ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Анықпаған бірнегізді қышқылдар өкілдері.Акрил(пропен) қышқылы. Өткір иісті сұйық зат. Құрамындағы еселі байланыс және карбоксил тобы бойынша химиялық реакцияларға түседі. Акрил қышқылы эфирлерінің маңызы зор, олар полимерлер алу үшін қолданылады. Акрил қышқылының нитрилін полимерлеп, нитрон синтездік талшығын алуда қолданылатын полимер- полиакрилонитрил алынады: Метакрил (2-метилпропен) қышқылы CH2 = C(CH3) – COOH Бұл қосылыстың маңызды туындысы- метил эфирі (метилметакрилат) CH2 = C(CH3) COOCH3 Метакрил қышқылы мен оның метилэфирі полимер өндірісінде мағызды мономер ретінде пайдаланылады. Метилметакрилатты полимерленгенде, полиметилметакрилат түзіледі. Полиметилметакрилат техникада органикалық шыны немесе плексиглас деген атпен кең қолданылады. Қанықпаған жоғары қышқылдарға олеин С17Н33СООН, линол С17Н31СООН, линолен С17Н29СООН қышқылдары жатады. Бұл қышқылдар тармақталмаған нормальді тізбекті. ! Құрамындағы көміртек атомдарының саны стеарин қышқылымен С17Н35СООН бірдей болғанымен, қос байланыстары болғандықтан, бірнеше сутек атомына кем. Олеин қышқылының қос байланысы молекуласындағы көміртек атомдарының қақ ортасында орналасқан: СH3 – (CH2)7 – CH2 – CH2 – (CH2)7 – COOH стеарин қышқылы СH3 – (CH2)7 – CH = CH – (CH2)7 – COOH олеин қышқылы Қанықпаған карбон қышқылдарына екі қос байланысы бар линол қышқылы С17Н31СООН және үш қос байланысы бар линолен қышқылы С17Н29СООН жатады: СH3 – (CH2)4 – CH = CH – CH2 – CH = CH – (CH2)7 – COOH линол қыш. СH3 – CH2 – CH = CH – CH2 – CH = CH – CH2 – CH = CH – (CH2)7 – COOH линолен қышқылы Қанықпаған карбон қышқылы майлы сұйық заттар, суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді.
Қанықпаған жоғары карбон қышқылдары күнбағыс, зығыр, зәйтүн, мақта т.б.өсімдік майларының құрамында глицерин түрінде кездеседі. Бұл қышқылдарды глицеридтерін гидролиздеу арқылы алады. Қанықпаған карбон қышқылдары еселі байланысы және карбоксил тобы бойынша реакцияларға түседі. Қанықпаған қышқылдар – тірі организмге өте қажет заттар, қан тамырларының иілімділігін арттырады. Құрамында қос байланыс болғандықтан, қанықпаған қосылыстарға тән реакциялардың бәріне, яғни қосылу, тотығу және полимерлену реакцияларына түседі. Линолен, линол, олеин қышқылдарын толық гидрлегенде, стеарин қышқылына айналады: Бромды суды түссіздендіруі қышқылдардың құрамында еселі байланыс бар екенін дәлелдейді. Қанықпаған карбон қышқылдары карбоксил тобы бойынша қышқылдарға тән реакцияларға түсіп, тұздар мен күрделі эфирлер түзеді. ! Құрамында қос байланыс болғандықтан, оларға алкендер сияқты геометриялық және басқа изомерлену түрлері тән. Олеин қышқылы мысалында қарастырайық:
Олеин қышқылы синтездік көксағыз, тоқыма өнеркәсібінде, олеин сабынын алуға, косметикалық заттар өндіруде, т.б.қолданылады. Оңай тотығатын және полимерленетін болғандықтан, қанықпаған қышқылдар бояу және сырмай жасауға пайдаланылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|