Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Элементар электр зарядтары. Электрлік және магниттік өрістер.




Элементар бөлшектер және антибөлшектер электр зарядтарын ылғи да тасушы болып табылады. М: протон және антипротон. Антибөлшектер массасы – сәйкес бөлшектердің массасына тең және электр заряды теріс болып келеді. Бөлшектердің антибөлшектермен біріккенде антигилляцияға ұшырайды.

Жердің магнит өрісі – Жердің ішкі көздері әсерінен туындаған өріс. Оны кейбір әдебиеттерде геомагниттік өріс деп те атайды.

Заттардың магниттелу қабілеті жайлы мәлімет мыңдаған жыл бұрын Қытайда белгілі болды. Алғаш рет Жердің магнит өрісі туралы деректерді ағылшын дәрігері және философы Уильям Гильберт 1600 жылы “De Magnete” кітабында жазған. Ағылшын астрономы Генри Геллибранд өзінің бақылауында геомагниттік өріс тұрақты емес, ол баяу өзгеріп отыратынын көрсетті. Карл Гаусс Жердің магнит өрісі жайлы теориясын ұсынып, оны 1839 жылы дәлелдеді. Оның пікірінше магнит өрісінің негізгі бөлігі Жерден ішкі бөлігінен шығады, ал оның Жер бетіндегі кішігірім ауытқулары, сыртқы ортамен байланысты деп болжаған.

Магнит өрісінің болуы – Жердің сыртқы ядросында темірмен қаныққан сұйық массасын болуына және Жердің өз өсімен айналуына байланысты. Геомагниттік ағын Оңтүсік жартышардағы (1-сурет) Жердің кіндігінен Солтүстік жартышардағы Жердің кіндігіне бағытталған.

Күн жүйесіндегі планеталардың көбісінде магнит өрісі бар. Жердің магнит өрісі магниттік дипольға ұқсас. Оның орталығы Жердің орталығына қарағанда 180с.е. (солтүстік ендік) және 147,80 ш.б. (шығыс бойлық) бағытында жылжыған. Дипольдың осі Жердің айналым осіне 11,5° бұрышқа қисайған. Географиялық полюстер мен магниттік полюстер арасында да осындай бұрыш бар (2,3,4-сурет). Сонымен қатар, оңтүстік геомагниттік полюс солтүстік жарты шарда орналасқан. Қазіргі уақытта, Жердің солтүстік географиялық полюсі Солтүстік Гренландия маңында орналасқан. Геомагниттік полюс географиялық полюске қарағанда ғасырлық өзгерістер салдарынан шамамен 1200 жыл периодпен өзгереді. Күннен таралатын плазмалық ағын (Күн желі) Жердің магнит өрісін бұрмалап, оның пішінін өзгертеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных