ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ӨКІЛДЕРІҚұмырсқа қышқылы НСООН өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Құмырсқалардың бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат, сонымен қатар ол шырша жапырақтарында, қалақайда болады. Қалақайдың денеге тигенде ашытуы құмырсқа қышқылының әсеріне байланысты. 39-суретте құмырсқа қышқылы молекуласының масштабты моделі берілген. Өнеркәсіпте құмырсқа қышқылын алу үшін әуелі көміртек (ІІ) оксиді мен натрий гидроксидін әрекеттестіріп, алдымен нартий формиатын алады. Алынған тұзды күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде, құмырсқа қышқыл түзіледі: Бұл жерде біз бейорганикалық заттардың органикалық заттарға ауысуының тағы да бір мысалын көреміз. Бірнегізді қаныққан карбон қышқылдарының ішіндегі салыстырмалы түрде күштісі – құмырсқа қышқылы, ол индикатордың түсін өзгертеді. Метан қышқылының басқа карбон қышқылдарынан ерекше қасиеті құрылысына байланысты. Құмырсқа қышқылы құрамында альдегид тобы да болғандықтан, альдегидтерге тән реакцияларға түсіп, күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді: Құмырсқа қышқылының 1,25%-тік спирттегі ерітіндісі ревматизм ауруларын емдеу үшін медицинада қолданылады. Күшті тотықтырғыш қасиетіне байланысты өнеркәсіпте хош иісті заттар мен еріткіштер ретінде пайдаланылатын күрделі эфирлер алу үшін, тері өңдеуде, тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Сірке қышқылы СН3СООН өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. 40-суретте сірке қышқылы молекуласының моделі көрсетілген. Сірке қышқылы өсімдіктерден, жануарлардан бөлініп шығатын әртүрлі заттардың құрамында кездеседі. Көптеген органикалық заттар тотыққанда, шірігенде, тағам өнімдері, шарап ашығанда сірке қышқылының сұйытылған ерітіндісі түзіледі. Сусыз сірке қышқылын мұзды сірке қышқылы деп атайды, себебі 16С-та ол қатып, мұзға ұқсас кристалл түзеді. Сірке қышқылының 70-80%-тік ерітіндісі сірке эссенциясы, ал 6-9%-тік сулы ерітіндісі асханалық сірке суы деп аталады. Ол әртүрлі тағамдық заттарды тұздап, консервілеу үшін қолданылады. Сірке қышқылы – құмырсқа қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл. Индикатордың түсін әлсіз өзгертеді. Құмырсқа қышқылы сияқты тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. Сірке қышқылы техникада ағашты термиялық айыру арқылы және құрамында спирті бар заттарды ашыту арқылы алынады. Химия өнеркәсібінде синтездік жолмен сірке қышқылын алу үшін әртүрлі әдіс пайдаланылады. Мысалы, этиленнен және ацетиленнен түзілген сірке альдегидін, бутанды тотықтырып және метанолды карбонилдеп алады: Сірке қышқылы бояу өнеркәсібінде, медицинада дәрі-дәрмек жасауда, жасанды талшық – ацетат жібегін алу үшін және тамақ өнеркәсібңнде қолданылады (21-сызбанұсқа). Сірке қышқылының тұздары мен күрделі эфирлері еріткіштер, хош иісті заттар, бояулар, ауыл шаруашылығында арамшөптерге қарсы күресетін гербицидтер ретінде кеңінен пайдаланылады. Пальметин қышқылы С15Н31СООН және стеарин қышқылы С17Н35СООН. Иіссіз, суда ерімейтін қатты заттар. Құрамында 10-нан астам көміртек атомдары болатын, түзу тізбекті жоғары карбон қышқылдары. Бұл қышқылдар өсімдіктер мен жануыарлар майлары құрамында глицериннің күрделі эфирі түрінде кездеседі және балауызда болады. Сондықтан бұл қышқылдарды майлар гидролизі арқылы бөліп алады немесе стеарин қышқылын олеин қышқылынан гидрлеп алады. Мысалы: С17Н33СООН + H2 = С17Н35СООН Олеин қышқылы стеарин қышқылы Кейінгі кездерде бұл қышқылдарды синтездік жолмен қаныққан көмірсутектерді тотықтырып алады. Тотығу реакциясы спирт, альдегид және кетондардың аралық қосылыстарын түзе жүреді. Бұл қышқылдар органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Сілтінің судағы ерітіндісімен әрекеттесіп, тұз түзеді:
С17Н35СООН + NaOH = С17Н35СООNa + H2O Стеарин қышқылы натрий стеараты (сабын) Мұндай тұздар сабын деп аталады. Карбоксилтобындағы оттекпен сутек арасындағы байланыс спирттерге қарағанда әлсіз, сондықтан сулы ерітіндіде карбон қышқылы протонды бөліп, қышқылдық қасиет көрсетеді. Карбон қышқылдары әлсіз қышқылдар. Карбон қышқылдары бейорганикалық қышқылдарға тән реакцияларға түсіп, белсенді металдармен, металл оксидімен, гидроксидімен, тұзбен әрекеттеседі. Сонымен қатар көмірсутектер радикалы бойынша да реакцияласады. Құмырсқа, сірке қышқылдары және олардың тұздары мен эфирлері күнделікті өмірде және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|