Главная
Популярная публикация
Научная публикация
Случайная публикация
Обратная связь
ТОР 5 статей:
Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия
Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века
Ценовые и неценовые факторы
Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка
Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы
КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Басты сот талқылауының хаттамасы
1. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi. 2. Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары да сот отырысының хаттамасына қоса беріледі және істің материалдарымен бірге сақталады. Осындай жағдайларда, хаттаманың бір бөлігі соттың құрамын және бүкіл сот талқылауында ғылыми-техникалық тіркеу құралдарының қолданылғаны туралы көрсетіле отырып, қысқаша түрде жазбаша жасалады. 3. Егер сот талқылауын дыбыс-, бейнежазу қолданылмаған болса, қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамада: басты сот талқылауының күнi мен датасы, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi әрекеттерi, iске қатысатын адамдардың арыздары, қарсылықтары және өтiнiшхаттары; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарған қаулылары; қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылғанын нұсқаулар; iске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлгені; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; жауап алуға қатысқан адамдардың сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот отырысында жүргiзiлген қарап-тексерулердің және дәлелдемелердi зерттеу жөнiндегi басқа әрекеттердiң нәтижелерi; азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, өзге де қатыгез немесе адами қадыр-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың қолданылғаны туралы арыздарды қарау нәтижелері және оларды зерттеу процесі; iске қатысатын адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерді нұсқау; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмнiң жарияланғаны және оған шағым жасау тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы белгі көрсетiледi. Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада егер сотты құрметтемеушілік орын алған болса, оны куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қатысты қолданған ықпал ету шаралары туралы да көрсетiледi. 4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiн – бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға, сондай-ақ тұтас хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Тараптардың өтінішхаты бойынша хаттаманың дайын болған бөлігі дайын болуына қарай беріледі. 5. Сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында келіспеушiлiк болған кезде, соңғысы өзiнiң қарсылықтарын жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен, оның ішінде, сот отырысының дыбыс-, бейнежазбаларымен бiрге хаттамаға қоса беруге құқылы. 6. Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және олардың онымен және дыбыс-, бейнежазба материалдарымен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге мiндеттi. 7. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және дыбыс-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазбасымен таныстыру жөнiнде өтiнiшхат беруге құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiшхат мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. 8. Сот тараптардың немесе осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|