиғаның белгiлi бiр әрекеттерiн, жай-жапсарын, мән-жайларын қайта жаңғырту және тәжiрибе жүргiзу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргiзiледi. Эксперимент жүргiзу кезiнде, атап айтқанда, әлде бiр фактiлердi қабылдау, жекелеген әрекеттердiң жасалу, әлде бiр оқиғаның болу ықтималдығы тексерiлуi, сондай-ақ болған оқиғаның ретi және iздердiң пайда болу тетiгi анықталуы мүмкiн.

Тергеу экспериментi куәгерлердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда тергеу экспериментiне өздерiнiң келiсiмi бойынша сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, куә, маман, сарапшы және тәжiрибелiк iс-қимылдарды жүргiзетiн адамдар қатыстырылуы мүмкiн. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаты мен жүргiзiлу тәртiбi түсiндiрiледi.

Тергеу экспериментiн жүргiзуге оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрiлмегенде, олардың ары мен намысына нұқсан келтiрiлмегенде, оларға материалдық зиян болмағанда жол берiледi.

Тергеу экспериментi қайта жаңғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттер болған жағдайларға барынша ұқсас жағдайларда жүргiзiледi.

Қажет болған жағдайларда тергеу экспериментiн жүргiзген кезде суретке түсiру, дыбыс және бейнежазба, киноға түсiру жүргiзiледi, басқа ғылыми-техникалық құралдар қолданылады, жоспарлар, схемалар, сызбалар жасалады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных