Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулылырын қайта қарау.




Тараптар заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес апелляциялық тәртіппен шағым жасауы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкiмге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге және оның өкiлiне тиесiлi. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi үкiмге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде шағым жасауға құқылы. Наразылық бiлдiру құқығы iстi қарауға мемлекеттiк айыптаушы ретiнде қатысушы прокурорға тиесiлi. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары iстi қарауға қатысуына қарамастан өз құзыретi шегiнде үкiмге наразылық бiлдiруге құқылы.

Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы қарайды. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.

Шағымдар, наразылықтар үкiм қабылдаған сот арқылы берiледi. Апелляциялық сатыларға тiкелей келiп түскен шағымдар, наразылықтар ҚІЖК 420-бабының және 421-бабының екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкiм қабылдаған сотқа жiберуге жатады. Iстi екiншi қайтара қараған кезде шығарылған үкiмге жалпы тәртiпте шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылықтар апелляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады. Үкiмге шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iс соттан талап етiле алмайды. Мерзiмi өткеннен кейiн берiлген шағым, қарсылық қараусыз қалдырылады.

Шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiм дәлелдi себептермен өтiп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар үкiмдi қабылдаған сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасай алады. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi iстi сот талқылауы кезiнде төрағалық етушi судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжiлiсiнде қарайды, ол өтiнiштi қозғаған адамды түсiнiк беру үшiн шақыртуға құқылы. Ӛтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруден бас тарту туралы судьяның қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн, ол өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруге және ҚІЖК-нің 401-бабында және 421-бабының екiншi бөлiгiнде баяндалған талаптарды сақтай отырып шағым, наразылық бойынша iстi қарауға құқылы.

Үкiмдi қабылдаған сот шағым беру немесе наразылық бiлдiру туралы сотталушыны немесе ақталушыны, қорғаушыны, айыпталушыны, жәбiрленушiнi және оның өкiлiн, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерiн қозғайтын болса, азаматтық талапкердi, азаматтық жауапкердi немесе олардың өкiлдерiн хабардар етедi. Шағымның, наразылықтың көшiрмесi аталған адамдарға беру мерзiмi көрсетiле отырып оларға жазбаша түрде қарсылық беру мүмкiндiгi түсiндiрiлiп жiберiледi.

Шағымға, наразылыққа келiп түскен қарсылық iске тiгiледi. Тараптар шағым, наразылық негiздерiн не басқа тараптың шағымына, наразылығына қарсы жазылған қарсылық негiздерiн растау үшiн сотқа жаңа материалдар табыс етуге немесе, егер iс апелляциялық тәртiпте қаралатын болса, өздерi атаған куәгерлер мен сарапшыларды сотқа шақыру туралы өтiнiш жасауға құқылы.

Шағым беру және наразылық бiлдiру үкiмнiң орындалуын тоқтата тұрады. Бiрiншi сатыдағы сот үкiмге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтiру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, ҚІЖК-нің 420-бабының талаптарын орындайды, содан кейiн істi келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жiбередi және процеске қатысушыларға iстiң апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды. Үкiмге шағымданған, наразылық бiлдiрген адам өзiнiң шағымын, наразылығын апелляциялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын жоғары тұрған прокурор да керi қайтарып алуы мүмкiн. Үкiмге шағымданған, наразылық бiлдiрген адам сот отырысы басталғанға дейiн өзiнiң шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы мәлiмдемесiнде, сол сияқты жәбiрленушiнiң, жеке айыптаушының немесе олардың өкiлдерiнiң үкiмге шағымдану және наразылық бiлдiру мерзiмi өткеннен соң берiлген қосымша шағымында, егер мұндай талап бастапқы наразылықта немесе шағымда болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиiс.

Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына ҚІЖК-нің 414-бабында көрсетiлген адамдар жеке шағым жасауы, наразылық бiлдiруi мүмкiн. Дәлелдердi тексеру тәртiбiне, процеске қатысушылардың өтiнiштерiне, сондай-ақ сот мәжiлiсi залында тәртiп сақтауға, ҚІЖК-нің 10-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелерге қатысты, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны қоспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды. Жоғарыда аталған шешiмдерге қарсылық бiлдiру үкiмге апелляциялық тәртiпте шағымдану немесе наразылық бiлдiру кезiнде жазылуы мүмкiн. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешiм шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу ережелері бойынша қаралады. Қарау нәтижелерi бойынша шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы не шағымданған шешiмдi жою немесе өзгерту туралы қаулы шығарылады. Үкiм шығарумен аяқталған сот талқылауы кезiнде шығарылған қаулыға шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iс жоғары тұрған сот сатысына үкiмге шағымдану үшiн белгiленген мерзiм өткен соң ғана жiберiледi. Бұл ретте, егер үкiмге апелляциялық шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiпте қарайтын сол сот сатысы жүргiзедi. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ, егер қаулы олардың мүдделерiне қатысты болса, бұл iсте тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.

Апелляциялық тәртiпте iстi қарайтын сот үкiмнiң заңдылығын, негiздiлiгiн, әдiлдiгiн тек үкiмге шағым берiлген немесе наразылық бiлдiрiлген бөлiгiнде және тек шағым немесе наразылық бiлдiрiлген сотталушыларға қатысты ғана тексередi. Егер iстi қараған кезде заңсыз үкiмнiң қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы белгiлi болса, сот ҚРҚІЖК көзделген ережелердi сақтай отырып, үкiмдi сондай-ақ шағым берiлмеген, наразылық бiлдiрiлмеген бөлiгiнде де және шағым бермеген, наразылық бiлдiрмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.

Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi. Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту қылмыстық iстер жөнiндегi тиiстi сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Апелляциялық шағымда, наразылықта:

1) шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы;

2) iс жүргiзiлгендегi жағдайы, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi көрсетiле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтiрген адам туралы деректер;

3) шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырған үкiм немесе қаулы және осы шешiмдi шығарған соттың атауы;

4) үкiмге, қаулыға толық немесе оның бiр бөлiгiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету;

5) шағым, наразылық келтiрген адамның пiкiрiнше сот үкiмiнiң, қаулысының дұрыс еместiгi неде екендiгi жөнiндегi дәлелдерi және оның өтiнiшiнiң мәнi;

6) арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;

7) шағымға, наразылыққа қоса тiркелiп отырған материалдардың тiзбесi;

8) шағым, наразылық келтiрiлген күн және шағым, наразылық келтiрген адамның қолы болуға тиiс.

Жасалған шағым, келтiрiлген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берiлген деп есептеледі, бiрақ аяғына дейiн ресiмдеу үшiн мерзiмi көрсетiлiп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейiн апелляциялық шағым, наразылық аталған мерзiм iшiнде сотқа табыс етiлмесе, олар берiлмеген болып есептеледi.

Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.

Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту қылмыстық iстер жөнiндегi тиiстi сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгілеу. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық шағымдар жасау мен наразылық білдіруге арналған мерзім біткен соң және ҚРҚІЖК 420-бабының талаптары орындалғаннан кейін істі қараудың жоғары тұрған соттың келісімімен белгіленетін уақыты мен орнын көрсете отырып, істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.Бірінші сатыдағы сот істің қаралатын уақыты мен орны туралытараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді.Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатыға қатысу туралы өтініш түскен кезде, бірінші сатыдағы сот істі сотталғанның тікелей қатысуымен не ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.

Апелляциялық сатыда iстi қарау тәртiбi:

Төрағалық етушi сот отырысын ашады, қандай iс және кiмнiң апелляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейiн төрағалық етушi сот құрамын, iс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды. Төрағалық етушi отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда iстi қараған кездегi iс жүргiзу құқықтарын түсiндiредi.

Төрағалық етушi тараптардан олардың бас тартуы мен өтiнiмдерiнiң бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлiмделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот оларды қараудың нәтижелерi бойынша қаулы шығарады.

Істі қарау іске қатысушылардың апелляциялық (жеке) шағымдарының, наразылықтарының себептері мен дәлелдерін білдіретін пікірлерін, оларға білдірілген қарсылықтарды ескере отырып олардың сөз сөйлеу ретін анықтаудан басталады. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөйлейді.

Апелляциялық шағымдарда немесе наразылықта келтiрілген дәлелдердi растау немесе терiске шығару үшiн сөз сөйлеушiлер iстi қарау басталғанға дейiн апелляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттiгi неге байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi. Қосымша материалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәлiметтер бiрiншi сатыдағы соттың қосымша тексеруi мен бағалауын керек етпесе, үкiмдi, қаулыны өзгертуге негiз болуы мүмкiн. Ӛзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкiмiнiң, қаулысының күшiн жойып, iстi бiрiншi саты бойынша жаңадан қарауға жiберуге негіз бола алады.

Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге негiздер мыналар:

1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;

2) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi;

3) қылмыстық iс жүргiзу заңының едәуiр бұзылуы;

4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных