ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бірінші сот инстанциясында іс жүргізуАудандық және оған теңестiрiлген сот бiрiншi сатыдағы соттар ретiнде iс-қимыл жасайды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына: 1) облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы; 2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында және үшінші бөлігінің в) тармағында), 121-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында және үшінші бөлігінің в) тармағында), 122, 124, 131, 132, 133, 134, 135-баптарында, 136-бабында (бірінші бөлігінде), 137, 138, 139-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатқызылады. Облыстық және оған теңестiрiлген соттар бiрiншi, апелляциялық қадағалау сатысы ретiнде әрекет жасайды. Жасалғаны үшiн қылмыстық заңмен өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 96-бабы (екiншi бөлiгi), 156-бабы (екінші бөлігі), 159-бабы (екiншi бөлiгi), 160-бабы, 162-бабы (төртiншi бөлiгi), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшiншi бөлiгi), 368-бабы (үшiншi бөлiгi), 369-бабы (үшiншi бөлiгi), 373-бабы (үшiншi бөлiгi), 374-бабы (үшiншi бөлiгi), 375-бабы (үшiншi бөлiгi), 380-бабы (үшiншi бөлiгi), 383-бабы, сондай-ақ Жоғарыда аталған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейiн жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бiрiншi саты бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың соттауына жатқызылады. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына, сондай-ақ нақ сол соттың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау шағымдары, наразылықтары бойынша iстердi қарайды. КІЖК-нде көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестiрiлген соттар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстердi қарайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет жасайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестірілген соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне апелляциялық шағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртіппен қарайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы: 1) аудандық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына; 2) облыстық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарған қаулыларына; 3) облыстық және оған теңестірілген соттардың істерді бірінші сатыда қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына; 4) облыстық және оған теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының қаулыларына; 5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚРҚІЖКтің 484-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды. ҚІЖК көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиісті сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды. Қазақстан Республикасы әскери соттарының (судьяларының) қарауына осы тараудың ережелерiне сәйкес мынадай қылмыстық iстер жатады: 1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы; 2) шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер: әскери жиындардан өтуi кезiнде запастағы азаматтар өздерi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң азаматтық қызметкер адамдары жасаған немесе осы бөлiмдер, құрамалар мен мекемелер тұрған жерлерде жасалған барлық қылмыстар туралы; 3) шпионаж туралы. Қылмыстық iс қылмыс жасалған жердегi сотта қаралуға тиiс. Егер қылмыс бiр соттың қызмет жасайтын жерiнде басталып, басқа соттың қызмет жасайтын жерiнде аяқталса, iс тергеу аяқталған жердегi сотта қаралады. Егер қылмыс Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыс жасалған жердi анықтау мүмкiн болмаса, немесе қылмыстар әртүрлi жерде жасалса, iстi тергеу аяқталған жердегi сот қарайды. Бiр адамды немесе адамдар тобын iстерi әртүрлi деңгейдегi соттарда қаралатын бiрнеше қылмыс жасағаны үшiн айыптау кезiнде iс жоғары тұрған сот сатысында қаралады. Егер әскери қызметшiлер немесе осы ҚІЖК-нің 311-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын адамдарға қатысты iстi жеке iс жүргiзу етiп бөлуге болмаса, әскери қызметшiлер немесе осы ҚІЖК-нің 311-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын адамдарға қатысты әскери соттарда қылмыстық iстердi қарауға, олар iсi әскери соттарда қаралатын әскери қызметшiлермен немесе басқа адамдармен бiрге қылмыс жасалғаннан басқа жағдайларда жол берiлмейдi. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстарды кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасаған адамдарға қатысты қылмыстық істер, оларды жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жатады. Қылмыстарды кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасаған әскери қызметшілерге қатысты қылмыстық істер, оларды жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына жатады. Егер сот келiп түскен iстiң өзiнiң қарауына жатпайтынын анықтаса, онда iстi соттың қаралуына жатқызылуы бойынша жiбередi. Егер ҚІЖК-нің 314-бабында көзделген iстiң аумақтық сот қаралуына жатқызылуы ережелерiн бұзушылық басты сот отырысында анықталса, онда процестiң барлық қатысушыларының келiсiмiмен сот iстi өзiнiң iс жүргiзуiнде қалдыруға құқылы. Егер iстiң жоғары тұрған немесе әскери соттың қарауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда сот қаралуына жатқызылуы бойынша жiберiлуге тиiс. Жекелеген жағдайларда, iстi мейлiнше тез, жан-жақты және объективтi қарау мақсатында ол тараптардың өтiнiшi немесе келiсiмi бойынша бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн. Бұл ретте iстi беруге оның сот отырысында қаралуына дейiн ғана жол берiледi. Тараптың өтiнiшi, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша iс, сондай-ақ егер белгiлi бiр соттың барлық судьяларына бөгет болып отырған жағдайларға байланысты iстi қарауға мүмкiндiгi болмаса, бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн. Соттардың арасындағы сот қаралуына жататындығы туралы дауларды жоғары тұрған сот шешедi, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және ол шағымдануға жатпайды. Тараптардың бұл сотта iстiң қаралуға жатпайтындығы туралы арыздарын сол сот шешедi. Тарап (тараптар) iстiң сот қарауына жатпайтындығы туралы арыздарын қанағаттандырмай тастау туралы сот қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн, ал оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және оған шағым жасауға, наразылық бiлдiруге болмайды. Қылмыстық iс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi. Судья келіп түскен іс бойынша: 1) басты сот талқылауын тағайындау; 2) істі алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда: 1) қаулының шығарылған уақыты мен жерi; 2) қаулы шығарған судьяның лауазымы мен тегi; 3) қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс. Шешiм iс сотқа келiп түскен сәттен бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Судья қаулы шығарумен бiр уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға мiндеттi. Судья сот отырысын тағайындаудың мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды: 1) iстiң аталған соттың қарауына жататындығын; 2) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын; 3) анықтау және алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде сот мәжiлiсiн тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын бұзуға жол берiлген-берiлмегендiгiн; 4) айыптау қорытындысының немесе айыптау хаттамасының көшiрмесi берiлген-берiлмегендiгiн; 5) айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жатпайтындығын; 6) қылмыспен келтірiлген залалды өтеудi және мүлкiн ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын; 7) арыздар мен өтiнiштердiң қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын анықтауға тиiс. Судья істі қосымша тергеуге қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, істі соттылығы бойынша жіберу, істі қысқарту, қылмыстық істерді біріктіру туралы шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды. Істi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде ҚРҚІЖКтiң процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы: 1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi; 2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi; 3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi; 4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi; 5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi; 6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн; 7) заң оның iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешiмдi; 8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтi; 9) ҚРҚІЖК көзделген жағдайларда iстi соттың жабық отырысында қарау туралы шешiмдi; 10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi; 11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс. Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін. Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша: 1) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; 2) айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
Аға оғытушы Мағзамов Д.А.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|